Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет63/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
жоқ. Байқап жатамын ғой, мен оянған соң, екi-үш сағаттай 
уақыт өткенде төбедегiлер дүрсiлдетiп, ары-берi жүре бастайды. 
Соған қарағанда мұндағылардың таң азанымен тұрып iстейтiн 
тiрлiктерi жоқ-ау, — дедi Төрекелдi. 
Сөйтiп, Сүлейменнiң бастауымен әрқайсысы әр түрлi ой 
айтып, бiраз уақыт қызына сөйлеп отырды да, ақыры қиялдарын 
iске асырмақ боп бекiндi. Құс ұйқысы бар Төрекелдiге сенген бәрi, 
ендi қашып шығудың қамына кiрiсiп, кiм-кiмнiң иығына мiнiп 
әрекет iстейтiнiн ақылдасты. Бәрiнен дәу, әрi мықты Сүлейменнiң 
иығына ұзын Көкен мiндi. Оның иығына басқалардың көмегiмен 
зорға шыққан Түркенiң қолдары оп-оңай есiк аузындағы тасқа 
жеттi. Түрке тасты итерiп көрiп едi, оның жылжитындай сыңайы 
бар екен. Осылайша, үш-төрт мәрте жаттығу жасап алған бұлар, 
ендi ерте таңды күтiп, орындарына жайғасты.
Құдай iсiмiздi оңдап, сыртқа шыға қалатындай болсаң, 
таспен ұрасың ба, әлде буындырасың ба, әйтеуiр алдымен 
қарауылдардың көзiн құрт. Оны iстеу саған оңай. Бiздi қашып 
шығады деген ой қаперлерiне де кiрiп-шықпай, олар ешбiр 
секемсiз ұйықтайды. Содан соң арқан-сатыны берi қарай тастап 
жiберсең болды. Арғы жағында Құдайдың басқа салғанын 
көрермiз. Айтпақшы, қарауылдарды жайғаған соң, мылтықтарын 
алып, дайын отыр. Кiм бiледi, қандай жағдайдың боларын. 
Түрткенi Төрекелдi осылай қайта-қайта пысықтағаннан, 
зынданнан тап қазiр қашып шыққандай әсерде болған тұтқын 
қазақтар бойлары бiр сәт жеңiлдеп, уайымсыз ұйқыға батты. 
Ақиқатында, олардың ойлары сол түнi оңай-ақ iске асты. Онша-
мұнша түрткiге ояна бермейтiн Сүлейменнiң өзi басқалардан 
бұрын тұрып кеттi. Ешқайсысы бiр-бiрiне тiл қатпаған 
күйлерi, етiгiн шешiп жалаң аяқтанған Көкен жүрелеп отырған 
Сүлейменнiң иығына отырды. Екi қолын дуалға сүйей еңкейiп 
отырған оның иығына Түрке шықты. Сүлеймен болса екеуiнiң 
салмағын шыбын құрлы көрмей, орнынан тұрғанда, Түркенiң 
қолы тасқа тидi. Ол бiрден тасты сыртқа қарай итердi. Сәтiн 
салғанда, сырттан оңайлықпен ашыла қоймайтын тас, iшкi 
жақтан оп-оңай ашылды. Оны кiсi сиярлықтай етiп, орнынан 


134
Сүлеймен қарақшы
жылжытып қойған ол, төбе жақтан бiраз тың-тыңдап тұрды да 
зындан түбiне қарай еңкейiп сыбырлады:
— Мен мына жерден қарманып шыға алмаспын, сiрә. 
Сүлеймен тағы бiр кiсiнi көтере алса, арамыздағы салмағы жеңiл 
Дөңбай менiң иығыма мiнiп, сыртқа шықсын.
Мұны естiген Сүлеймен қайтадан жүрелеп отырды. Көкен мен 
Түрке жерге түспедi. Денесi шағын, қағылез қимылды Дөңбай 
тез-тез тырмысып, Түркенiң иығына лезде-ақ мiндi де өрмелеп, 
сыртқа кеттi. Әлден соң дүңк еткен дыбыс естiлiп, арқан-
саты iшке қарай шұбатыла түстi. Дөңбайдың iсiн iштей ұққан 
тұтқындар дыбыс шығармастан, жоғары көтерiлдi. Алдымен 
Түрке, одан соң Көкен мен Сүлеймен зындан сыртына шығып, 
тас дуалды жағалай отырды. Содан соң Аязбек пен Сиязбек, 
Төрекелдi мен Салықбай қатарға қосылды. Зынданнан бәрi 
шыққан кезде қолына мылтық ұстаған Дөңбай еңбектей жылжып 
бұларға жақындады. 
— Қарауыл бiреу-ақ екен. Таспен ұрып, сiлесiн қатырып 
тастадым. Ендi анау шатқал аузына қарай жылжиық. 
Тұтқындар сол жаққа еңбектей жөнелдi. Әп-сәтте шатқал 
аузына да келдi. Тура шыға берiсте арқаларын тасқа сүйеп алған 
екi кiсi ұйықтап отыр. Дөңбай бiреуiн құлаштай соқты. Ол оны 
соққан кезде Сүлеймен екiншiсiнiң қақ маңдайынан қолының 
қырымен бiр ұрды. Сорлы үн шығарып та үлгермедi. Тасқа 
жабысқан күйi қатты да қалды. Төрекелдi екеуiнiң үстi-басын тез-
тез тiнтiп, жарамды заттарын қойнына тықты. Мылтықтардың 
бiрiн Сүлеймен, бiрiн Салықбай алып, бәрi дереу шатқалдан 
жүгiрiп-жүгiрiп шықты. Ешқайсысы айнала қоршаған таудың ой-
шұқырын жөндi бiлмесе де, әйтеуiр, осы басмашылар үңгiрiнен 
алыстап кетудi ойлап, алға ентелестi. Тау iшiн таң жарығы ендi 
ғана бозамыққа орап, құз-жартастар көзге айқын шалынарлықтай 
мезгiл едi бұл кез.
— Жаудан қашып құтылғанымыз тәуiр-ақ. Бiрақ қарагер 
атымның солардың қолында қалып бара жатқаны iшiмдi өртеп 
тұр. 
— Аты құрысын, Сүлеймен. Амандық болса, әлi талай ат 
мiнерсiң. Одан да ендiгi күнiмiз не болмақ, соны ойлайық. Бiздi 


135


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет