254
Сүлеймен қарақшы
тағы да боздай түстi. Әсiресе Сабашта жан жоқ екен. “Көкежан,
көкежан” деп әркiмнiң аяғына бiр жығылады.
— Зарлай бермей, тиыңдар көз жастарыңды! Одан да маған
осы аштық неден басталып, қалай болғанын айтыңдаршы.
Жылауын сап тиған Тәңкi ашаршылықтың қалай басталғаны
туралы әңгiмелей жөнелдi. Көп әңгiмеледi.
Өкiметтiң қара
халыққа жасаған қысастығын естiгенде, шыдай алмай кеткен
Сүлеймен:
— Тоқта ендi. О
заманда, бұ заман қыста қойдың жүнiн
қырыққызатын ба едi, есi түзу адам. Мұны шығарып жүрген
өкiметтiң қай бассыз бастығы? Адамдардың көрер көзге малы
мен дүниесiн тартып алып, аштыққа ұшыратқан қандай залым?
Сен болсаң “Жоғарыдан келген бұйрықты орындадым” дейсiң.
Көнбегендердi “аттық, астық” дейсiң. “Итжеккенге айдаттық”
дейсiң. Ал өзiңдi ататын, асатын ешкiм жоқ деп ойладың ба?
Қазiр мен сенi… — деп Тәңкiнiң алқымынан ала бердi де: —
Жоқ, онсыз да қауқарсыз жатқан
кемпiр мен шалдың көзiнше
сенi өлтiрмей-ақ қояйын. Жазаңды басқа жерде беремiн. Апа,
ауылда қыбырлап жүргендердiң бәрiн осында шақырып келiңiз.
Мен оларға ет таратамын.
— Ет деймiсiң? Қайдағы ет, қарағым-ау?
— Иә, ет. Кәдiмгi семiз жылқы етi. Ендi тезiрек барып,
айтқанымды орындаңыз. Анау
сыртта тұрған жылқылардың
бiрiн сойып, сiздердi азыққа қарық етемiн.
Екi белсендiнi тiзерлетiп, иманын ұшырған Сүлейменнiң оңай
кiсi еместiгiн кемпiр ендi түсiнде ме:
— Қазiр, қазiр. Ауылда адамдар да көп қалған жоқ қой, — деп
тысқа беттедi.
— Ажан, қазiрше мына екеуiн байлап таста. Қалғандарымыз
сыртта тұрған аттарының бiрiн сояйық.
Ажан демде екеуiн бiр-бiрiне қосақтап байлады. Iсiн бiтiрiп,
тысқа шықса, Сүлеймендер Тәңкi мен Сабаштың аттарының
жанында “қайсысын соямыз?” деп ойласып тұр екен.
— Мына бозжорғаны танып тұрмын. Бұл баяғы Ордабек
болыстың аты болатын. Нәлетiлер,
тек сейiл мен той-жиынға
мiнетiн жорғаны күнделiктi мiнiске пайдаланып жүр екен ғой.