132
Сүлеймен қарақшы
Шетте отырған Түрке мес аузындағы жiптi шештi.
— Бүгiн бiзге не бердi екен? Күндегiдей қатықсыз сорпасын
тағы тастаған ба, иттер.
— Не берсе де iше берейiк. Iшегiмiз жабысып қалмаса болды,
әйтеуiр, — дедi Төрекелдi местi өзiне қарай жылжытып.
Бұлар мес аузын сорып, тамақтануға кiрiскенде дәу тас
қайта жабылып, төбе жақ тым-тырыс болды. Сүлеймен местегi
сорпадан iшпедi.
— Жиiркенбей iше бер, Сүлеймен. Әйтпесе аштан қатарсың,
— дедi Көкен.
— Мына жерден
шығудың бiр амалын табайық, — дедi
Сүлеймен оған басқаша жауап қатып.
— Айттық қой саған. Еш амал жоқ.
— Бар. Мен бағана зынданға түсiп келе жатқанда байқадым,
зындан аузындағы тас доғалдау ернеулi тесiкке кигiзiледi екен.
Егер iшкi жақтан сәл ғана итере алсақ, тас ары қарай домалап
кетерi хақ. Иә, қатты домалап кетпесе де, адам сиярлықтай орын
ашылуы мүмкiн. Содан бiреуiмiз шығып, арқан-сатыны берi
қарай лақтырып жiберсек…
— Сен, болмайтынды айтады екенсiң. Ол тасқа дейiн қалай
жетемiз?
— Бiрiмiздiң иығымызға бiрiмiз мiнемiз, Салықбай.
—
Сен болмасаң, басқамыз бiр-бiрiмiздi көтере алмаймыз.
— Тоқта, Салықбай. Шынында мынау жақсы ой айтып отыр.
Осы жайын неге ойламағанбыз, ә? Бiрақ төбедегi қарауылдарды
қайтемiз?
— Әттең, Төрекелдi, Шолпан туатын таңғы мезгiлдi бiлмей
қаламыз да мына қапаста отырып. Әйтпесе олар таңғы ұйқыға
бөгiп жатқанда, iске кiрiсуiмiзге болатын едi. Мен ғой, осы
зындан түгiлi, айдалада жатсам да бiр ұйықтасам, өлiктей болып
ұйықтаймын. Ұйқысы сергек бiреулерiң бар ма араларыңда?
— Мен осында отырып күн мен түннiң қай мезгiлi болғанын
ұйқымнан бiлемiн. Жастайымнан аш
бөрiдей дала кезiп
жүргеннен қалған дағды ғой. Түн жарым ауа, жетi қарақшы
сәл көмескi тартқан мезетте ұйқыға бас қоямын да,
таңертең
құстан бұрын оянамын. Сол дағдым бұл жерде де бұзылған