Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет57/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
Тықырдың өзiне де таянғанын бiлген Елсапа көкем ауылдан 
қашып кеттi. Жарты жылдан берi ол сонау Құрама асуында 
тығылып, жаңа өкiметпен соғысып жатқан өзбектермен бiрге. 
Мына қызыл киiмдiлер оларды “басмашы” деп жүр ғой, — дедi.
— “Басмаш” дейсiң бе, “басмашы” дейсiң бе, әлгi қызылдармен 
соғысып жүргендер тек өзбектер ғана ма екен? Елекең оларды 
онша жақтыра қоймаушы едi, ендi келiп, өзбектерге қалайша 
қосыла қалды? — дедi Сүлеймен.
— Олардың арасында қазағы да, тәжiгi де, қырғызы да 
барға ұқсайды. Бiрақ басмашыларды басқарып жүрген түбi — 
қыпшақ, қазiр өзбек болып кеткен Қоратай деген адам екен. Оны 
“құрбашы” деп атайды екен.
— Сен маған ендi нақтырақ айтшы. Елекеңдi таудың қай 
қуысынан табуыма болады?
— Олардың тау қуысының қай жерiнде тығылғанын итiм бiлiп 
пе? Атты адамға үш-төрт күндiк жол болатын Құрама асуында 
не көп — үңгiр мен шатқал көп. Бәлкiм олар қырғыз асуында 
жатқан болар. Естуiмiзше, басмашылар топ-топқа бөлiнедi екен. 
Әрқайсысында Қоратай секiлдi бiр-бiр құрбашылары бар дейдi. 
Iздесең, алдымен Қоратайды iзде. Одан соң Елсапаны оңай 
табасың. Сен немене, шынымен-ақ сол жаққа бармақсың ба? 
Жол-жолдың бәрiн қызыл киiмдiлер торып жүр. Ұсталсаң, сөзге 
келмей ата салады.
— Барам, ердей тау асып келгенде, Елекеңдi бiр көрмей 
қайтпаймын.
— Ол жақта не бар саған, Сүлеймен? “Көрмеген жердiң ой-
шұңқыры көп” деген. Әрi мынау Нұрсапа айтпақшы, жол торып 
жүрген қызылдардың көзiне түсiп қалсаң, айтқан жерден аулақ, 
басыңа құран оқитын кiсi де табылмай қалар.
— Шынында, өзiң бұрын көрмеген жерге барудың не қажетi 
бар? Бұған қоса, ол жақ елi көп, тегiс дала да емес. Елсапаны қай 
құздан, қай шатқалдан iздеп әуреленесiң? Қой, бiзбен бiрге қайта 
елге жүр. Бiр қыс бiздiң ауылда қыстасаң болды, көктемге салым 
елiңе қайтарсың, — дедi Топыш та Қасқабайды қостап.


122
Сүлеймен қарақшы
— Жоқ, әзiрше Сүлеймен алған бетiнен қайтқан емес. 
Алдымнан кездесер қиындық мен үшiн қатер емес. Барам деген 
соң барам, Елекеңе. Оны таппай қоймаспын.
Қасқабай мен Топыш қайта сөйлемедi. Сүлейменнiң алған 
бетiнен қайтпайтынын олар бiледi.
— “Серiгiн жарты жолда тастамас болар” деген. Осынша 
жерге бiрге келдiк қой. Елекең жаққа да бiрге барайық. Не 
көрсек те, бiрге көрейiк.
— Әй, Қасқабай-ай, “қыран жеке ұшады, сырттан жал-ғыз 
жортады” дегендi бiлмеушi ме едiң? Өздерiңдi зорлап, маған 
ермей-ақ қойыңдар. Көп болсақ, көзге түсуiмiз оңай. Кей сапарда 
жалғыз ат, сабау қамшылы жүрiс пайда әкелетiнiн сен менен гөрi 
жақсы бiлесiң. Осы жерге дейiн менiмен бiрге келгендерiңе бек 
разымын. Сендерге қайтуға ұлықсат. Жолдарың болсын!
Бiрбеткей Сүлейменге қарсы уәж айта алмаған үшеуi 
аттарының басын кейiн бұрды. Сүлеймен болса, Нұрсапаның 
үйiне бiр күн қонып, ертесiне жолға шықты.
— Былай қарай тура жүре берсең, Қызылбелдегi үңгiрге тап 
боласың. Үңгiр маңындағы қызылдардың әскерi тұруы мүмкiн. 
Олардың көзiне түспей, таң атқанға дейiн сол маңда аялда. 
Ары қарай құлама жарлы, терең шатқалды тау iшiне бiр кiрiп 
кетсең, олардан қауiп жоқ. Одан соңғы қауiп, сонда тығылған 
басмашылардан келуi мүмкiн. Егер Қоратайдың жiгiттерiнен 
басқа басмашыларға кездесiп қалсаң, ерегiсе берме. Адам өлтiрудi 
мал бауыздаған құрлы көрмейдi олар. Ал, ендi, Құдай алдыңнан 
жарылқасын. Сенiң ненi мақсат тұтып бара жатқаныңды 
бiлмесем де, әйтеуiр дiттеген жерiңе есен жет. Елекеңе бiздiң 
амандығымызды жеткiзiп, сәлем айтарсың, — дедi Нұрсапа оны 
шығарып саларда.
Шынында, алдынан кездесер қаншама қауiп-қатердiң барын 
бiле тұра, өзiне беймәлiм жолға, болашағы көмескi сапарға — 
Елсапаны табудан басқа ненi көксеп, ненi мақсат тұтып бара 
жатқанын Сүлейменнiң өзi де бiлмедi. Ат жалын тартып мiнгелi 
бiр жерде ұзақ уақыт тұра алмайтын дағдысы шығар, мұны мұндай 
сапарға итермелеген. Бәлкiм Қасқабай ауылында да, Нұрсапа 
елiнде де тыныш жата алмайтынын бiлген соң жолдан адасып, не 


123


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет