Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет65/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
адам күнелтуге тұрарлық не су, не жанға сая бiр бұта болсайшы. 
Осыны ұққан Төрекелдi айтты:
— Мына асу онша биiк емес екен. Не болса да осыдан асып бiр-
ақ тоқтайық. Еш болмаса, шылжырап аққан бiр бұлақ табылар.
IV
Қашқындар асу басына қиналмай көтерiлдi. Асудың үстi 
ойпаң екен. Бiраз жүрген соң асудың арғы жиегiне жеттi. Асудың 
бұл жақ етегi қалың тоғай. Тоғайдың ортасы ашық алаңқай. 
Алаңқайда бiрнеше күрке тұр. Күркенiң маңайында ары-берi 
жүрген адамдар көп. Бәрi мылтық асынған. Оларды көрген 
Төрекелдiнiң тобы дереу кейiн шегiнiп, тоғайдағы жүрген 
адамдар көрмейтiндей жерге келiп тоқтады.
— Бұлар кiмдер болды екен?
— Бұлар да тау ықтаған басмашылар шығар, Салықбай. Әнеукүнi 
Нұрсапа айтып едi, “таудың әр қуысында басмашылардың тобы 
бар” деп. Солардың бiр тобы болмаса неттi?
Тұқымы құрысын, Сүлеймен. Осы сiлемнен ассақ, 
алдымыздан Қоқан шыға келетiндей болып көрiнiп едi маған. 
Мына таудың бiтетiн түрi жоқ қой.
— Түрке, Қоқанға жақын жерге басмашылар тығылушы ма 
едi, — деп сөзге Көкен араласты.
— Бұлай тұра берсек, жаудың жан-жағымыздан қоршауы оңай. 
Әне бiр қарайып көрiнген үңгiрдiң аузы ма? Сол жаққа барып 
паналайықшы. Не iстерiмiздi сонда кесiп-пiшермiз. 
Бағаналы берi жолбасшылықты қолына алған Төрекелдi бәрiн 
ертiп, үңгiрге қарай жүрдi.
Үңгiр деп келгендерi жаппа тастардың қуысы екен. Қуыс 
оншақты адам сиярлықтай кең. Соның iшiне тығылған 
қашқындар алма-кезек қарауылға тұрып, кешке дейiн демалды. 
Кеш батып, айналаны қараңғылық басқан кезде бәрi ойласып, 
өздерi күндiз көрген, сонау сай түбiндегi күркедегi адамдарға 
шабуыл жасамаққа бекiндi.
— Олар да бiз секiлдi қашқындар болмасын. Бiреу-мiреуiн 
нақақтан-нақақ өлтiрiп қойып, обалына қалып жүрмейiк.


138
Сүлеймен қарақшы
— Дөңбай, елден жырақ түз тағысы ғана жүретiн мұндай 
тау iшiнде тегiн адамдар күрке тiгiп, мылтық асынып жүре ме? 
Қашқындар болса кетер едi, беттерiмен лағып. Құдай бiледi, 
бұлар да басмашылар. Әй, құрысыншы… Олар кiм болса, ол 
болсын. Қаннен-қаперсiз отырған жерлерiнде бассаламыз. 
Шұрылдаған iшек пен арсыз атауға сеп болар бiрдеңе үшiн 
олардың кiм екендiктерiн анықтап жатуға хал жоқ. Аштан өлемiз 
бе? Қарсыласатын болса, атып өлтiруден тайынбаңдар. Әлгiнде 
айтқанымдай, ең бастысы — бәрiмiзге жетерлiк мылтық пен бiраз 
ас-суды олжалап қайтсақ болды. Дегенмен сақ болып, жұмыла 
қимылдайық. 
Төрекелдi осылай қызулана сөйледi.
Үш мылтықты Салықбай, Аязбек, Сиязбек үшеуi алып, 
азанда шатқал аузындағы қарауылдардан олжалаған артық оқ-
дәрi салынған белдемшелердi белдерiне байлады. Бас-қалары 
ұстайтын қарулары болмағандықтан қарагер аттың ерiндегi 
үзеңгiлердi шешiп, бiрiн Төрекелдi, бiрiн Сүлеймен алды. “Бiр 
кәдеге жарар” деп шылбырын Түрке белiне байлады.
Бес қаруы сай болмаса да, осылай қолда барларымен 
сайланған сегiз қазақ тас қуысынан шығып, асу шетiне келгенде, 
сонау төменде, бағана өздерi көрген тоғай iшiнен әлi сөне 
қоймай, жылтырап жанған шоқтарды көрдi. Бәрi бiрден сол 
жақты бетке ала ылдилады. Онша көп уақыт өтпей-ақ, тоғай 
шетiне iлiктi. Күндiз жоғарыдан тұтасып көрiнетiн тоғай iшi 
анау айтқандай қалың емес екен. Одан қиындықсыз өткен сегiзi 
қараңғыда қарайып көрiнген күркелерге жақындады. Күркелер 
маңы тып-тыныш. Тiптi тiршiлiк белгiсiн бiлдiретiн бiр дыбыс 
болсайшы. Түн кезiп, алар жемтiгiн оңай қарпып кететiн
нысанаға жақындағанда бiрiн-бiрi тiлсiз ұғатын бөрiлердей, 
әбден ұрлық пен сұмдықтың небiр түрлерiн бастарынан өткiзiп, 
шетiнен тiсқаққан қарақшылар атанған Төрекелдiнiң тобы аз-кем 
уақыт тың тыңдап тұрды да, шеткi күркенi қоршады. Күркеден 
еш болмаса ұйықтап жатқан адамның дыбысы да шықпады. 
Бәрiнен жылдам Дөңбай мысық жүрiспен еңбектеп барып, күрке 
iшiне кiрiп, артынша қайта шықты. Содан “берi жақындаңдар” 


139


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет