346
Сүлеймен қарақшы
V
Айдан аса уақыт өткенде, Сүлеймен Тәшкенге жеттi. Түрме
қақпасынан шыққанда “бастық қулық ойлап, жолай солдаттарға
бiздi аттырып тастайтын шығар” деген қаупi бос екен. Төрт қарулы
солдат орман iшiмен бiр жарым күн айдап,
қолдарына әлдебiр
қағаз, аз ғана ақша ұстатып, пойызға салып жiберген. Пойызға
мiнгенде жылпос Микайдың қуанғанын айт. Мұны құшақтап,
қайта-қайта сүйе берген. Шошқа артқан жамау-жасқаулы тесiк
вагонның суығын елемей, әйтеуiр түрмеден құтылғандарына
қуанған екеуi он бес күнде Семейге жеттi. Микай сонда қалып,
Сүлеймен басқа пойызға ауысқан. Содан жүре-жүре, мiне,
Тәшкенге де жеттi. Жолда бұдан құжат сұрап, ешкiм мазаламады.
Тек Шымкент стансасында бiр мiлиса бұған ұзақ қарады.
Өзіне
ол да таныс көрiнген. Бiрақ қай жерде көргенiн есiне түсiре
алмады. Ал мiлиса жақындауға батпады-ау деймiн, қарап-қарап
тұрып, басын шайқады да ары кеттi. “Қазiр қасына бiреулердi
ертiп келiп, мазамды алатын шығар” деп қобалжып едi бұл. Жоқ,
мiлиса сол кеткеннен зым-зия жоғалды.
Бiр ай бойы “Тәшкенге жетсем, баяғыда Қоқанда өзi өлтiрмей
жiберген, ақырында қан iшiсiп, анда-дос болған Құрақты iздеп
табайын. Күн көруiме сол жәрдемдесер. Бәрi жақсы болып,
жолыма аз-маз пұл тауып алсам,
Қоқанға барып, Дилданың
жағдайын бiлейiн” деп ойлап келген. Тәшкенде күн жылы.
Жайқалған көктем. Мұнда жеткесiн, бiрден Өрiкзар маңындағы
“Алай” базарына барып, Андақұл, Сыбанқұл деген делдалдарды
iздеп тапты. Олардан Құрақты сұрады.
— Құрақтың кiмi боласың? — дедi өзiн Сыбанқұлмын деп
таныстырған түрi сартқа ұқсас ұзын бойлы делдал. — Танысың
ба, әлде жекжатың ба?
— Қазығұрт жақтан келген жекжаты едiм. Атым — Сүлеймен.
— Онда, Сүлеймен, ертең кел. Мен оған хабар берейiн.
— Тәшкенде қонатын жерiм жоқ. Бүгiн-ақ ертiп барсайшы.
Болмаса айт, қай көшеде тұратынын.
— Түрiңе қарасам, кiсi қорқатындай адам екенсiң. Сенiң кiм
екенiңдi бiлмей жатып, оған ертiп бара алмаймын. Жататын жерiң
жоқ болса, бiр күнге амалда. Анау шайхананың жанында қонақүй
бар. Жамбаспұлын берсең, неше күн десең де жатқызады.
347
Сүлеймен қарақшы
— Уай, соған төлейтiн жамбаспұлым да болмай тұр.
Шайханшықты танысаң, бiр күн жатқыза тұр. Қарызымды ертең
Құрақтың өзi-ақ төлер.
— Ол сорлы қарызыңды төлеуге қайдан шамасы келсiн.
Жатқан жоқ па, төсекке таңылып. Әй, қойшы, Шымкент жақтан
келетiн аш-жалаңаш сұраншақтардың тыйылғаны кеше ғана
едi. Әлi
елдерiңдi аштық пен жұт жайлап жатыр ма? Пұлың жоқ
болса, жатпайсың ба ауылыңда, құйрығыңды қысып. О несi-ай,
бұрыннан танитындай маған жабыс-қаны. Қонақүйге
баруға
пұлың болмаса, ат қораға бар. Бiр түн шөп төсенiп жатсаң да
өлмейсiң.
Тәшкендi өз елi санап келген. Iлгерiде бiраз уақыт тұрғанымен,
бұл қаланы жақсы бiлмесе де, бұрыннан солай санайтын. Ендi
сол елiне келiп, қайдағы бiр сартқа айнала бастаған өз қазағынан
осындай кею сөз естiгенде, кеудесiнен ашу лықсып шыға келдi.
Бiрақ өз-өзiн ұстап, керi бұрылды да, бұрыштағы шайханаға
келдi. Шайхананың iшiнде адам көп. Шеткi нар үстiнде бiр топ
қазақтар отыр. Соларға жақындады.
— Аман-сау барсыздар ма, бауырлар? — деп амандасты қолын
кеудесiне қойып.
— Өзiң бақуат бармысың? Кел, қатарға жайғас, — дедi төрдегi
егде кiсi.
Дастарханның шетiн ала жайғасты. Отырғандар бiр сәт
әңгiмелерiн доғарып, бұған үнсiз таңдана қарады. Бiреуi кесемен
шай ұсынды.
— Қайдан, қай ауылдан келген жiгiтсiң, қарағым?
Бұрын-
соңды өзiңдi бұл базарда кездестiрмеген сияқты едiк, — дедi егде
кiсi бұл шай құйылған кесенi алып жатқанда.
— Қазығұрт жақтанмын. Руым — жаныс. Төле бидiң алтыншы
ұрпағымын. Өздерiңiз қай жақтан келiп едiңiздер?
— Келестiң аяғындағы Бардыүңгiр үстiндегi Елбақ-қойбақ
елiненбiз. Қоңыраттың Байларынан тараймыз. Ал анау екi шеткi
кiсi Жылғаның сiргелiлерi. Әр жұмада осында мал айдап келiп,
саудалап кететiн дағдымыз бар. Бейтаныс қазақ дастархан үстiнде
бiр-бiрiнiң атын сұрастырып отырушы едi. Ныспың кiм болды?
Атын айтты. Егде кiсi де отырғандардың жағалай аттарын
атап, таныстырып шықты.
— Мұнда мал айдап келдiң бе, әлде алымсақпысың?
— Жоқ, Құрақ деген танысымды iздеп келiп едiм. “Осындағы
Андақұл, Сыбанқұл
деген делдалдарға кездессең, менi тауып