Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет232/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
барып, шалқасынан құлады. Дәу адамның құлағаны да жаман. 
Жер ойылып кеткендей гүрс еттi.
Озғар сонда да тыпырлап, тұрмаққа әрекеттендi. Алайда миы 
шайқалып кеткен бе, басын көтере алмады. Оң аяғын жиып, 
қолын етегiнiң қонышына жүгiрттi. Оның қонышынан бiр қару 
шығаруға әрекеттенгенiн сезіп, жетiп барды да, қолының бiлек 
тұсын табанымен басты. Озғар айқайлап жiбердi.
Айқайлауын айқайлағанымен артынша үнi өшiп, Сүлей-
меннiң табанынан қолын тартып алмаққа әрекеттенiп, бұлқына 
бастады. Босқа бұлқынды. Қанша әрекеттенгенiмен қолын 
шығара алмады.
— Ей, дәу қазақ, менi бәрiбiр жеңе алмайсың. Айқас әлi бiткен 
жоқ, — деп екi аяғын көтерiп алып, бiр тептi.
Қарын тұсынан тиген тепкiден Сүлеймен артқа теңселдi. 
Осыны пайдаланған Озғар атып тұрды. Атып тұрды да, бiрден 
атылды. Екеуi тағы да ұстаса кеттi. Бұл жолы екi дәу күреске 
түскен балуандардай бiр-бiрiн ары-берi бiраз ырғасты. Аздан 
соң Озғар жамбасқа алып, атып ұруға ыңғайланды. Алайда 
тәсiлi iске аспай, өзi етпеттей құлады. Бiрге құлаған Сүлеймен 
дереу оның үстiне қонып, басынан аямай үш-төрт мәрте соқты. 
Алдымен жұдырықпен соққан-ды. Кейiн шынтағымен екi рет 
ұрды. Бағаналы берi дүлей соққыға төтеп берген Озғар, осы 
жолы серейдi де қалды. Мұны көрсе де әлi ашуы басылмаған 
Сүлеймен:
— Ит басмашы. Пiрiңдi танымай жүр екенсiң, — деп және бiр-
екi рет сабалады. Сосын дереу көтерiлiп, Пұштайдың жағасынан 
алды.
— Сен, итаршы сүмелек! Мына басмашыны ат құйрығына 
алып, ауылдың арасымен сүйре! Қазiр өлмесе, сонда өлсiн. Әйдә, 
iсте айтқанымды!
Сүлеймен өлтiрiп қоя ма деп қалтыраған Пұштай:
— Мақұл, көке, мақұл, — деуден басқаға шамасы келмей, 
анадай жердегi Озғардың атына жүгiрдi. Ол атқа жеткенде, 
Сүлеймен не iстерiн бiлмей аңтарылған Ерсiн мен Ордашқа 
жақындады.


493
Сүлеймен қарақшы
— Сендер неге өз жұрттарыңды жылатып, басмашыларға 
болысып жүрсiңдер? Екеуiңдi де қазiр жер жастандыра салайын 
ба? — деп қатар тұрған екеуiн екi қолымен ұстап, бiр-бiрiне 
соғып жiбердi.
Ұрмақ түгiлi, айқайлап жiберсе де жүректерi жарылуға шақ 
тұрған Ерсiн мен Ордаш жерге жалп-жалп еттi. Бұл кезде Пұштай 
Озғардың атын әкеп, ердiң қасындағы iлулi арқанмен жердегi 
басмашыны байлауға кiрiскен. Арқанды Озғардың мойнына 
байлай берген оған Сүлеймен: 
— Ай, итаршы. Арқанды мойнына емес, қолына байла. Әлi 
жаны бар өзiнiң. Мойнына байласаң, бiрден өлiп кетедi. Ал 
қолынан байлап сүйрелесең, шыбын жаны көзiне көрiнiп, жұртты 
қинаған қандай қиын болатынына көзi жетiп өлер, — дедi.
Қарсы бiр сөз айтуға шамасы болмаған Пұштай дiрiлдеп 
тұрып, Озғардың қолдарын байлады. Сосын аттың тартпасын 
жақсылап тартты да ерге қонып, арқанның бiр ұшын тақымына 
басты.
— Тура осы бойда шауып, ауылды бiр аралап өт те, осында 
қайта орал! Егер әудем жер ұзаған соң Озғарды тастай қашсаң, 
жердiң астына кiрiп кетсең де тауып аламыз. Әйда, шап?
Пұштай атқа қамшы басты. Озғардың денесi ат соңынан 
сүйретiле кеттi. Ол кеткесiн, Сүлеймен Ордаш пен Ерсiнге 
бұрылды:
— Ал, сенген Озғарларың өлдi. Ендi кiмнiң артына кiрiп өмiр 
сүресiңдер? Жә, сендерге сұрақ берiп, нем бар. Өз қазақтарыңды 
басмашылармен бiрге тонап жүрген екеуiңе зауал келетiн күн 
туды бүгiн. Бейiсқожа, Мұрсат, айтыңдаршы, бұларға не iстеймiз?
Қатар қойып, екеуiн де атып тастай салайық. 
— Жоқ, Мұрсат, қатын, бала-шағаларын жетiмсiретiп не 
қыламыз. Одан да бұларды да ат көтiне байлап ауыл арасымен 
сүйрейiк. Қаны қарайған ауыл жұрты екеуiнiң беттерiне түкiрсiн.
Осыған келiскен қазақ қаһармандары Пұштайдың есiк 
алдындағы байлаулы аттарды әкелiп, екеуiнiң қолдарын байлады. 
Мұрсат пен Бейiсқожа атқа қонып байлаулы екеудi ауылға жаяу 
сүйретiп әкеттi. Содан Озғардың өлiгiн сүйреткен Пұштай, 
Ерсiн мен Ордашты жаяу сүйрелеген Бейiсқожа мен Мұрсат 


494


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет