520
Сүлеймен қарақшы
— Паһ, паһ! Сiздi осында көрем деп ойламаппын. Жақсылап
жайғасып отырыңызшы өзiңiз. Мәңiз, мына жастықтарды алып,
арқаңызға сүйеңiз. Мен тамақ алдырайын. Не жеуге тәбетiңiз
бар?
— Әкелдiре берсейшi.
Әп-сәтте Сүлейменнiң алдына түрлi ауқаттар толды.
Қашғарлық мұны айналадағыларға таныстырып жатыр. Жәй
таныстырған жоқ. Әбден мақтап тастады.
Не керек, Сүлеймен отырғандармен тез тiл табысты. Әрдеңенi
бiр
әңгiме етiсiп, ұзақ отырды. Бiр кезде қасына ұзын шапан
киген бiр таулық келдi.
— Уа, Сүлайман әка. Сiздi көру бiзге көптен берi арман болып
жүр едi. Үйге жүрiп, мейман болыңыз. Дәдәм сiздi ылғи айтып
отырады. Ол кiсi де сiздi көруге құрсан. Шақыруымызға қайыл
қылыңыз. Атарба дайын.
Отырғандар әлгiнi қостап, гуiлдеп кеттi. Бәрiнiң айтқаны —
“барыңыз” болды. Аңғал Сүлеймен таулықтың шақыруын қабыл
алды.
— Үйiң қай жерде?
— Бозсудың бойында.
Көңiлiнде бөтен ой болмаған Сүлеймен оған ердi.
Далада қос ат жегiлген арба тұр екен. Ұзын шапанды таулық
екеуi соған жайғасты. Сарайдан әудем жер ұзаған соң Сүлеймен:
— Менi қонаққа шақырған дәдәң бұрын менiмен кездескен бе
екен? — деп сұрады.
— Уа, Сүлеймен әкә! Әлбетте, ол сiздi көрген. Сiздi бұл
шаһарда танымайтын адам бар ма?
— Оның да, сенiң де атыңды сұрамаппын...
— Менiң атым — Қосыл. Ал
дәдәмнiң атын атауға тiлiм
бармай тұрғаны. Үлкен кiсi ғой... Уа, қазiр барған соң ол кiсi өзiн
таныстырар.
Сүлеймен таулықтың неге нақты жауап бермегенiне мән
бермедi. Өзiн үнемi бiреулердiң сыйлап, күтiп жүретiнiне
дағдыланған оған мұндайда титтей де бөтен ой келмейтiн. Содан
да болар әңгiме әуенiн басқа жаққа бұрды:
521
Сүлеймен қарақшы
— Қара күздiң соңғы айы келсе де күн әлi жылып тұр. Бiр күнi
қалың қар түсе салуы мүмкiн. Үйлерiңдегi малдарыңа жем-шөп
дайындап па едiңдер?
— Арбаға жегетiн екi-үш ат,
бес-алты уақ мал болмаса,
басқадай түлiгiмiз жоқ. Шаһарда көп мал ұстауға қайыл да жоқ
қой. Осы, Сүлеймен әкә, сiздiң ел Қазығұрт жақта ма?
— Иә.
— Iлкiде әкем айтып отырушы едi. “Қазығұрт жақта қонағына
алтын табақпен ет тартатын Ордабек деген байбатша бар” деп.
Сондай кiсiнi естуiңiз бар ма?
— Есiткенiң не? Ол кiсiнi көргенмiн де.
— Пай, пай, сол алтын табақтары қайда кеттi екен-ә? Байбатша
оны тығып кеттi ме екен, әлде үкiмет тартып алды ма екен?
— “Ордабек алтын табақпен қонағына ет тартады екен” деген
артықтау сөз-ау. Бiрақ оның алтын құмандары көп
болған. Ал оларды қайда жiбергенiнен бейхабармын.
— Пай, пай, бәрiбiр қыр қазағы аңқау. Дүние-мүлiктiң қадiрiн
бiле бермейдi. Жылқы мен қойдың мәнiсiн жақсы бiледi бiрақ.
Қанша дегенмен мал— мал ғой. Жұт келсе — қырылып қалады.
Қонақ келсе — сойылып кетедi. Қартайса — адамға ұқсап өледi,
болмаса базарға түседi. Ал алтын деген жасай бередi. Пах,
шiркiн, менiң қолыма бiр құмыра алтын түсер ме едi. Сонда менi
күнде жұмсайтын мынау Бек... әй, дәу дәдәмнiң де, басқасының
да түкке қажетi болмас едi.
Сүлеймен оның Бек... деген сөздi аяқтатпай, күмiлжiп барып,
басқа нәрсенi айтып кеткенiне елең еттi.
— Әй, сен, бiреудiң атын атай алмай қалдың-ау деймiн.
— Не дейсiз? Ешкiмнiң атын ауызға алған жоқпын. Мен өзi
сөйлегенде қызбаланып кетiп, жаңылысып қалам. Қызбаланып
отырғанда тiлiм бiр нәрсенi айтып қалған шығар.
Оған алаң
болмаңыз. Әлгi алтын құрғыр туралы сөз қоз-ғасам делебем
қозып кетедi. Естуiмше, сiздiң елдегi
iлкiдегi байлар әр жерге
алтын тығып кеткен дейдi ғой. Сол рас па?
Сүлеймен өзiнiң жаңағы ойы жайында iлезде ұмытып,
Қосылдың сөзiне мырс еттi:
— Немене, сондай жерлердi қазып көрейiн деп пе едiң?