Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет80/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
— Жүдә, үнiң шықпайды ғой. Мейлi, сәлден соң көрермiз, — 
деп сыртқа кеттi.
Тұрлыбайдың жандайшаптары сол түнi таң атқанша 
тыныштық бермедi. Төрт рет өлгенше таяқ жедi. Күн жарықтана 
Тұрлыбай келдi.
— Бiр түнгi соққыға шыдадың. Бiрақ екiншi түнге шыдауың 
неғайбыл. Бұлай қиналғанша, өзiңдi кiм жiбергенiн айта 
салсайшы. Шыныңды айтсаң, жаныңды сақтаймын.
— Менi ешкiм де жiберген жоқ. Өзiммен-өзiм жүрген адаммын.
— Қасарысып пайда тапқан адамды көрген емеспiн. Ендеше, 
өз обалың өзiңе. Түбi, өлер алдыңда кiм екенiңдi бәрiбiр 
мойындайсың. Жұман, Байтас, мұны далаға шығарып қардың 
үстiне тастаңдар. Қашан жөнге келгенше, жатсын сонда.
Үш-төртеуi далаға сүйретiп шығарды да, жертөле алдындағы 
қар үстiне жатқызды. Шығыс жақтан соғып тұрған суық, өкпек 
жел жалаң басы мен қолдарын қарып кеттi. Олардың әр қылығы 
iшiне өшпестей кек болып қатқан Сүлеймен “әттең, әттең” деп 
iштей күбiрлеп, басы мен қолдарын қар астына тығып жата 
беруден басқа амалы қалмады. Әлденуақытта бiреу келiп, үстiне 
мұздай су құйып жiбердi. Су шекпенiнiң ашық жағасының 
астынан өтiп, көкiрегi мен арқасына дейiн жеттi. Онсыз да 
дiрдектеген денесiн қарып жiберген мұздай судан тiтiркенiп, 
бұлқынып-бұлқынып қалғаннан басқаға шамасы жетпедi.
— Мынадай аязды күнде мұздай су жаныңа таяқтан бетер 
өтедi, ә, — деп қарқылдай күлдi су құйған кiсi месiсiн ары-
берi айналдырып. — Қазiр басыңнан ғана құйып, саған ескерту 
жасап жатырмыз. Бiраздан кейiн шекпенiң мен дамбалыңды 
шешiп, суды жалаңаш денеңе құямыз. Тұрекең айтады: “Үстiне 
суды тамшылатып құйыңдар” деп. Тамшылаған су адам түгiлi 
тасты да тесетiнiн бiлесiң бе, сен ақымақ? Тамшы су денеңдi 
мұзға айналдырып, қатырып қояды. Сол кезде тiлiң шығып, қай 
қызылдың тыңшысы екенiңдi өзiң-ақ айтарсың.
Өзiн соншама бекерден-бекерге қаралап, жөнсiз қинағандарына 
қатуланған Сүлеймен тiстене сөйледi:
— Әттең, қол-аяқтарым бос болғанда ғой, тоғызыңды тоғыз 
санауға жеткiзбей, о дүниелiк етер едiм. Сендердiң бұлай, қатын 


170
Сүлеймен қарақшы
тiрлiкке баратындарыңды бiлгенде, кеше атысып өлер едiм… Сен 
итаршыға бiрақ мұның несiн айтайын. Кiм едi, әлгi, пiштiруге 
құмбыл болып жүрген айғырдай жөнсiз кiсiнейтiн басшың? 
Тұрлыбай ма? Шақыршы соныңды.
— Ә, мiне, ендi жөнге келдiң, — дедi анау құдды бiр Сүлеймен 
бiр нәрсенi мойындайтындай. — Қазiр шақырып келемiн.
Аздан соң Тұрлыбай келдi. “Не айтар екен, тыңдайық”, — деп 
басқа жiгiттерi де жиналды.
— Айтатыныңды осынша азап көрмей-ақ, кеше айта салатын 
адамсың ғой. “Ақымақ басқа адырайған көз бiтедi” дегендей
қазандай басты, адырайған көздi сенiң кеше-ақ ақылың кем адам 
екенiңдi бiлiп едiм. Сөйле, құлағымыз сенде.
— Сен шынымен менi бiреудiң тыңшысы деп ойлайсың ба?
Сүлейменнен басқа сөздi күткен Тұрлыбай езуiндегi күлкiсiн 
сап тыйды. Үмiтi орындалмаған адамдай, жан-жағына алақ-
жұлақ қарады да бiр күрсiндi:
— Ақылың әлi кiрмеген екен. Онда менiң кiм екенiмдi есiтшi. 
Мен Боштайға қосылардан бұрын үш-төрт жыл Тәжiкстандағы 
Күләбi, Бақыш жазығында, Ғарауты мен Айқамар деген 
жерлерде атақты Ыбрахымбектiң, Егембердi батырдың, Шолы, 
Есенжарты құрбашылардың сапында мына қызыл кәпiрлерге 
қарсы соғыстым. Сол кiсiлерден мен адамды, адам болғанда, 
сен сияқты тыңшылар мен сатқындарды қалай қинау, оларды 
қалай мойындату керектiгiн үйрендiм. Мына жiгiттер де 
сондай. Бiзге адам өлтiру деген түк емес. Алайда сенi бiрден 
өлтiре салсам, айызым қанбай, кегiм қайтпай қалады. Ал 
менде кек болғанда қандай де? Қызыл иттер менiң барымнан, 
бектiгiмнен, мал-мүлкiмнен, үш қатынымнан айырды. Қайбiр 
жылы Ыбрахымбектер ауған асып кеткенде, мен елге қайтқам. 
Елге келсем, баяғы табанымды сүйiп, отымды жағып жүрген 
Юлдаш сарт белсендi болыпты. “Сенiң көзiңдi құртам” деп, 
менi итжеккенге айдатпақшы. Оған өмiр бойы шөнтегiне шөңге 
бiтпеген жалаңаяқ, қубас Ерсiбай қосылып алыпты. Осылардың 
қысымына қапа болып, тауға тағы кеттiм. “Боштайға қосылып, 
оларды қанға бөктiрем ғой” деген едiм. Амал не, Боштай сарт 
маған тiрек болмады. Ендi кегiмдi өзiм аламын. Қар түскесiн, 


171


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет