Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет79/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
жүздерi бiртүрлi қуарып, мылтықтарын бұған қарата қайта 
көздедi. Бiрiншi болып сөйлеген кiсi көздерiн жыпылықтатты.
— Түрiң неткен сұсты едi. Адамсың ба, жынсың ба? Құдай-
ау, адам да мұнша дәу болады екен-ау. Сол көзiңнiң астындағы 
тыртық орны ма, әлде солай туылғансың ба? 
Бұл жауап қатам дегенше, жан-жақтағы басқалары да келдi. 
Бiр жерде қаралары көбейген соң қайта батылданып кеткен олар, 
Сүлейменнiң сөзiн тыңдағылары да келмей, мылтықтарын тақап 
тұрып, ат үстiнде екi қолын денесiне қабыстыра байлады. Содан 
атынан түсiрiп, жаяу жетектедi. Екi-үш күннен берi нәр сызбай, 
қалжырап келе жатқан Сүлеймен қалың қарға бiресе батып, 
бiресе сүрiнiп, сан құлап, сан тұрды. Әудем жер сүйрелеген соң 
аттылардың бұйрықшы кiсiсi сөйледi:
— Қазiр ағаны — iнiге, қазақты — қазаққа танытпайтын 
заман болып тұр. Туыс — жау, бауыр — сатқын, қатын — дұшпан 
болған ақырзаман деген осы шығар. Бұ күнде жан пендеге сенуге 
болмайды. Мына бiз ғой, екi-үш жылдан берi тау-тасты паналап, 
тағы таутекедей күн кештiк. Басымызға жұмақ орнатамыз деген 
құрбашымыз бiр түнде өзiмiздi шабуылдаған әлдебiреулерден 
қорқып, бiздi тастай қашты. Содан бiр жетiдей болды, бiз 
тобымызбен жеке күнелтiп жүрмiз. Қыс кезiнде елге жақын түсiп 
күнелтпесек, шың-құз арасында күнелту қиын. Егер көнсең, бiзге 
қосыл. Ал көнбесең, өзiңдi осылай әбден мазақ етiп, өлтiремiз де 
тастаймыз.
— Алдымен жөндерiңдi айтсаңдаршы.
— Айтсам, менiң атым — Тұрлыбай. Мынау — Жұман, анау 
— Телғара, мына шеткi — Байтас… — деп ол бiразының атын 
атап шықты да өздерiнiң кiм екендiктерiн қапаланып, өкiнiп, 
ашына айтып бердi.
Сүлейменнiң ұғуынша, бұлар Боштайдың адамдары екен. 
Тұрлыбайдың сөз саптасы солай. Әнеукүнi құз түбiнде дәл 
осылардың быт-шытын шығарған өздерi екенiн Сүлеймен 
айтпады. Қанша дегенмен, сыралғы адамдар емес.
— Өз жайыңды айт, — дедi Тұрлыбай. 
— Сонау Ханқорғанда бiр жекжаттарымның айтуымен қыз 
көрiп келе жатып, адасып кеттiм. 
— “Қыз көрiп келе жатқан адаммын” деймiсiң. Онда сенде 
мылтық қайдан жүр? Жоқ, сен тегiн адам емессiң.


168
Сүлеймен қарақшы
Содан ештеңе айтпаған күйлерi мұны тағы сүйрей жөнелдi. 
Бiр қыр асқанда, оның арғы шетiнен қазып қойған жертөлелерiне 
келдi.
Жертөле бiрнешеу. Бiреуi зындан секiлдi тереңдеу екен. Соған 
байлаулы Сүлеймендi итерiп түсiрген Тұрлыбай:
— Таң атқанша кiм екенiңдi есiңе түсiр. Әйтпесе етiңдi 
паршалап, далаға тастаймыз. Әй, сендер, бүгiн қайсыларың 
қарауыл едiңдер? — деп жанындағыларға қарады: — Кезекке 
түскен қарауылдар әр бие сауым мезгiлде мынаны өзiнiң кiм 
екенi есiне түскенше тоқпақтап тұрыңдар. “Шынымды айтам” 
дейтiн болса, менi оятарсыңдар.
Қанша қалжырап қалса да, мына қазақтардың өзiн атпен 
сүйрелегенiне намыстанған Сүлеймен, ашуға булығып, жертөле 
табанында ары-берi дөңбекшiп, аласұрды. Тiсiн шықырлата 
қайрап, iштегi күш қанша буырқанса да, қылар айласы болмаған 
ол, көп уақытқа дейiн тыншымады. Бiрақ бойын әлi уайым 
жеңбеген жас емес пе, бiр кезде жертөленiң сызын да елемей, 
кiрпiктерi қамасып, ұйқыға бата бергенi сол едi, төбе жақтан бiреу 
дүңк етiп түстi: “Әй, үңгiр шетiнде аюдай болып жатып алған 
неме, атың, затың есiңе түстi ме? Қай ауылдағы қызылдардың 
тыңшысысың? — деп тепкiлей бастады. Тепкiден соң қамшымен 
сабады. Ғұмырында байлаулы жатып, дәл бұлай таяқ жемеген 
ол, iштегi ыза-кегiн жан шошытарлық дауыспен бiлдiрiп, анаған: 
“Кет, қазiр тура соямын”, — деп ақыра айқайлады. Анау мұнша 
жүрексiз бола ма? Әлде Сүлейменнiң жер жарардай қатты шыққан 
даусынан құлағы тұнып қалды ма, қалай, әйтеуiр сабауын сап 
тиып, далаға атып шықты.
Cүлеймен болса қамшы тиiп, бiлеуленген бетi мен басын жерге 
үйкей, тордағы арыстандай екiленiп, жарылуға шақ қалған ашулы 
аюдай ырс-ырс етiп, күшене дем алып жатты. Әлден уақытта 
наза көңiлi бiрте-бiрте басылып, тағы да ұйықтай бергенде, 
екiншi бiреу келiп, сабап бердi. Өзiн ермекке айналдырған мына 
жаудың қылығына бағанағыдан бетер ызаланған Сүлеймен, ол 
ұрған сайын ары аунап, берi аунап, оның соққысын денесiне 
дарытпауға жанталасты. Алайда аяқ-қолы бос жау домаланған 
мұны қуалай жүрiп ұрды. Бiрауықтан кейiн айызы қанды бiлем: 


169


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет