481
Сүлеймен қарақшы
Анау екi бүктетiлдi. Қалған екеуi қолдарын көтердi. Мұрсат
оларды да бiр-бiр тептi.
Iшiн басып, бүктетiлген бойын
тiктеуге шамасы болмаса да, екi қолын басынан асыра көтердi.
Басмашылардың ендi қауқарсыз екенiн бiлген Бейiсқожа мен
Парманқұл да шарбақтан берi өттi. Одан кейiн Сүлеймен келдi.
Бұл кезде мылтықтың ұңғысы
iшiне тиген басмашы бойын
жазып, бұларға қарады:
— Уай, Бейiсқожа әкамбiсiз? Сiздi бағаналы берi Озғар әкам
iздетiп жатыр.
— Iздесе қайтем. Менi тапқанда атып тастамақ па едiңдер?
Ендi өздерiңдi атамын. Озғар қайда?
— Пұштайдың үйiнде.
— Онда тағы кiм бар?
— Ерсiн мен Ордаш бастықтар да келген анау ауылдардан.
Қазiр бәрi көкнәр iшiп, кәйiп қылып отыр.
— Озғарда мылтық бар ма?
— Пүлiмөт бар.
— Сүлеймен, бұларды не iстеймiз?
— Үшеуiн де атып тастайық, — дедi Мұрсат Сүлеймен аузын
ашып үлгергенше.
— Уай, Бейiсқожа әка. Ататындай сiздерге не жаздық? Жiбере
салыңыздаршы. Тура қазiр Озғарға да қарамай, тау жаққа кетiп
қалайық. Бiлесiз ғой, Озғар бiздi зорлықпен қарамағына қосып
алған. Содан құтылсақ, мылтығымызды тастап, қышлақтарымызға
тарап кетер едiк.
— “Озғар өзiне зорлап қаратып алды бiздi” дейсiң-ә?
Қолдарыңда — мылтық. Қышлақтарыңды сағынып жүрсеңдер,
оны атып өлтiрiп, тарап кетпейсiңдер ме? Сен, қатынның сөзiн
айтпа. “Өзiмде билiк жоқ итаршымын” десейшi, одан да. Айтшы,
қанша қазақты, бiр ғана қазақты емес-ау,
қанша жазығы жоқ
адамды өлтiрдiң? Қанша адамның қатынын тартып алдың?
— Уә, әка, мен өздiгiмнен күнә iс iстегенiм жоқ. Бәрi Озғардың
айтуымен болған.
— Мiне, көрдiң бе, сен бiреу айтақтаса шаба беретiн нағыз
иттiң өзiсiң. Қожайының жұмсаса —
адам өлтiресiң, қыз
зорлайсың. Бiрақ осының бәрiне бiреудi кiнәлi санайсың. Ай,