351
Сүлеймен қарақшы
— Уа-ха! Мыналарға не болған? Қирап қалыпты ғой. Уай,
кiм бұларды сонша жайратқан? Әй, сен бе, дәу келiмсек, мұны
iстеген? Бағана сөзiңнiң iрiлiгiнен қорқып едiм, “осы бiр нәрсеге
ұрынбаса екен” деп. Ай, ертең Бекаба сенiң басыңды алады ғой,
— деп бiреу екеуiнiң сөзiн бөлiп жiбердi.
Бұрылып қараса, сөйлеген Сыбанқұл екен.
— Сенiң әлiң алтауына келгенiмен, басқаларына келмейдi.
Қазiр-ақ жүзi келедi бұлардың. Табаныңды жалтырат ендi!
Кесiрiң бiзге тиiп жүрер. Қанша дәу болсаң да, әлi пiрiңе
кездеспей жүрген асаусың-ау деймiн.
Неғып бақырая қалдың
маған? Жоғалт көзiңдi! Әйтпесе Бекабаға барып, бар қылығыңды
өзiм-ақ айтамын. Сосын анау қазандай басың қалсын, бiр жерде
кесiлiп.
Оның бағанағы қылығы мен сөзiне үндемеген-ді, осы жолғы
мына зiркiлiне тiптi шыдай алмады.
— Әй, сол Бекабаңа қазiр-ақ ертiп баршы. Оны да, сенi де тап
қазiр қатыра салайын! — деп Сыбанқұлдың жанына жетiп барды.
— Әй, әй, бақырайтпа маған көзiңдi!.. Ойбай, мойным... Әй,
өлтiресiң бе, қайтесiң?..
Сыбанқұл сорлының ары қарай сөйлеуге шамасы келмедi.
Жағасынан ұстаған күйi жоғары көтерiп, жерге балшықша бiр-ақ
ұрды. Сорлы, жерде жатқан қашғарлықтардың кебiн киiп, ол да
тiл-ауыздан айырылды.
Бұл кезде бұлардың жанына бiраз адам жиналып үлгерген.
Бiрақ бiр де бiрi жақ ашпай, үрпиiсiп тұр. Етпеттей сұлаған
Сыбанқұлды тағы бiр ұрмаққа бекiнген. Оның қорғансыз халде
екенiн көрiп, ойынан айныды.
— Пәлi,
құр дәу ғана емес, атан бурадай қара күштiң иесi
екенсiң-ау. Әп-сәтте бәрiн жайпап тастадың. Ендi өзiңе қиын
болатын болды. Бұлардың басшылары сенi құр қоймас, — дедi
бағанағы егде кiсi.
— Осынша қазақ жүрiп, жөйiт пен таулықтарды басындырып
қойғандарыңа таңмын. Немене, еркек қалмаған ба араларыңда?
— Анда-санда базарда басымыз бiр бiрiгедi. Бiреуiмiз —
ойдан, бiреуiмiз — қырдан дегендей... Ұйымдасу қайда бiзге?
352
Сүлеймен қарақшы
Сол шашырандылығымызды бiлiп қой, Бекабаның құтырып
жүргенi…
Егде кiсiнiң қасына бағана өзiн Андақұлмын деп таныстырған
кiсi келдi.
Жерде шашалып, жөтелiп, қиналып жатқан iнiсi
Сыбанқұлға көз тастады.
— Мана айттым саған, “Мұны Құрақтың үйiне ертiп бара
сал” деп. Әлiңе қарамай қырсықтанып, кiм көрiнгенмен ерегiсуге
әзiр тұрасың. Ендiгi күйiң мынау. Бiр жерiң шойырылып қалған
жоқ па, әйтеуiр? Жөйiттерге болысып, мұндай қара жынға дауыс
көтерiп нең бар? Тұр ендi! Қора жаққа бар.
Сыбанқұл тұрып, үстi-басының шаңын қақты да жөнiне кеттi.
Одан соң арба маңындағы таяқ жегендер тұра бастады. Бәрi
ләм-мим деп сөз айтпай, базар сыртына беттедi. Тiптi арттарына
бұрылмады да.
— Жүр, Сүлеймен. Құрақтiкiне мен-ақ ертiп барайын. — Ол
сорлыны мыналар төсектен тұра алмайтын етiп тастаған.
Сүлеймен Андақұлдың соңынан ердi.
— Оу, батыр!
Ертең жаңағылар келiп, сен үшiн басымызға
әңгiр таяқ ойнатса қайтпекпiз? — дедi қазақтардың бiрi.
— Сендерде несi бар?
— Оларға дауа жоқ. Сенi тауып бер деп әлек салуы мүмкiн.
— Ертең өзiм келем.
— Келмей-ақ қой, Сүлеймен. Тәшкенге жаңа келген адамсың.
Жақтасар тамыр-танысың да жоқ. Майып қып тастар. Бiр өзiң
қайсыбiрiне төтеп берерсiң? Бiзге не деп тиiссiн? Тиiссе, бiр-екi
малымызды тартып алар.
— Жоқ, көке. Бiр өзiм болсам да, Бекабаны көру үшiн әдейi
келемiн.
— Бекабаның өзi өмiрi келмейдi мұнда.
— Онда баскесерлерiн көрейiн.
— Баскесерлерiмен төбелессең, мiлиса оларды ұстамай, сенi
ұстайды. Бекаба Тәшкендегi күллi өкiметтi байлап қойған.
— Бұдан былай мен бiраз уақыт Тәшкенде жүрем. Бәрiбiр
кездесемiз ғой олармен. Соны кейiнге қалдырмай, ертең-ақ iске
асырайын.
— Тәшкен бандылардың шаһары. Сақ болғайсың.
353
Сүлеймен қарақшы
—
Сақтандырғаныңызға рахмет, көке. Менiң бiреуге
ешқашанда өздiгiмнен тиiспейтiнiмдi бiлiңiз. Бiрақ бiреудiң
әлсiз бiреуге әлiмжеттiк қылғанын көрсем,
Құдай ақы, шыдап
тұра алмаймын, — дедi Сүлеймен Андақұл айдап келген биiк
доңғалақты қоқанарбаға мiнiп жатып. —
Қазiр Құраққа барып
жолығайын. Ол жазған қандай күйде екен? Мүмкiн ертең
келмеспiн де. Ал келе қалсам, қайта жолығамыз. Әзiрше, хош
бола тұрыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: