188
Сүлеймен қарақшы
— О, ол ұзақ тарих қой, көке. Оны бiрауыз сөзбен айта
алмаспын. Жарайды, сiз жеңдiңiз ғой. Жiберiңiзшi ендi, желкемдi
бүрмей. Сiзге
бағынғанымның белгiсi болсын, бұдан былай
алдыңызда құрдай жорғалап, құлыңыз болуға бармын. Жаңа
“наным бар” дедiңiз бе?… Жүрiңiз онда, қамыс iшiндегi лашыққа
барайық.
— Сен менi алдап тұрған шығарсың. Қамыс iшiнде тағы басқа
адамдарың тығылып жатқан жоқ па?
— Оллаһи, алдамаймын, көке.
Мұнда екi жылдан берi
үшеумiзден басқа пенде болмаған.
Сүлеймен сақтық үшiн оның қолын артына байлады. Одан
соң атын ерттеп мiндi.
— Қане, түс алдыма. Көрсет лашығыңды.
Жендет айдаған тұтқындай күйге енген қарақшының
белбаусыз шапанының екi етегi тiзелерiне соғылып, алға түстi.
Қалың қамыс ортасына қарай созылған жылан iзiндей тар,
жалғыз аяқ жолмен сәл жүрген соң
олар ну iшiндегi лашыққа
келдi. Жанындағысының “бұл жерде бiзден басқа ешкiм жоқ”
деген сөзiне әлi сенiңкiремеген Сүлеймен айналасына сақтана
қарады.
— “Екi жылдан берi осында тұрып жатырмыз” деп жалған
сөйлейсiң-ә, маған. Жазда мейлi, күн көруге болар. Қыста қалай
күнкөрiп жүрсiңдер?
— Қыста елге таман жылжимыз ғой. Ол жақта қыстап шығатын
апанымыз бар, — дедi анау екi көзiн Сүлейменнiң тақымындағы
қоржыннан алмай.
— Атың кiм?
— Зүндiн. Ендi қорықпай аттан түсе берсеңiзшi.
Қолымды
шешiп, нан берiңiзшi. Екi-үш күн болды, мына қамыс ортасындағы
шалшық судан бақа аулап, қақтап жегеннен басқа нәр сызбадық.
— Мен тiрi пендеден қорқатын жан емеспiн. Бiрақ сөзбен
алдап тұрып, ту сыртымнан бас салатын қаскөйлердi суқаным
сүймейдi.
Судан бақа аулап жесең, аш емес екенсiң ғой. Тфу,
нәлетi, нәр сызбадым дейдi-ау, тағы.
Қарагер тыныш тұр. Егер қамыс арасында тағы бiреулер
тұрса, ол осқырынып белгi берер едi. Оның осылай жайбарақат