34
Сүлеймен қарақшы
— Сен, Елсапа, бiзбен бiрге Теректiге дейiн әуре болмай-ақ
қой. Теректi мен ауылыңның арасы тым қашық. Үйiңе таң ата бiр-
ақ жетсең, кiм бiледi, жолда бiреу-мiреудiң көзiне түсiп қалуың
ықтимал.
Сен қалай ойлайсың, егер бiз үйiрдi Теректiге қарай
емес, Түлкiжортқан жотасының етегiмен Ғалабасайға қарай
айдап, Дауыл би мазарының тұсынан Шыршық бастауының
басынан бiр-ақ шықсақ қалай болар едi? Теректi шатқалынан
гөрi бұл жермен мал айдау да оңай.
— Ол жағын мен де ойлағам. Бiрақ Түлкiжортқанның етегiнде
басқа рулардың да малдары жатады. Солардың үстiне тап келiп
қалсаң қайтесiң? Басыңа пәле сонда төнедi. Одан да “аш құлақтан
— тыныш құлақ”, Теректiге қарай кете берсейшi.
— Иә, онысы бар екен-ау. Айтпақшы, өзiң жақын арада бiздiң
ел жаққа түсiп қайтсаң болар едi. Менiң де көз тiгiп жүрген бiр
үйiр тұяғым бар.
— Ниетiмiз қалыс емес пе, Көбеке. Қар түспей сендер жаққа
бiр түсермiн. Ал қазiр сендер жатып демалыңдар. Мен үй жаққа
барып, кешiрек бiр-ақ келермiн. Ас-суларың бар ғой?
— Ұрыға ауқаттың онша көп керек еместiгiн өзiң бiлесiң.
Әйтеуiр жұтап қалмайтындай азын-аулақ
тiске iлiктiретiн бiр
нәрселерiмiз бар. Мейлi, кешке дейiн аман бол. Бiз бiраз көз
шырымын алып алайық.
35
Сүлеймен қарақшы
VI
Елсапа кеткеннен кейiн бәрi жатып, ұйқыға кiрiстi. Сүлеймен
манадан берi манаурап отыр едi. Көбектiң “жатып демалайық”
деген сөзiнен соң ердi жастанып, бiрден ұйқыға кеттi. Содан
кешке Тастан оятқанша, тұяқ серiппей ұйықтады. Басын көтерсе,
айналаны қараңғы басып келедi екен. Жiгiттер аттарға жем берiп,
ерттеп дайындап қойыпты. Ұя-тамның шыға берiсiнде Көбек пен
Елсапа әңгiмелесiп тұр.
— Жиен, — дедi Көбек мұның тұрғанын байқаған соң. —
Аттанатын уақыт болды. Анау қалған еттен асап-асап жеп ал.
Осыдан ертеңге дейiн ауқат жоқ.
Еттi жеп болғанша, басқа
ұрылар аттарды ұя-тамнан
шығарып, есiк алдында қаңтарып қойды. Сонан соң ұя-тамды
бұзып, ағаштарының бәрiн бағана азанда алған орындарына
қайта тығып тастады. Бәрiн бiтiргесiн, Елсапаның “Аттанайық”
деген даусы естiлдi. Ұрылар бәрi бiрдей атқа қонып, қалыптасқан
салт бойынша, бiр-бiрiне тiл қатпаған күйлерi түстiкке бет алды.
Саптың ең алдында Елсапа кетiп барады. Сүлейменнiң көзiне
Елсапаның астындағы аты бағана мiнiп келгенi емес,
басқа
ат болып көрiндi. Зер сала қарап едi, тура өзi мiнген дәу торы
сияқты аяқтары ұзын, белi жуан, жiңiшке мойынды жылқы екен.
Мұның бiлуiнше, мұндай аттар шабысқа жарамсыз болғанымен,
ұзақ жүрiске мықты келедi. Әсiресе, тау-тасты жолдарда бұлар
таптырмайтын көлiк. “Шiркiн, алдағы күндерде Елсапамен
таныстығым артып, осы атын қалауыма алсам ғой. Аты менiң
астымдағы торыдан да мықты көрiнедi”.
Бiршама жүрiстен соң аққан судың сарылы естiлдi. Артынша
тура алдарынан дененi тiтiркендiрер мұздай леп естi. Сүлеймен
Шыршыққа таяп қалғандарын сездi. Алдағы Елсапа атының
басын iрiктi.
— Бәрiң берi жақындаңдар.
Көбек бастаған ұрылар оны қоршай тоқтады.
— Қазiр өткелге түсемiз. Бұл тұста судың ағыны онша қатты
болмағанымен, сәл қияс бассаңдар, тереңге күмп етесiңдер.
Одан кейiн малтып шығуларың екiталай.
Сондықтан да менiң
соңымнан iзбе iз қалыспай, аттың басын ешқайда бұрмай, тек