Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет67/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
ентелей басты. Етпеттей түсiп, қарсы бетке қарай оқ боратқан 
Салықбайдың жанына жеткенде, ол:
— Серейiп, бұл тұрысың қалай? Жатсайшы. Бiр оқ басыңды 
жұлып түссiн деп тұрсың ба?! — деп айқайлап бердi.
— Атылған оқ емес, шыбық астында жатқан бiр жауыздың 
пышағы көзiмдi ойып түсiре жаздады.
— Отырма мұнда? Еңкейген күйiңде тоғай iшiне кiре бер.
Сүлеймен тоғай iшiне кiргенде, арттағы атыс бiрте-бiрте 
саябырсып, басылды. Осы кезде:
— Жiгiттер, қайдасыңдар? — деген айқай шықты бiр бүйiрден.
Сүлеймен бiрден таныды. Төрекелдiнiң айқайы. Бұл ендi 
бұта астынан еңкейе жүрiп, солай қарай беттедi. Аздан кейiн бiр 
ағаштың түбiнде тұрған үш-төрт кiсiнi байқады.
— Сүлеймен, сенбiсiң?
— Мен, мен.
— Қалай, оқ-шоқтан аманбысың?
— Оқтан аманмын. Бiрақ ойда-жоқта құлаған күркенiң 
астындағы бiреу пышақ ұрып, көзiмнiң алдын жарақаттады. 
Пышақ тиген жерден аққан қан тиылайын демейдi. Көзiмдi баса-
баса екi алақаным да қан болып кеттi.
— Көзiң аман ба, әйтеуiр?
— Көз аман сияқты. Астыңғы қабақ тiлiндi-ау, шамасы.
— Онда ештеңе емес. Аққан қанды тоқтатуға болар. Ал 
қазiр аман қалған басқа жiгiттердi жиып алайық. Бiзден қашқан 
басмашылар тоғайдың анау шетiне тығылды. Өздерiнiң қанша 
екенi де белгiсiз. Ай да туып келедi. Тоғайдан ендi шығатын 
болсақ, олар бiздi оқпен оп-оңай қағып тастап отыруы кәдiк. Сол 
үшiн де осы тоғайдың бiр шетiне жетiп, таң атқанша тасалай 
тұрайық.
Ол осыны айтып болғанда, алқынып Салықбай келдi.
— Қалай, түгелмiсiңдер?.
— Көкен, Дөңбай, Түрке жоқ. Ал мына Сиязбектiң оң аяғына 
оқ тиiптi. Сүлейменнiң көзi… — дедi Аязбек.
— Сүлейменнiң көзiн бiлем. Ал анау үшеуi қайда?
— Кiм бiледi, бiздi таппай адасып жүрген болар. Аттарын 
атап, тағы айқайлайық.


142
Сүлеймен қарақшы
Аязбек “Дөңбай, Түрке!” — деп бiрнеше мәрте айқайлады. 
Дыбыс қатқан олар болмады. Аязбек тағы айқайлады.
— Болды, айқайлама ендi. Анау тiрi қалған басмашылар 
сыртымыздан дауысты бағыттап келiп, ойран-тасырымызды 
шығармасын. Адамдарымыз тiрi болса, келер артымыздан. Ал 
өзiмiз таңға дейiн паналайтын жер табайық, — дедi Төрекелдi.
Ай жарығында асуға шығып, бағанағы қуысқа жетуге 
болмайтынын бәрi сезiп, тоғайдың екiншi шетiне қарай 
жылжыды. Бiраз жүрген соң жартас етегiне барып тiрелген 
тоғайдың қалың шетiне келдi. Бiр ағаштың түбiнен шылжырап 
аққан судың сарылы естiлдi.
— Осы жерде түнеймiз. Сүлеймен, көзiңнiң қаны тоқтады ма? 
Сиязбек, аяғың қалай? — деп сұрады Төрекелдi.
— Әкеңнiң аузын… Бар қаным осы қабақтан ағып, ада болады 
бiлем ғой.
— Оқтың тiрсекке тимегенiне де шүкiр. Тек балтырды жалап 
өткен бе, қалай, әйтеуiр жүргенде онша ауырмайды. 
— Сендердiң жарақаттарыңа күйдiрiп басатын киiз де жоқ. 
Мына жерде кебу топырақ болса, себiңдершi жараның орнына. 
Басқа амал жоқ. Таңға дейiн қансырап қалмаңдар, әйтеуiр.
Сүлеймен отыра қалып, жердi тырналады. Жылымшып аққан 
қаннан әп-сәтте зәрезәп болғаны сондай, Төрекелдiнiң айтқанын 
бағаналы берi неге еске алмағанына өкiнiп, қолына iлiккен кебу 
топырақты пышақ тиген жерiне басты. Баяғыда, бала кезiнде 
тiкенек кiрiп, iрiңге айналған iсiктi жарып жiберiп, болмаса тасқа 
ұрылып, терiсi аршылған аяқтарының саусақтарына топырақ 
сеуiп жүре берушi едi. Құданың құдiретi, сондайда жараға таза 
топырақтан артық ем болмайтын. Қазiр де сол көзiнiң астын 
оңбай тiлiп, терiсiн салбыратқан жарақаттың орнына топырақ 
басуы мұң екен, аққан қан заматта тиылды. Бiрақ шым-шым 
етiп ашып, ауруын қояр емес. Сиязбек болса, “ойбай, ойбай” деп 
қойып, ол да балтырына топырақ сеуiп жатты.
— Төрекелдi, сен дұрыс айтыпсың. Топырақтан кейiн қан 
тоқтады-ей.
— Мен бiлмейтiндi айтпаймын ғой, Сиязбек. Топырақ сыртқы 
жарақатқа кез-келген тәуiбiңнiң дәрiсiнен жақсы ем.


143


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет