349
Сүлеймен қарақшы
екi қашғарлық жабылып ұрып жатыр. Арба үстiндегi киiз, киiм-
кешек, арқан секiлдi бұйымдарды басқа бiр қашғарлықтар талап,
екiншi арбаға тиеп алуда. Базар
дарбазасының арғы шетiнен
шыға келген әлдеқандай жас жiгiт таяқ жеп жатқан қазаққа
болыспақ едi, анау екеуi жабылып, оны да ұрып тастады. Ол
екеуiне арба үстiнде тұрған сарттар секiрiп түсiп, қосыла кеттi.
Қайдан келгенi белгiсiз, қазақтың бiр жас қатыны бажылдап
келiп, оларды жұла бердi. Бiрақ аналар оны әйел деп аяған жоқ.
Қосыла сабап, сiлейтiп тастады.
— Мiне, Бекабаның адамдары, — деп қалды отырғандардың
бiрi.
Таяқ жеген қазақтар үшiн Сүлейменнiң қаны қызып отырған.
Жiгiттен кейiн сұлап түскен
әйелдi көргенде тiстенiп, атып
тұрды. Нардан секiрiп түстi де, соларға қарай жүгiрдi. Бұл арба
маңына жеткенде, екi жiгiт әйелдi тепкiлеп жатқан. Ай-шайға
қарамады. Жетiп барған күйi бiреуiнiң желкесiнен ұстап алып,
басын арба дөңгелегiне бiр соқты. Екiншiсiн құлаштай соғып
топырақ құштырды. Жердегi қазақты екiлене тепкiлеп жатқаны
да, қалай жер қапқанын өзi бiлмей қалды. Тағы бiрiнiң “аһ” деуге
үнi келмей, бiр серiгiнiң үстiне құлады. Бесiншiсi де солардың
кебiн кидi.
Осылайша, әп-сәтте бесеуiн жайғап, алтыншысына ұмтылды.
Онысы сақалы белiне түскен,
ұзын бойлы, тарамыс кiсi екен.
Демнiң арасында жер құшқан өз адамдарына бiр қарап, арбаны
айнала қашты. Өзі жылдамдау екен. Қос арбаны айнала, зырылдай
қашып жеткiзбедi. Арбаларды тағы бiр айналып қашты да,
оның бiреуiнен ұзын бесақаны суырып алды. Бесақаның сабын
бiр қолтығына қысып, айырын алға қарата қарсы шапты. Сол
екпiнмен келiп, бесақаны Сүлейменге сұғып алар ма едi, егер бұл
жылдамдық қылып, қарнына таяп қалған айырға шап бермегенде.
Шап бердi де, айырды шетке тартып жiбердi. Айырдың
сабынан қатып ұстаған анау екпiнмен Сүлейменнiң кеудесiне
сақ етiп соғылды. Бұл оның
жауырынынан қапсыра құшақтап,
мытып-мытып, жерге бiр-ақ ұрды. Өстiп, алтыншы зорлықшыны
жер құштырып, таяқ жеген қазақтарға бұрылғанда, дарбаза
жақтан бiреу атпен шауып келдi. Қолындағы ұзын қамшысын ары-