Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет161/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
да, бiр қолымен Қара Ивандарды көрсете, айқайлап бердi. 
Сүлеймен табағына құйылған сорпа суын қазанға төгiп жiбердi:
— Әй, тағы айтам. Нәлибай!
Ауқат құюшы бас бармағы тығылған саусақтарын тағы 
көрсетiп, “кет әрi” дегендей, ұзын ожаумен мұның iшiнен түрттi. 
Бұған қорланған Сүлеймен сөзге келмей, қолындағы табақпен 
ананың қақ төбесiнен құлаштай бiр соқты. Сонша ауыр соққы 
тиген анау сынып түскен қазықтай, жерге шаншыла құлады.
Заматта жер құша құлаған оның басынан аққан қан өне бойын 
лезде жуып, ақ қарға тамып жатты. Тамақ кезегiн күтiп, айнала 
тұрғандар мына көрiнiске шошып кетiп, гуiлдесе кейiн шегiндi. 
Ал үстел үстiнде ауқаттанып отырғандар тамақ құйғыштың 
кейпiне қарауға дәттерi шыдамай, бастарын төмен тұқыртқан 
күйлерi тым-тырыс. Тыныштықты Сүлейменнiң өзi бұзды.
— Қап, Құдай-ай, бұлай ұрғым келген жоқ едi сорлыны, — 
деп терең бiр күрсiнiп, қолындағы бос табақты анадай жерге 
лақтырды. — Әттең-ай, өзiнен болды-ау. Сәл ғана соққыға қата 
қалғанын қарашы.
Айналадағылар тырп етер емес. Тiптi бiр сөз айтуға жарамай, 
өз орындарында қалшиып қалыпты. Осы кезде төрде отырған 
Қара Иван бiрдеңе деп гүж еттi. Алдында отырғандар дүр етiп, 
орындарынан көтерiлдi де, екi шетке ысырылды. Сүлеймен солай 
қарай көз тастады. Бағаналы берi адамдардың тасасынан жөндi 
көрiнбей отырған Қара Иванның бет-әлпетiн ендi анық көрдi. 
Бұқаның танауындай болып көрiнетiн кең танауы салбырап, 
алақандай екi көзi шатынап бұған қадалып отыр екен. Аузына 
апара берген сүйектiң етiн не жерiн, не тастап жiберерiн бiлмей 
қатуланған ол, Сүлейменмен көзi түйiсiп қалғанда тағы да баж 
еттi. Сол-ақ екен, оң жақтағы отырған бiр серiгi тұра келiп, 
үстiндегi қара күпiсiн шешiп, берi қарай жүрдi. Бет-аузын қалың 
сақал басқан пәленiң жүзi зәрдей суық. Бойы бұдан биiк. Тiстене, 
екi қолын ысқылай аюша қорбаңдап, бұған жақындады. Оның 
алп-алп басқан қадамынан үрейлерi ұшқан бергi жақтағылар 
да кейiн ысырылды. Бiр сәтте мыжғылап тастай салатындай 
болған анау, кейiн ысырылғандардың iшiнен бойы кiшкене 
келген бiреудiң желкесiнен шап берiп ұстай алды. Ол сорлының 


336
Сүлеймен қарақшы
үнi шықпай, босанбақ ниетпен ананың қолына жармасты. Бiрақ 
қарсыласқанын шопақ құрлы көрмеген дәу, оны көтерiп алды 
да, бұған қарай лақтырып жiбердi. Қаңбақша лақтырылған 
сорлы Сүлейменге бар денесiмен сарт еттi. Бұл екi қолын 
тосып үлгерген. Қағып алуға мұршасы келмедi. Ол сылқ етiп, 
қазандағы ыстық сорпаға түсiп кеттi. Артынша жандаусы шығып, 
қазаннан секiрiп шығып, қарға аунай бақырып жатты. “Екi түйе 
сүйкенсе, ортасында шыбын өледi” дегендей, байғұс бекерден-
бекер сорпаға түсiп, күйiп қалды. Нақақтан-нақақ жазым болған 
оны аяп кетiп, орнынан көтере бергенде, анау бұған таяп келiп, 
ошақтың басында жатқан ұзын ожауды ала салды да, Сүлеймендi 
қойып жiбердi. Бұл бiр шетке қарай жалтарып үлгердi. Ауа 
құшқан ұзын ожау жанына күйiгi батып, жерде бақырып жатқан 
әлгi жазғанның иегiне тидi. Оның заматта үнi өштi.
Бостан-босқа ажал құшқан оған қарап, жүрегi езiлiп кеткендей 
болды. Оны өлтiрген ананы ендi тiрi қоймастай қаһарланып, 
ақырып барып қолындағы ұзын ожауға шап бергенде, дәу кейiн 
шегiндi. Алайда қолындағысын ұстап тұруға амалы болмады ма, 
әлде Сүлейменнiң жұлқа тартқан ерен күшiне шыдас бермедi ме, 
әйтеуiр ожаудан оп-оңай айырылды. Сүлеймен ақырып тұрып, 
оның басынан ожаумен салып қалды. Анау мандайына шоқпар 
тиген бұқадай екi көзiн жұма, басын шайқап-шайқап тұрды. 
Сосын дәу денесiн екi аяғы ұстап тұра алмай, тiзесi бүгiлiп, 
шөге бердi. Сүлеймен ожаумен бастан тағы бiр соқты. Осының 
бәрi көздi ашып-жұмғанша уақытта болды. Сүлеймен екiншi рет 
ұрғанда, ожаудың жуан сабы сынып түстi. Дәу ақырын шөккен 
бурадай, дыбыс шығаруға әлi келмей, әбден аяққа тапталып, мұз 
қатқаққа айналған қарға тұмсығымен етпеттей құлады.
Қаумалай тұрғандар осы сәт гу етiстi. Өз серiгiнiң серейгенiн 
көрген Қара Иван орнынан ұшып тұрып, үстелдi жұдырығымен 
төбелеп, ақырып бердi. Үстел үстiндегi тағамдар жерге 
шашылып, тақтай сынып кеттi. Жанында тұрған тағы бiр дәу 
оны иығынан ұстай алып, бiрдеңелердi айтты. Сiрә, жұбатқан 
болуы керек. Қара Иван оған қарап тұрып, Сүлеймендi нұсқай 
дiк-дiк еттi. Жанындағысы сыртқы киiмiн сыпырып тастап
ортаға атып шықты. Онысы да әлгiден кем емес. Одан жуандау 


337


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет