273
Сүлеймен қарақшы
мендей болғаныңша не жеймейсiң”, — деп қояды.
Бұлардың
жанындағылардың кiмдер екендiктерiне де қарамай, нан үшiн
өзара алысып-жұлысқан тiрлiктерiне қарап, Сүлейменнiң күлкiсi
келдi. Келдi емес-ау, күлiп те жiбердi. Бiр жағы осыншама халге
түскен адамдарға қарап, жүрегi езiлiп, көңiлi жасыды. Алайда
мұнысын жанындағыларға бiлдiрмей, дереу өзiнiң қатал кейпiне
ендi.
— Жә, нан үшiн таласып, алысып-жұлыспай-ақ қойыңдар.
Құлтанның үйiнде не бар болса, соның бәрi сендердiкi болады.
Ал әзiрге өздерiңдi осындай күйге түсiрген Құлтан мен Тәңкiден
еселерiңдi алыңдар. Осылай тұрған жерiнде сабаңдар.
Осы сөзден кейiн жым-жырт болған жұрт жалт етiсiп, Құлтан
мен Тәңкiге қарады.
— Екеуiнiң де әкелерi момын жандар едi. Әсiресе Тоғанбай
қария жақсы адам-тын. Тәңкiнiң әкесiн айтам да. Ал жұрттың
қанын ағызбай iшетiн, тамызбай
соратын бұл екеуi қайдан
туылды екен, ә? Шешелерiң де ел терiс айналмас адамдар едi.
Соларға сөз тигiзесiңдер-ау, сендер. Екеуiңнiң қылықтарыңды
еске алсам, сол кiсiлердi жадыма алмай-ақ, сойып тастағым
келедi өздерiңдi, — дедi бiр шал.
— Бала үшiн әке жауапты емес. Сондай жақсы жандарға сөз
келтiрiп жүрген бұларды несiне аяйсыңдар.
Қазiр бұл екеуiнiң
аяқтарынан керiп, бастарын төмен салбырата, өрiкке байлап
қоям. Ал сендер қолдарыңа не түссе, сонымен сабаңдар екеуiн,
— дедi Сүлеймен.
— Байла, байла, балам…
— Бұларға обал жоқ…
— Кесiрi кiмге тимедi сұмырайлардың.
— Тезiрек аяқтарынан асып қойыңдаршы. Айызымыз
қанғанша, шыбықтап тастайық, — десiп шуласты жиналғандар.
Төрекелдi мен Аязбек қосақтала байланған екеуiн ажыратты
да, жеке-жеке байлады. Аяқ-қолдарын денесiмен бiрге шандып,
өрiктiң көлденең ағашына бастарын төмен қарата асып қойды.
— Нанға көзiмiз қызып кетiп,
етқызумен сендердiң кiм
екендiктерiңдi де сұрамаппыз. Екi белсендiнi әдейi байлап, бiздi