364
Сүлеймен қарақшы
— Сендер осылайша олардың тепкiлерiн көрiп, бұғып жүре
бересiңдер ме? Қосылыңдар маған. Құтырынған қашғарлық
жөйiттердi жуасытып қоялық.
— Осы кiсi жөн айтады. Қашанғы зәбiр көрiп жүре беремiз.
Бiз де еркек шығармыз. Күшiмiздi үйдегi
қатындарға көрсете
бергенше, зорлықшыларға да көрсетейiк те. Осы бiз үймелеп неге
тұрмыз? Ортамыздағы қонақты шайханаға шақырып, бiр сыйлап
жiберейiк. Лажы болса, ауылымызға меймандыққа шақырайық.
Мұндай күштi де батыр жiгiттi сыйламасақ, қазақтығымыз
қайсы? — дедi топ iшiндегi семiздеу келген жiгiт.
Оны бәрi қостады. Саудасын
әлi бiтiрмеген егде кiсiнiң
орнына бiр жiгiттi қалдырды да, басқалары Сүлеймендi ортаға
алып, шайханаға беттедi. Шайханаға кiрмес бұрын шаштаразға
бұрылып, Сүлейменнiң өсiп кеткен шашы мен сақалын алдырды.
— Сүлейменнiң киiмдерi де кiрлеп, әрi ескiрiп қалыпты.
Абақтыда жату оңай деймiсiңдер. Бәрiмiз ортадан пұл шығарып,
үстi-басын жаңалап берейiк, —
дедi манағы сөйлеген жiгiт
шаштараздан шыққан соң.
— Алдымен қарын тойдырып алайық.
Қазақтар шайхана iшiнде ұзақ отырды. Бәрi Сүлейменнiң
тамақ жесiне таңқалысып «е, батыр жiгiт осылай тамақ жейдi де»
десiп, бiраз қауқылдасты.
— Сендер менiң тамақты опырып жейтiнiмдi әңгiме етiсiп
отырсыңдар. «Барда батып iш» дегендей,
өздерiң сыйлаған
соң асап жатқаным да. Айтсам, сенбеулерiң мүмкiн. Айлап су
iшпейтiн түйе секiлдi, кейде мен бiрнеше күн нәр татпай жүре
берем. Тамақтануға мұрсат болмаса, iздемеймiн. Содан шығар,
артық ет жинай алмай жүргенiм.
— Ойбай, Сүке, мына денеңе артық ет жинасаң,
Құдай
салмасын, қандай боласың? Бiрақ таңқалып отырғаным, осынша
дәу бола тұрып, көп тәулiк бойы қалай тамақ iшпей жүре бересiң?
— Қаратай, жақсы бураның артық етi болмайтынын сен
бiлмеушi ме едiң. Бiздiң Сүлеймен нар ғой, нар, — дедi оған
қатарласа отырған бiреуi.
Қазақтар
осылайша даурығысып отырғанда, қолындағы
үзеңгiсiнiң таралғысынан шұбата ұстаған бiр қашғарлық