Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет231/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
— Ей, Бейiсқожа! — деп айқайлады Озғар. — Егер айтқанымды 
iстемесең, мына үш бауырыңды атып саламын. Бұлардан 
айрылғың келмесе, көрсет қасыңдағы дәудi!
— Атсаң, ата бер. Бұлар маған бауыр емес, сенiң достарың 
ғой. Бiрақ одан кейiн “өзiм құтылып кетемiн” деп ойлама.
Бiр-бiрiне дауыс анық естiлер тұсқа келгенде, аналар тоқтады. 
Үш бастық қолдарын түсiрер емес. Озғар оларға тапаншасын 
кезенiп тұр. Сүлеймен оған қарап едi, ол шынында нән адам екен. 
Аттың үстiнде таудай боп, өңкиiп отыр. 
— Озғар, тұрған жерiңде жалп еткiзейiн бе?
— Қалтарыста тұрып, ашық жерде тұрғанды атып жiберу 
оңай. Шын жаужүрек болсаңдар, берi шығыңдар!
— Сен қашаннан берi ашық шайқасқа шығатын батыр болып 
қалдың? Мейлi, шығайық. Кел, жақында бiзге!
Бейiсқожа осыны айтты да, Мұрсатқа бұрылды:
— Өңкиген неменi қарауылға алып тұр. Арамдық қылатындай 
болса, басып қал.
Сөйтiп өзi бiрiншi болып, бұрыштан шықты. Артынан 
серiктерi ердi. Серiктерi иығынан ғана келiп тұрған Сүлеймендi 
көргенде, Озғар тапаншасын лақтырып жiбердi. Сосын атынан 
секiрiп түстi.
— Мынау ма, дәуiң? Шығар берi ортаға!
— Озғар, қулық қылсаң, бiрiншi өзiң ажал табасың.
— Қойшы, Бейiсқожа, соған әрдеңенi айта бермей. Артында 
маған десе он адамы тұрсын. Шығамын мен ортаға. Әр нәрседен 
күдiктенiп тұратын менi қорқақ деймiсiң.
Сүлеймен алға атып шықты. Аттан түскен Озғар бұл 
уақытта бұларға қарай жүрген. Сүлеймен де оған қарсы жүрдi. 
Бейiсқожалар соңынан iлестi. Әп-сәтте екi алып бiр-бiрiне 
қарама-қарсы тұрды. Бiрiншi болып Озғар сөйледi:
— Сен бе, менiң адамдарымды қырып салған?
— Мен.
— Бәсе, мен келгенде алдымда тышқанша жорғалайтын 
мыналар бүгiн неғып құтырды десем, сен екен ғой, бұларды 
әңгiдей ақыртып жүрген. Қазiр басыңды кесiп аламын. Содан 
соң беремiн бұл екеуiнiң жазасын.
— Тiлiңдi тарта сөйле, Озғар. Бiз сенiң алдыңда ешқашан 
тышқандай жорғалаған емеспiз.


491
Сүлеймен қарақшы
— Бейiсқожа, қоя тұр. Бұл оттай берсiн, — дедi Сүлеймен. 
Сосын Озғарға қарады: — Қане, айт, қандай шартың бар?
— Ешқандай шартым жоқ. Арманым сенi — өлтiру. Бұл өлкеде 
менiң алдымда тұратын ешкiм болмауы керек. Тұрған адам — 
азаппен өледi.
— Басқа айтатын ештеңең жоқ қой.
— Жоқ.
— Қалай төбелесемiз? Жалаң қолмен бе, әлде пышақпен бе?
— Менiң қолдарымның өзi — пышақ. Қорықсаң, қолыңа 
қалағаныңды ал.
Бет-әлпетi жаман екен найсаптың. Аузы-басын жапқан сақал-
мұрты тiкiрейiп, көздерi құтырған бұқаның көздерiндей қып-
қызыл болып кетiптi. Бiрде тiстерiн шықырлата тiстенiп, бiрде 
тiлiн жалақтатып, шығарып-шығарып қояды. Тайсақтайын 
демейдi. Қайта мысымен басқысы келгендей, ұмтылып-ұмтылып 
тұр. Оның бұл қылығын Сүлеймен басынғандық деп ұқты. Ал 
бiреудiң мұндайын көрсе, Сүлейменнiң шыдай алмай кететiнi 
бар.
— Жақында берi, ит басмашы! Кiмнiң-кiм екенiн көрейiк қазiр.
Таясып қалған екеуi бiр-бiрiн құлаштай соқты. Екеуiнiң де 
соққысы бастан тидi. Екеуi екi жаққа тәлтiректедi. Өз-өзiне 
тез келген Озғар айналып тұрып, бiр ұрып үлгердi. Соққысы 
сойылмен соққандай екен. Сүлеймен тағы тәлтiректеп, құлауға 
шақ қалды. Озғар құлатам деп ойлады ма, ақырып тұрып және 
ұрды. Сүлеймен қолын тосып үлгердi. Екi жуан қол бiр-бiрiне 
тигенде, тақ еткен дыбыс шықты. Озғар қолын ауырсынып қалды 
ма, дереу кейiн шегiндi. Сосын қолын сiлкiп-сiлкiп жiберiп, 
Сүлеймен шабуылдаса, қарсы алуға дайын болайын дегендей
екi қолын алға жiберiп, сәл еңкейдi. Сүлеймен бiрден шабуылға 
шықпады. Аңысын аңдып, сәл тұрды. Алайда Озғар шыдай 
алмай, тағы айқайлап ұмтылды. Сүлеймен перiп жiбердi. Жүгiрiп 
келе жатқан Озғар, бiр жағына жалп еттi. Оны жатқан жерiнде 
ұрмады. Тұруын күттi. Озғар сүйретiле әрең көтерiлдi. Осы кезде 
желкеден тиген соққыдан жер сүзе құлады. Бiрақ жаны бекем 
екен. Қолымен жер тiреп зорға орнынан көтерiлдi. Қаны қарайған 
Сүлеймен тұмсықтан бiр пердi. Озғардың аяғы жерден көтерiлiп 


492


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет