Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет14/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы

Бағаналы берi тек жоғары қарай өрлеп келген бұлар ендi ат 
қиналмай жүретiндей ылдиға түстi. Тағы да ұзақ жүрдi. Ылдиға 
түскелi берi ат тұяғы бiрде бiр тасқа тиген жоқ. “Ылғи жота-
қырлап келе жатырмыз-ау” деп ойлады Сүлеймен. Артына 
бiр бұрылып қараса, тау сонадайдан қарауытып тұр. Тiптi тым 
алыста қалған секiлдi. Оның артына қарағанын сезген Кендiр:
— Сәл шыда, бала. Баратын жерге жақындап қалдық, — дедi.
— Қайыршақты деген қай жер?
— Бүгiн күнемелеп шығатын жерiмiз. Жұрт түнесе, бiз 
күнемелеймiз, — деп күлдi ол.
Расында аздан соң Көбек атының басын iрiктi.
— Сәске түскенше осы жарқабақ бiзге пана. Өлеңтiге 
жақындамай-ақ қоялық. Иттер үрiп, ауыл кiсiлерiн сезiктендiрiп 
қояр. Ертең қойшы арқылы Елсапаны осында шақыртамыз. Ендi 
жарқабақ түбiне түсейiк.
Бұлар бiр жағы құлама жар төбенi бiраз айналған соң етекке 
түстi. Қайыршақты деген жарқабағы осы болса керек. Түбi терең. 
Бiрақ бiр жағы жазықтау екен.
Бәрi аттан түсiп, жерге жамбастарын тигiздi. Көбектiң бұйрығы 
бойынша, аттарды жiгiттер кезектесiп қарауылдайтын болды.
— Алдымен бiз Тастан екеумiз бiраз қарауылдайық. Таң ата 
басқа екеуiңдi оятармыз, — дедi Кендiр.
Сүлеймен бағана тау басына шыққанда қоржынынан күпiсiн 
алып киiп алған едi. Бұрын кiм шығып көрген, тау басы сонша 
салқын болады екен-ау. Соны шештi де жерге төсеп жата кеттi. 
Қанша дегенмен кешегiдей емес, бүгiн ат үстiндегi ұзақ жүрiске 
шыдады. “Кеше ғой, үңгiр iшiнде жаттық. Бүгiн ашық даладамыз. 
Егер мұндайда жаңбыр құйып кетсе не болмақ?” 
Бұл — болашақта жапан далада құйған жаңбыр асты мен 
соққан боранның өтiнде жалғыз өзi талай рет қалып кетуiне 
тура келетiн Сүлейменнiң; сондай сәттерде кешегi түсiне 
кiрген ақбоз ат мiнген қара киiмдi, қара сақалды кiсiмен тiлдесiп 
отыратын Сүлейменнiң; екi мәрте сондай боранды түндерде 
аш қасқырлардың қоршауына қалып, олардан тек күштiлiгiнiң 
арқасында ғана аман құтылатын Сүлейменнiң; келешекте 


30
Сүлеймен қарақшы
тұрақсыз өмiр, талай жердiң дәмiн таттырған күрделi ғұмыр 
өткiзетiн Сүлейменнiң; жұрт өзiн Құдайдай көрiп, алдында 
құрдай жорғалайтын, күллi Тәшкеннiң ұры-қарақшыларының 
пiрiне айналатын, олар үшiн ақ дегенi — алғыс, қара дегенi — 
қарғыс болатын Сүлейменнiң; небiр соттар мен прокурорлар 
өзiн көргенде тұтығып сөйлей алмай қалатын Сүлейменнiң; 
ал әзiрше Қайыршақтының түбiнде топырақ төсенiп, тас 
жастанып жатқан Сүлейменiң ойы едi…
…Бiреудiң түрткiлеп оятқанынан Сүлеймен көзiн ашты да, 
бүркенген күпiсiн басынан сыпырды. Күн шақырайып, кiшi 
сәскеге көтерiлiп қалыпты. Үстiнен Әрiпбай төнiп тұр.
— Тұр-ей, батыр. Түк бiлмей ұйықтайсың ғой, жүдә, қорылдап. 
Жорыққа шыққан адам бұлай ұйықтамайды.
— Бiздiң қатарымызға бiрiншi қосылған адамға осылай 
сөйлей ме екен? Қайта, оянған кезде: “Қалай ұйықтадың?” деп 
сұрамайсың ба? — дедi анадайда отырған Көбек.
Басын көтерiп, жан-жағына қарады. Алғаш көзiне түскенi 
қызғылт бетi күнге жалтырап тұрған құмдауыт жарқабақтың 
түбiнде сiресе жиналған ұшы-қиырсыз топ ебелектер болды. 
Жел үрлеп, сайға тығып тастаған сол ебелектердiң бергi шетiн 
Тастан мен Кендiр аршып жатыр. Олардан сәл әрiрек ашық 
алаңқайдағы сарғыш тартқан боз үстiнде бiр-бiрiне қосақталған 
аттар жайылып жүр.
— Аналар не iстеп жатыр, нағашы?
— Там салып жатыр.
— Там салғаны несi? Қу ебелектен там тұрғызушы ма едi?
— Тұрғызғанда қандай! Оны қазiр көресiң. Сен тұрып анау 
еттен бiраз жеп ал да, оларға көмектес.
Көбектiң ойында бiрдеңе барын сезген ол, басқа ештеңе 
айтпай, орнынан тұрды. Жайылып жүрген аттардың жанындағы 
көлшiкке жуынып келiп, Көбектiң қасына отырды.
— Шынында, Көбеке, мыналар не iстеп жатыр? — деп тағы 
сұрады Сүлеймен еттi аузына салып жатып. — Араларында Әмiр 
көрiнбейдi ғой.
— Мен саған қалжыңдап отырғаным жоқ. Расында олар там 
салып жатыр. Бiрақ оны там деуден гөрi ұя деуге болады.
— Бұл сөзiңiздiң не шын, не қалжың екенiн бiлмей, дал болып 
отырмын, нағашы.


31


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет