Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет82/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
берi мыналарға қосылып, басмашы атанып жүрмiз. Қазiр 
бiлуiмше, мына өкiмет жер-жердегi байлардың бәрiнiң көзiн 
құртып жатқанға ұқсайды. Ендiгi Еңсеп байға да зауал келiп, 
бiздi қудалауға шамасы болмай қалған шығар. Елдi сағындық, 
кетсек пе деп жүрмiз. Көнсең, сенi босатып, ала кетейiк. 
Үшеуi ұзақ әңгiмелестi. Бұлардың алдап отырмағандарына 
ақыры көзi жеткен Сүлеймен:
— Менiң атым, мылтығым қайда? — деп сұрады.
— Атың бiздiң аттармен бiрге ықта байлаулы тұр. Аш қалған 
жоқ.
— Онда босатсаңдаршы менi. Уақытты ұстап, отыра беремiз 
бе?
— Сәл сабыр сақтай тұр. Бiз барып аналардың не iстеп 
отырғандарын байқайық. Аттарды дайындайық. Ең тәуiрi, олар 
ұйқыға бас қойсын. Содан кейiн еркiн қимылдаймыз. Бүгiн түнде 
саған қарауыл болатын ақыры бiз екеумiз. Сондықтан қазiрше 
осылай байлаулы жата беруiңе тура келедi.
Олар шығып кеттi. Қолына байлаған қыл шылбыр бiлектерiн 
әбден қиып, қажап тастаса керек. Сыздап ауыра бастады. 
Қосақтала маталған аяқтары да ұйи бердi. “Е, Құдай, өзiң қолдай 
көр, — деп күбiрледi. — Босануға бiр көмек қылшы. Одан кейiн 
көрейiн, мыналардың әуселесiн”. 
Бiр кезде Өскен мен Жұмабай келдi.
— Етке тыңқиып тойған Тұрлыбайлар қорқор тартуға кiрiстi. 
Әзiрге әбден кәйiп болғанша, орындарынан тұра қоймайды. 
Осыны пайдаланып, зытып қалайық, — деп олар екеулеп 
Сүлейменнiң қол-аяқтарындағы жiптi шештi.
Бiр тәулiктен аса байлауда болған қол-аяқтары жансызданып 
қалыпты. Сүлеймен олардың ары-берi сермеп, уқалап бiраз 
отырды:
— Мылтықтарыңды алдыңдар ма?
— Өзiмiздiкiн алдық. Сенiкi — Тұрлыбайда. Оны алып шыға 
алмаймыз. Әй, құрысыншы, сол мылтық. Ақыры елге кетемiз. 
Оның қажетi не?
— Сен екеуiң аттарды дайындап тұрыңдар. Ал мен 
Тұрлыбаймен есеп айырысып кетейiн.


174
Сүлеймен қарақшы
— Ойбай, қой! Онымен қалай есеп айырыспақсың? Әрi ол 
жалғыз емес.
— Сүлеймен осы жасқа келгенше ешкiмнен таяқ жеп көрген 
емес. Ендi таяқ жедiм екен, кегiмдi алмай қойман. Сен екеуiң 
маған жақтаспай-ақ қойыңдар. Тұрлыбайлардың қай жертөледе 
отырғанын көрсетсеңдер болды. Қапыда бассалам. Ешқайсысы 
мылтықтарына жетiп үлгермейдi.
Өскен мен Жұмабай оны райынан қайтармақ боп, тағы 
бiрдеңелер айтты. Алайда қайсар Сүлеймен екеуiнiң сөзiн 
тыңдағысы да келмей, сыртқа атып шықты. Кеудесi ашу-ызаға 
толып, кек алмай тынбайтын көкжалдай қаһарланып, ауызғы 
есiгi киiзбен жабылған жертөле маңына жетiп барды. Жертөле 
босағасы алдындағы қарға жуандау келген келтек ағаш шаншулы 
тұр екен. Соны ала салды да, ха-ха-халаған күлкi шыққан 
жеркепенiң iшiне кiрдi. Әлсiз жарықты ешкi майының балауызы 
жанында қаннен-қаперсiз отырған Тұрлыбайдың тобы кiрiп 
келгендi өз адамдары деп ойлады-ау шамасы, бұған бұрылып 
та қарамай, ұзын түтiкшенi жармаса сорып жатты. Бәрiн бiрдей 
сiлейтiп салуды ғана ойлап, дүлей екпiнмен кiрген Сүлеймен:
— Ей, Тұрлыбай, көрдiң бе, мен босап кеп тұрмын. Кеше 
саған “Менен бұрын өзiң ажал табасың” деп айтпап па едiм, 
— дедi де олар ес жиғанша келтек ағашты айналдырып тұрып, 
шетте отырған екеудi жон арқаларынан құлаштай бiр соқты. 
Одан соң көздi ашып-жұмғанша қалғандарын да сiлейтiп салды. 
Жiгiттерiнiң әп-сәтте қирап қалғанын көрген Тұрлыбай кейiн 
қарай аунап түсiп, қолдарымен жердi сипалап, әлдененi iздей 
бастады.
— Немене, мылтығыңды iздеп жатырмысың? Ажалыңды 
iздегенiң жөн одан да. 
Сүлеймен оған ақыра ұмтылды да желкесiнен бүрдi. Сол 
бүргеннен далаға сүйреп бiр-ақ шығарды. Тұрлыбай жән-дәрмен 
Сүлейменмен алыспақ болып әрекеттенiп едi, қайдан, қыран 
тырнағына iлiнген түлкiдей, құры тыпырлаудан басқаға әлi 
келмедi.
— Өскен, аттарды әкелiңдер берi! — деп айқайлады Сүлеймен 
Тұрлыбайды бiр қолтығына қысып тұрып.


175


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет