332
Сүлеймен қарақшы
— Екеумiздi Құдай сақтады. Қара Ибанның адамдары ғой
бұлар. Қапыда бiр ұрып, сiлейтiп тастап кетпекшi де. Ойпырмай,
мына шоқпар басыңа тигенде, әй, аман қалуың екiталай едi.
— Қайда қашты сүмелек? Қап, қолыма түссе ғой!
Жан-жақта күдiктi бiр жан жоқ сияқты. Жұрттың бәрi жұмыс
iстеп жатыр.
Ағаш-ағаштың арасынан тасалап, қашып бара
жатқан ешкiм көрiнбейдi. Оның кiм екенiн танымаған соң бiреудi
тап басып ұстау да қиын. Оның үстiне сотталушылардың бәрi
бiрдей киiнген. Қашқынның да бұлардан айырмашылығы жоқ.
— Тфу, иттiң кiм екенiн, қайда кеткенiн де бiлмей қалдық-
ау, — деп Сүлеймен жерге бiр түкiрдi. — Тфу, қара Ибан нағыз
ез екен. Менi алдына алып келуге жандайшаптарын жұмсайды.
Одан қалса, тасадан қару кезенетiн сатқындарын тағы жiбередi.
Еркек болса, өзi келмей ме айқасуға.
— Е-е-е, бұл түрмеде бiз әлi түсiнбейтiн көп нәрсе бар-ау.
— Ерегiскенде бүгiн кешке өзiм барсам ба екен алдына?
Қапелiмде шоқпар сiлтейтiн содырыңды жұмсағанша, өзiң
жекпе-жекке неге шықпайсың деп бассалайын ба?
— Бiздi бiреудiң ұрғанын қалай дәлелдейсiң?
Әрi мұны
ешкiм көрген де жоқ. Бiрлi-жарымы көргенiмен Қара Ибаннан
қорыққанынан куәлiкке жүре қоймас. Қой, алды-артымызды
абайлап, әзiрше жұмыс iстей берейiк. Кейiн не iстейтiнiмiздi
басқа жiгiттермен ақылдасып көрермiз.
Сүлеймен үнсiз араға жармасты. Шынында, Қара Ибанға
өз
аяғымен барса, оған мойынсұнғаны немесе кiшiрейгенi-нiң
белгiсi емес пе? Оның үстiне Ажан айтпақшы, Қара Ибанның
“қапияда өлтiрiп кел” деп адам жұмсағанын қалай дәлелдемек?
Екеуi жұмысқа қайта кiрiстi. Бiрақ түс кезiнде карауыл
солдаттар
дауылпаздарын соғып, ысқырып, тамаққа барар
уақыттың болғанын бiлдiргенше, бағанағы қаскөй қайта келмедi.
Сотталушылардың бәрi бiр сапқа тiзiлiп, алдында асхана
орналасқан орталық баракқа бет алды. Әдеттегiдей барлық
қазақтар бiр топқа жиналып келе жатты. Ажан бағанағы оқиғаны
айтқан кезде Бекмырза:
— Иә, осындай бiр қастандықтың
боларын iшiм сезгендей
едi. Аман қалғандарыңа шүкiр. Ұрған адам өз маңдарыңда iстеп
жүрген бiреу болуы керек, — дедi.
— Әп-сәтте қайда тығылып үлгергенiн бiлмеймiн. Жан-
жақтағылардың бәрi алаңсыз ағаш кесiп жатқан адамдар сияқты
болды.