Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет225/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
— Бағана сен мұндағы басмашыларды он шақты деп пе едiң? 
Бесеуiн жайғадық. Ендi бесеуi қалды ма? — дедi Парманқұл 
Мұрсатқа үйден шыға бере.
— Нақты санын кiм бiлген. Маған солай көрiнген. Бәлкiм одан 
да көп шығар.
Әр жерге шашыла салынған тамдардың бiрталайын айналып 
өткен Сүлеймен тобына басқа басмашылар кездесе қоймады. 
Тiптi ауыл адамдарының бiр де бiрi ұшыраспады. Ойнап жүрген 
бала атаулы да көрiнбейдi. Ит екеш иттер де ұяларына тығылып 
алғандай ма, қалай, алдарынан шықпады. Осындай тыныштыққа 
таңырқаған Сүлеймен:
— Бейiсқожа, Мұрсат, ауылдарыңның балалары мен иттерi де 
басмашылардан ығып, үйлерi мен үйшiктерiне тығылып алған 
ба? — дедi.
— Мылтық даусынан алдымен бала мен ит қорықпаушы ма 
едi. Басмашылар бүкiл ауылдың үрейiн ұшырып қойған. Мұны 
мана айттым ғой.
— Әне бiр үйдiң бұрышынан сығалап тұрған кiм?
Бейiсқожа Сүлеймен нұсқаған үйге қарады. Сығалап тұрған 
кiсiнi көрген соң:
— Ей, Елемес, берi кел! — деп қол бұлғады.
Анау бұрыштан атып шықты да берi жақындады. Жүзiнде 
үрей бар сияқты.
— Беке, “сiздi Озғардың адамдарына қосылып кеткен бе” 
десем, жаныңыздағылар өзiмiздiң қазақтар екен ғой. Мұрсат 
көкем де сiзбен бiрге екен. Жол болсын? Озғармен атысуға бара 
жатырсыздар ма?
— Олар көрiнбейдi ғой. Қайда өздерi?
— Екi-үш басмашы қазiр ғана кеше сiздер бiзге берген 
жылқыларды айдап әкеттi. “Бiз ауылдан шығып кеткенше, бiр 
де бiреуiң үйлерiңнен шығушы болмаңдар” деп кеттi. Мен зәр 
қыстап далаға шығып едiм, сiздердi көрiп қалдым. Олар сiздермен 
кездескен жоқ па?
— Жоқ, әлi кездеспедi. Озғардың өзi қайда екенiн бiлмейсiң 
бе?
— Ол Пұштай бастықтың үйiнде-ау деймiн.
— Басмашылар жылқыларды қайда айдап кеттi?


479
Сүлеймен қарақшы
— Пұштайдың үй жағына. Сiрә, оларды колхоздың қорасына 
жинап жатыр-ау деймiн. Айтпақшы, бағана бiр басмашы “сiздi 
тап” деп Әнесқожаны әбден сабады. Жеңешемдi де аямады.
— Әйтеуiр өлтiрiп қойған жоқ па? — деп шап еттi Мұрсат 
Бейiсқожадан бұрын.
Бейiсқожа ерiнiң қасын қолымен сығымдай ұстап, тiстенiп 
отырды.
— Әнесқожа деген кiм?
— Бейiсқожаның iнiсi ғой, — дедi Елемес Мұрсат үшiн жауап 
берiп.
Бiрақ Бәке, басмашы оны қатты ұрмады. Қамшымен екi 
рет салып жiбердi. Ал жеңешемдi бiр-ақ рет ұрды. Мен “әбден 
сабады” деп қатты айтып жiберiппiн. Шынын айтқанда, оларға 
ештеңе де болған жоқ.
Бейiсқожа әлi үнсiз. Түнерген қалпынан айнымай отыр. 
Мұрсат та сөз айтпады. Оның да бетiнен ашудың табы байқалады. 
Болмашы нәрсенi айтып қойғаны үшiн өзiн мына екеуi таяқтап 
тастай ма деп ойлаған Елемес:
— Атаңа нәлет ит басмашылар. Адамды сөзiнен де жаң-
ылыстырып қояды ғой. Одан соң сiздiң жаныңыздағы мына 
бiр дәу кiсiнi көрiп, жүрегiмнiң ойнап кеткенi. Жалған айтсам, 
кешiресiз, — деп қипақтады екi көзiн Сүлейменнен алмай.
— Әнесқожа басмашыларға не дедi?
— “Көкемдi кешеден берi көргенiм жоқ” дедi. Басқа ештеңе 
айтпады.
— Сен жұрттың бәрiне хабарла. Қорықпай үйлерiнен шығып, 
Пұштайдың там жағына келсiн. Бiз қазiр сол жерде Озғардың 
басын кесемiз.
— Е, мейлi, көке. Мен айтуын айтам ғой. Бiрақ олар барса 
деңiз.
Бейiсқожа қайтып оған сөйлемедi. Өз серiктерiне бұрылды:
Есiттiңдер ғой, басмашылар Пұштайдың үй жағына 
кетiптi. Олар бiз жайратқан сарбаздарын күтiп отырған болар. 
Сәл кешiксек, басмашылар оларды iздеп шығуы мүмкiн. Ал 
бiз бұрын қимылдап, Озғарды бандысымен қоса, өзiн де қолға 
түсiруге ұмтылайық.
— Сонда Пұштайдың үйiне қарай осылай ашық жүре беремiз 
бе?


480


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет