Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет13/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
шошағының бет-бедерi өзгере қалады? Осыны өзiңше ойланып 
көршi. Қазiр жан-жағыңды байқай жүр. Жауабын тапсаң, елге 
аман-есен барған соң айтарсың. Мұны айтып жатқан себебiм, 
осы екеуiнiң құпиясын бiлмей тұрып, “Әулиетас” маңын мың 
айналсаң да, бұл үңгiрге жете алмайсың. Бiрақ аралары тым 
қысқа. Ал ендi әңгiмелесетiн уақыт жоқ. Құдай жолымызды 
берсiн. Кеттiк, жiгiттер!
Көбек айтқан жолдың сырын бiлмек болып, Сүлеймен оның 
артынан iз бе iз ерiп отырды. Үңгiрден бiраз ұзаған соң тек бiр 
iзбен ғана жүретiн жолмен төмен түстi. Аз-маз жүрiстен кейiн 
айнала тастай қараңғы болып кеттi де, ат оңға бұрылғандай болды. 
Жол тағы төмен түстi. Ендi солға бұрылды. Одан кешiкпей тағы 
оңға. Тағы солға. Бiр кезде аттар өрге қарай шыға бастады. Әйел 
жас баласын емiзердей уақытта алдарынан қарауытып, оңаша 
тұрған там бойы биiк тастың қасына келдi.
— “Әулиетас” дегенiмiз осы. Қанша рет оңға, қанша рет солға 
бұрылғанымызды аңдай алдың ба, жиен?
— Есiмде қалса, екi рет оңға, екi рет солға бұрылдық-ау 
деймiн. Мына жер әлi iңiр. Ал жаңағы бiз жүрген жол тастай 
қараңғы болды ғой.
— Қателестiң, жиен. Бiз оңға он мәрте, солға алты мәрте 
бұрылдық. Оны байқамағаның ұят болған. Келесi келгенiңде 
тағы да байқап көресiң. Осы жолдың құпиясын бiлмесең, қанша 
мықты болсаң да, сенен жақсы ұры шықпайды.
— Мұның құпиясын, Құдай бұйыртса, кейiн бiле жатармын. Ал 
ендi айтыңызшы, күндiз мына таулардың кез-келген жырасында-
ақ тығылуға болады ғой. Неге тура осы жолы қиын, бiр қуыстағы 
үңгiрге келдiк? Бағана еш жаққа кете алмайды деп үңгiр маңына 
жылқыларды бос қоя салыпсыздар. Жол бiлетiн мына жылқылар 
ол жерден оп-оңай-ақ шығып кететiн түрi бар екен.
— Бұл маңайда жаңағы үңгiрден басқа жерде су жоқ. Оның 
үстiне аттар да жөндеп отыға алмайды. Әрi ас-су дайындайтын 
ыдыстар үңгiрдiң iшiнде тығулы тұрады. Бағана үңгiрдегi 
тамшылап аққан дайын суды көрдiң. Сол бiзге береке емес пе? 
Бұған қоса, ол үңгiр ары-берi жорт-қан ұрылар үшiн қасиеттi 
мекен iспеттес. Әлiмсақтан берi өзiн “ұрымын, барымташымын” 


28
Сүлеймен қарақшы
деп есептеген әрбiр атақты баукеспе оның суын iшiп, тасты 
табанына бiр ұйықтамай кетпеген. Әрi осы жерден аттанған 
екi аяқты көкжалдардың үнемi жолы болып отырған. Жолы 
болмағанның өзiнде, солай сенген. Мiне, сол үшiн де, бiзге 
ол үңгiр жебеушi әруақпен бiрдей. Жолымызға ақ тiлеушi, 
жарылқаушы отанымыздай. Оған апаратын манағы үйдей қара 
тас бiзге әулие тастай болып көрiнедi. Кiм және қай заманның 
екi аяқты “жыртқышы” оған “Әулиетас” деп ат қойғанын бiр 
Құдайым бiлсiн. Әйтеуiр, ол ұрылар үшiн — Әулиетас. Ия, жиен, 
мынадай аң жортып, құс қана ұшатын жықпыл-жықпыл бұралаңы 
көп, беттiң әжiмiндей тарамданған мың сайлы, жүз шұңқырлы 
тау iшiнде ұрылардың “Әулиетасы” бар екенiн ешқандай көреген 
қария да, ел кезген диуанаң да бiлмейдi. Бiлетiн тек — ұрылар. 
Ендi бiлдiң бе, мұнда неге келгенiмiздi? Ал ендi жылқылар ол 
жерден шығып кетпес үшiн “Әулиетасқа” шыға берiс жолды 
бекiтiп қоямыз. Жаңа сенi соны байқады ма десем, оған да назар 
салмаған екенсiң ғой. Ұры адам әруақытта байқағыш, сақ, бiр 
жердi, бiр нәрсенi көрсе жазбай танитындай қасиетке ие болуы 
керек. Әйтпесе, түн жортып iстеген iсiңнiң бәрi бос.
Көбектiң сөзiне жауап қатпады. Арттағы жiгiттер бiр-бiрiмен 
әлденелер жайында бiраз жерге дейiн сөйлесiп келдi де, олар 
да үнсiз қалды. Ендi тау iшiнде тiршiлiк иелерiнiң бар екенiн 
аттардың тұяқтарының дыбысы ғана бiлдiрiп, ұрылар ұзақ жүрдi. 
Қай уақыт болғаны белгiсiз, бiр кезде Көбек сөйледi:
— Асудан астық. Ендi бие сауымдай мезгiл жүрген соң 
Қайыршақтыға iлiнемiз. Жетiқарақшы ауып қалыпты. Тезiрек 
жүрейiк. Таң атып кетсе, бөтен жерде көзге түсу оңай. Бiрақ 
қатты қамшылап аттарды шаршатып алмаңдар.


29


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет