140
Сүлеймен қарақшы
оны да үзеңгiмен бiр ұрып, қимылсыз қалдырды. Оның қасынан
шыққан бiреу: “Үйбәй, өлтiрмә, өлтiрмә”, — деп айқайлап,
үстiне жабысқан шыбықтарды ары-берi лақтырып, тыпырлап
тұрып келе жатыр едi, оны да бiр пердi. Ол шыбық үстiне жалп
етiп құлап, қайта тұруға шамасы келмедi. “Ендi тағы бiреуi бар
ма екен?” деп үзеңгiсiн оңтайлай, шыбық үстiне
көз тастап,
бiраз тұрды. Алайда анау үшеуiнен басқа дыбыс шығарған да,
қозғалған да ешкiм болмады. “Мұнда осы үшеуiнен басқа адам
болмады ғой” деп, айқай-шуға толып, ойраны шығып жатқан
ана жақтағы күркелерге бұрыла бергенде, қара түндi дiрiлдетiп
жiберген мылтық даусы естiлдi.
— Ойбай, мына бiреуi Көкендi атып кеттi. Салықбай, қайдасың?
Ат, ат тезiрек! — деген Төрекелдiнiң жандаусы шықты.
Сүлеймен не болғанын аңғармай жатып-ақ, екiншi рет мылтық
даусы тағы да шаңқ еттi. Осыдан кейiн кiмдi кiм атып жатқаны
белгiсiз, мылтық даусы жиiлеп, атыс басталды да кеттi.
— Бiреу-мiреуiңе оқ тиiп жүрмесiн. Аман қалғандарың болса
жатыңдар, — деп айқайлады Салықбай. — Төрекелдi, Сүлеймен,
Түрке, тоғайдың келген жағымыздағы шетiне қарай жылжыңдар.
Мыналар көп қой.
Сүлеймен еңкейе салып, дауыс шыққан жаққа жүгiрдi.
Айналасынан зу-зу етiп өтiп жатқан оқтардың дыбысы шығады.
Жүгiрiп
келе жатып, құлаған бiр күркенiң ағаштарына сүрiнiп
кетiп, етпетiнен түстi.
Тура бұл құлаған жерде бiреу жатыр екен. “Ә, әнәнниң… мә
синге” деп, ол қараңғыда не екенiн ажыратуға болмайтын бiр
затпен дәл бетiне бiр ұрды. Құдай сақтағанда, ол ұрған кезде
басын тартып үлгердi.
Әлгiнiң ұрған заты пышақ екен. Пышақ тура бетке қадалмай,
сол көзiнiң астыңғы шетiн осып өттi. Ол екiншi рет ұра бергенде,
шап берiп бiлегiнен ұстап алды да мытып қалды. Қолынан
әлi кеткен оның пышағы жерге түстi.
Пышақ тиген жерiнен
сорғалаған қанға қарамай, Сүлеймен оның қолын жiбермеген күйi
орнынан сәл көтерiлдi де, екiншi қолымен алқымына жармасты.
Сол бойда бар күшiмен алқымнан сығып-сығып, мойнын бұрап-
бұрап жiбергенде, ол сорлының мойын омыртқасы күтiр-күтiр
етiп сынғаннан басқа дыбысы шықпай, сiлейдi. Оны осылай
жайғап тастаған Сүлеймен пышақ осқан сол көзiнен аққан
қанды
алақанымен жауып, Салықбайдың даусы шыққан жаққа