483
Сүлеймен қарақшы
таратайық. Ал
сонда, колхоз бастықтарына не iстейсiңдер? Бiз
Парманқұл, Айдабол үшеумiз ертең бұл жерден кетемiз. Сендер
қаласыңдар. Сол кезде колхоз бастықтары өздерiңе тыныштық
бередi деп ойлайсыңдар ма? Бұл — бiр. Екiншi, Озғардың тауда
қалған сарбаздары келiп, шауып жүрсе, не iстемексiңдер? Екеуiң-
ақ оларға қарсы тұра аласыңдар ма?
Бейiсқожа мен Мұрсат үндемедi. Шынында Сүлеймен айтқан
жәйттердi ойламаған сияқты.
— Сонда не iсте дейсiң? Бiрақ бұларға қарсы ақыры бас
көтердiк пе, ендi оны аяғына дейiн апарамыз. Дегенмен, расында,
колхоз бастықтары туралы қаперiмiзге кiрмептi.
— Күнi ертең iс насырға шауып бара жатса, колхоз бастықтарын
қарабет қылатын бiр амал бар. Ол амалды қазiр жасап алуларың
керек. Ал қазiр Озғарды бiр жақты етiп алайық.
Менiң әдетiм
бар, өзiме жалынған қауқарсыз адамға қол көтере алмаймын.
Егер шектен шығып, жынымды бiр қоздырып жiберсе, онда оның
өлгенiне қарамаймын. Мына сорлыларға қазiр жаным ашып тұр.
Бәлкiм бұлардың қылмысын көрмеген соң солай боп тұрған
шығар.
— Осылар жасаған күнәһарлықты көрсең, болмаса естiсең,
төбе шашың тiк тұрады. Қазiр ғой, сұмдар моп-момақан болып
тұрғаны.
— Сонда да қолымызды қанға мала берген жақсы емес. Одан
да басмашылар бiр-бiрiн өлтiрсiн.
Сүлейменнiң сөзiнен өзiнiң
аман қалатынын бiлген Құрбан,
екi қолын қусырып, тiзерлеп отыра кеттi.
— Жөн айтасыз, әка, жөн айтасыз. Өз кiнәмдi мен Озғарды
өлтiрiп қана жуа аламын. Жiберiңiздершi менi оған тезiрек. Тура
барамын да, ай-шай жоқ, қақ шекесiнен атып саламын. Сөйтiп
басын кесiп аламын да, дәл сiздiң аяғыңыздың астына тастаймын.
— Сүлеймен, сенбе оған.
— Қоя тұршы, Бейiсқожа, бiр сөздi қайталай бермей. Алдаса,
өз обалы өзiне. Құрбан “сөзiмде тұрамын” деп Құдай атымен
ант-су iшшi.
— Ант етем,
ант етем, — деп Құрбан бетiн қайта-қайта
сипады. Ол аздай жердi алақанымен қайта-қайта сабалады: —
Анттан тайсам, қызығымды қара жер көрсiн,
қызығымды қара
жер көрсiн.