Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет172/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
— Мiне, сендерге оншақты нан, бес-алты келi күрiш пен ет, 
май әкелдiм. Бiраз күн азық етiңдер.
Ол қапшықты жерге қойғанда Құрақтың үш баласы үш 
жақтан қапқа бассалды. Әкелерiнiң “қоя тұрыңдар” дегенiне 
қарамай, әрқайсысы бiр-бiр наннан ұстап, қомағайлана асап 
жатты.
— Байғұстар-ай, қарындарың ашып қалған екен-ау. Құр нан 
түк болмас қарындарыңа. Сендерге мен жақсылап палау iстеп 
берейiн. Үлкенiң қайсың? Сен бе? Атың кiм? Олжабек деймiсiң? 
Онда, Олжабек, қазаныңды дайында, сырттан отын тасы.
Балалар Андақұлдың айтқанына қуанып кетiп, оның бұйрығын 
тез-тез орындауға кiрiстi. Олар ас-су қамымен болып жатқанда 
Құраққа:
— Тәшкенде басқа барар жерiм жоқ. Сенiң үйiңде болайын. 
Ең болмаса, нан-суыңды тауып берiп тұруға септiгiм тиер, — 
дедi Сүлеймен.
— Қанша күн жатсаң да еркiң. Тек Бекабадан өшiмдi қайтарып 
берсең болар едi. Бiрақ мұнда жiгiттерiңнiң жоғы жаман да. 
Бiр өзiңе қиындау ғой. Әңгiмеге айналып отырып, сұрауды да 
жадымнан шығарып алыппын. Ажан, Төрекелдiлер абақтыдан 
қашан босайды?
— Бәрiмiздi жиырма бес жылға кескен. Менi түрме бастығы 
қайтарарда олармен қоштасуға да мұрша бермедi. Жазғандар 
менi атып тастады деп ойлап жүрген шығар.
— Өзiң қалай ерте босандың?
Сүлеймен болған оқиғаны бастан-аяқ айтып бердi. Андақұл 
мен Құрақ “ойпырай-ә, ойпырай-ә” десiсiп, таңданысып отырды. 
Әсiресе балалардың құдды бiр ертегi естiгендей, ауыздары 
ашылды.
— Парманқұл қарақшы жатқан мынау Табақсайдағы түрмеде 
де сондай “түрме билерi” болады екен. Бұрындары сол жерде 
Өсерқұл деген сарт боп кеткен қаңлы би екен. Парманқұл 
сонымен жекпе-жекке шығып, майып қылып тастапты. Ендiгi би 
өзi екен, — дедi Андақұл.


360
Сүлеймен қарақшы
— “Парманқұл, Қараман деген қарақшылар бар” деп бағана 
базарда да естiген едiм. Олар жайында көбiрек сұрастырып, бiлуге 
мүмкiндiк болмады. Бiлсеңдер, олар жайында айтыңдаршы.
— Қараман — мынау Келестегi шанышқылы. Оның iшiндегi 
— дархан. Өзi сидиған арық болғанымен қабыландай шапшаң, 
жаужүрек кiсi. Титтей қорқуды бiлмейдi. Көздерi — от. Адам 
тiктеп қарап болмайды. Естуiмше, жақында ғана оны бүкiл 
әулетiмен Арал дей ме, Қарал дей ме, сондағы Барсакелмес деген 
жаққа жер аударыпты. Өзi — бидiң баласы. Арғы атасы Тәшкеннiң 
үш қақпасын билеген атақты Қошық деген датқа. Қошық 
датқалығымен бiрге молдалық iлiмдi де терең игерген кiсi екен. 
Соған қарап жұрт оны молда Қошық деп атапты. Ал Парманқұл 
— Сырдағы қоңыраттардың құлшығаш руынан. Шiркiн, нағыз 
ер дерсiң оны. Қыры сынбайтын жайпақ төбелi киiз қалпағын 
тiкiрейте киiп, қос ауыз мылтығы мен қылышын асынып, кердиiп 
базарға кiрiп келгенде, бүкiл сарт қоғадай жапырылып қалатын. 
Бiраз болды, оны да өкiмет абақтыға жапқалы. Бiрақ Мамажан 
дөкей тұрғанда ол онда ұзақ жата қоймас.
— Мамажан деген де қарақшы ма?
— Жоқ. Ол қарақшылар арасында да, НКВД адамдары 
арасында да аса абыройлы, қадiр-қасиет қонған адам...
— Тоқтай тұршы. Осылардың бәрi жабылып, әлгi не едi, НКБД 
болып, Бекабаның бандысын жоя алмай жүргенi несi?
— Бекаба өкiмет пен әлгiндей абыройлы кiсiлерге тиiсе 
бермейдi де.. Дегенмен Тәшкендегi Бекаба мен оған ұқсаған 
iрiлi-ұсақты бандылық топты ауыздықтауға өкiметтiң әзiрше әлi 
келер емес.
Құрақ пен Андақұл Тәшкендегi тiршiлiк жөнiнде ұзақ айтты. 
Тiптi ол әңгiме Андақұл пiсiрген палауды жеп болғанша да 
жалғасты. Палауға тойған балалар бөстектердi жайып жiберiп, 
қисая-қисая кеттi. Андақұл қайтуға жиналды.
— Ертең сәске мезгiлiнде менi базарда күт.
— Барма десем де, базарға бәрiбiр барасың. Абай болып кел, 
Сүлеймен.
Азанда базарға қалай жетудiң жолын Құрақтан сұрап алған 
Сүлеймен, қиқы-жиқы көшелердi кесiп өтiп, “Алай” базарға 


361


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет