499
Сүлеймен қарақшы
— Парманқұл, әкелiңдер екеуiн берi!
Айдабол мен Парманқұл қосақталып байланған екi
қашғарлықты Сүлейменнiң алдына сүйреп әкеп, дуалға
сүйеп отырғызды. Қосақталған
екеу келген қазақтардың кiм
екендiктерiн әлi бiлмегендей, таңырқаулы жүзбен қарап отыр.
— Неге қалшылдайсың?
Сүлеймен бұлай әдейi сөйледi. Себебi кiнәсiз адам нағыз
қорқақтың өзi болмаса бұлай қалшылдамай,
сөзбен болса да
қарсылық көрсетiп бағар едi. Ал мынау iстеген iсiне зауал
келгенiн түсiнiп, ендi құтылмасын бiлгендей күйге түсiп отыр.
Сүлейменнiң жәй сөйлегенiнiң бiр мәнiсi — оны сәл де болса
қорқыныштан сейiлту едi. Әрi сұрағына дұрыс жауап алайын
деген ойы бар-ды. Алайда анау қалшылдауын қояр емес.
— Әй қалшылдама деймiн саған! Атың кiм?
Сүлеймен гүж еткенде, дiрiлдеген қашқарлық жанындағысының
кеудесiне басын тықты. Паналағаны ғой оны.
— Не сұрап тұрмын сенен?! Атыңды айт!
— Жақар, — дедi ананың тiлi әзер сөзге келiп.
— Сенiң атың Жақар болды. Ал мынаның аты кiм?
— Қорасан.
— Жақар, бiз саған тиiспеймiз. Тек менiң сұрақтарыма дұрыс
жауап берсең болды. Ал
егер өтiрiк айтсаң, өздерiңнiң мына
қылыштарыңмен бастарыңды шауып кетемiз.
Жақар осы сөзден кейiн дiрiлiн сәл басты.
— Сiздердiң кiм екендерiңiздi бiлмеймiн. Ал мынау жәкемдi
танимын. Пұсырманқұл жәке, былтырғы татар қатынның өлiмiне
менiң қатысым жоқ. Сiздер осыны бiлмекке келiп тұрсыздар
ғой-ә?.
— Сол iспен келгенiмiздi қайдан бiлдiң?
— Бiлем. Сiздiң менi iздеп жүргенiңiздi есiтiп, осылай ойлағам.
— Дұрыс ойлапсың, хайуан.
Содан бiр жыл бойы қашып
жүрдiм де. Сүлеймен, мұның зарын тыңдап тұратын уақытымыз
жоқ. Дилданы кiм және не үшiн өлтiргендерi туралы тезiрек
айтып берсiн. Оған мұның да қатысы бар.
— Ә, Пұсырманқұл жәке. Айттым ғой, “оған қатысым жоқ”
деп. Ал кiмдер өлтiргенiн айт десеңiздер, айтып берейiн.