Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет17/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
маған ерiп жүрiп отырыңдар. Тағы да айтамын, ажалдарыңа 
асықпасаңдар, бiр қадам да шетке бұрылмаңдар. Жетектегi аттың 
бiрiн Көбек сен өзiң, бiрiн Әрiпбай алсын. Олардың шылбыры 
мен жүгенiн қосақтап тақымға басып алыңдар. Аттар бiр-бiрiнен 
ажырамай жүретiн болсын. Ал, дайынсыңдар ма?
Елсапа мiнген ат су кешiп үйренiп қалған-ау, қамшы салдырмай-
ақ өзенге күмп бердi. Екiншi болып Көбек түстi. Оның артынан 
Әрiпбай ердi. Әрiпбайдан кейiн Сүлейменге кезек келдi. Торы 
ат суға түсуге жүрексiнiп тұрғандай, бiр сәт кiбiртiктедi де, суға 
жайлап түстi. Су алдымен аттың тiзесiнен келдi. Сәл жүрмей 
жатып-ақ, ат суға сауырына дейiн батты. Екi аяғын үзеңгiден 
шығарып, жоғары көтермек болып едi: “Аяғыңды үзеңгiден 
шығарма” деген арт жақтан Тастанның даусы шықты. Оның 
айтқанын тыңдап, үзеңгiге қайтадан аяқтарын салды. Құдай 
салмасын, өзен суы осыншама мұздай болар ма? Лезде етiгiнiң 
iшiне толған мұздай су саусақтары мен тобықтарын қақсатып 
жiбердi. Бiрақ сыр бермедi. Алдыдағы Елсапа “Бiр елi соңымнан 
қалмаңдар. Ендi бұлай бұрыламыз”, – деп тура ағысқа қарсы 
жүрдi. Арттағылар жәндәрмен оған iлестi. Әудем жерден кейiн 
Елсапа оңға қарай бұрылып, ағысқа көлденең түстi. Жүрiп келе 
жатқан жердегi тереңдiк бiр қалыпты екен. Ат сауырынан аспады. 
Өзеннiң дәл ортасына келген кезде Әрiпбайдың жетегiндегi ат 
жанындағы атқа қатарласа берем деп алға қарай ойқастады 
да, табан тiрер жер таба алмай, тереңге түстi де кеттi. Жануар, 
тереңнен бұлар жүрiп келе жатқан жерге қайта iлiнем деп 
ниеттендi ме, суды шолпылдата алға қарай ұмтылды. Бiрақ бар 
жанын салып екi-үш рет талпынса да, табанын биiкке iлiндiре 
алмады. Басы өзенге бiр батып, бiр шығып, қорсылдап су бетiнде 
қалықтады да қалды.
— Ойбай, Елеке, мынаны не iстеймiз ендi?! — деп жандаусы 
шықты Әрiпбайдың.
— Не iстейсiң? Жiбер тiзгiнi мен жүгенiн. Басқа амал жоқ. 
Жiбер тезiрек! Әйтпесе өзiңдi тартып әкетедi. Жүзе алса, өзi 
жүзiп шығар жағаға. Жүзе алмаса кеттi. Әй, жiбер деймiн! 
Онымен бiрге өзiң де кетейiн демесең!, — деп ақырды Елсапа.


37
Сүлеймен қарақшы
Әрiпбай дереу оның тiзгiнiн босатты. Сол-ақ екен, әлгi жануар 
су ағысымен бiрге төмен қарай аға жөнелдi. Ағып бара жатып 
шырқырай кiсiнеп, жағаға қарай жүзуге қанша талпынса да, мол 
судың ағысы талпынысына ырық бермедi. Аздан соң ат көрiнбей 
кеттi. Тек бiраз уақытқа дейiн оның қайта-қайта ащы дауыспен 
кiсiнегенi естiлiп тұрды.
— Ендi абай болып жүрiңдер. Аттар жаурап қалатын болды, 
жылжиық, — дедi Елсапа. 
Жандарын шүберекке түйген ұрылар тағы алға қарай 
жылжыды. Жағаға отыз қадамдай жер қалғанда Елсапа тағы оңға 
бұрылып, ағысты бойлай жүрдi. Сүлейменге мынау иек астында 
қап-қара болып аққан судың шетi жоқтай болып көрiндi. Өмiрiнде 
мұндай мол суды кешпек түгiлi, сырттай қарап көрмеген оған, 
осы өзен әлгi атты ағызып кеткенi сияқты мiне, мiне, бұларды 
да жұтып жiберетiндей сезiндi. Сол үшiн де су бетiне қарамай, 
алда қарауытып көрiнген жарлы жағалаудан көз алмай келе 
жатты. Бiр кезде су таязданып, үзеңгiден төмен түсе бастады. 
Аз жүрiстен кейiн су ат тiзесiнен келдi. Тағы бiраз жүрiстен соң 
Елсапаның аты жағаға ырғып шықты. Оның соңынан қалғандары 
да жағалауға тұяқ iлiктiрдi.
— Уа, — дедi Көбек жағаға шыққасын. — Мынадай көр 
тұңғиықтың астындағы қияметтiң көпiрiн қалай бiлiп, қалай тап 
басып өтiп жүрсiң, Елсапа? Әлде әруақтарың жол көрсетiп жүр 
ме?
— Бұл жолды маған көрсеткен Тұраш баукеспе. Оған да 
бiреу көрсеткен шығар. Өтiрiк-расын кiм бiлсiн, баяғы өткен 
бiр заманда Шыршық қатты тартылыпты дейдi. Сонда осы жол 
көрiнiп қалғанға ұқсайды. Соның iзiн бiреулер жадында түйiп 
қалыпты. Аттан түсiп, үстiмiздi сығып алайық.
— О заман да, бұ заман “өзен тартылып, қайтып толыпты” 
дегендi естiген емеспiн. Көл болса, бiр сәрi. Ағып жатқан өзен 
тартылушы ма едi? Әй, бiрақ бәрi Құдайдың қолында. Сонда да 
қанша ұры, баукеспе болсам да, мына жолыңды мен қайтып таба 
алмас едiм. 
— Күндiз екi-үш мәрте өтсең, табуға болады, Көбек. Ол үшiн 
жағадағы талдар мен қыр-жотаға қарап бағыт түзеп отыруың 


38


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет