172
Сүлеймен қарақшы
— Тұрлыбай! — деп айқайлады Сүлеймен оның артынан. —
Құдай бiледi, менен бұрын өзiң ажал табасың. Осы сөзiм есiңде
болсын.
— Қолыңды байлағаныммен, тiлiңдi байлағаным жоқ. Ойыңа
не келсе, соны айтып қал, — дедi ол ұзап бара жатып. Содан соң
жiгiттерiне бұрылды: — Мұны күндiз қар үстiне жатқызып не
қыламыз? Кеш батып, аяз үдеген кезде далаға тастайық. Ал қазiр
жертөлеге қайта лақтыра салыңдаршы.
Оның бұйрығын екi етпеген жiгiттерi түнде жатып шыққан
жертөлесiне Сүлеймендi тағы сүйреп әкелдi. Қанша дегенмен
жертөле iшi ық. Қар үстiнен мұнда
әкелiп жатқызған кезде ол
өзiн бiр жылы там iшiне кiргендей сезiндi. “Қап, ит-ай, — деп
күбiрледi Сүлеймен. — Әбден басынғанын қарашы мұның.
Түктiң мәнiсiн түсiнбейтiн осындай боскеуделер де болады-ау,
пенделер iшiнде. Сатқындық менен емес, дәл осындайлардан
шығады… Байлауда жатып өлу не деген өкiнiш! Не iстесем
екен?
Әлде өтiрiк айтып, босанудың амалын қылайын ба? Бiр
босансам, екi-үшеуiн өлтiрсем де, арманда кетпес едiм. Кеше неге
атыса бермедiм. Жөн сұрасқан соң келiсермiз дедiм де. Бәлем,
Тұрлыбай, жайшылықта жолығып, маған бүгiнгiдей өктемдiк
көрсетсең ғой, өкпеңдi суырып алар едiм. Осыны басшы тұтқан
мына жiгiттерде де ес жоқ екен…”
Кешке дейiн өкiнiшi iшiне сыймай,
жаралы арыстандай
дөңбекшiдi. Жертөле iшiн қараңғылық басқан кезде қасына
екi кiсi келдi. “Далаға шығарып тағы қинайтын болды-ау” деп
ойлаған бұл. Олай болмады. Қайта келген екеу бас жағына
жүрелей отыра қалып, әңгiме айтуға кiрiстi:
— Сүлеймен, бiз сенi танымасақ та, сыртыңнан жақсы
бiлемiз. Баяғыда Керiмбай болыстың жиынында орысты жеңiп,
түйе балуан атанған дәу сен емессiң бе? Одан кейiнгi даңқың да
бiздiң елге көп жетiп жататын. Кешеден берi Тұрлыбайға өзiңнiң
кiм екенiңдi айтайын десек, “бәрiбiр сенбейдi ғой” деп тiлiмiздi
тiстеп жүрмiз. Бұл өзi ешкiмге сенбейтiн нәкiс адам.
— Сендер өздерiң кiмсiңдер?
— Мен Түлкiбастағы дәубабалық Өскен деген болам. Руым
— ботбай. Мынау — Жұмабай. Масаттағы — шуылдық. Осыдан
жетi жылдай бұрын Балықты бойындағы қоралас Еңсеп байдың
жүз жылқысын барымталап, Шыршық асып кеткен едiк. Содан