Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет136/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
Сондай кездiң бiрi бүгiн келдi деп ойлаңдар. Қолға мен-ақ түсейiн. 
Сендер бас амандық амалдарыңды қылыңдар. Сай-саймен қаша 
атысып, тау етегiне бiр iлiксеңдер болды. 
Олай етсек, бiздiкi достық емес, Сүлеймен. Әуелден 
басымыз бiр қазанда. Бұдай былай да не көрсек, бiрге көремiз. 
— Әй, бандылар! — деген дауыс естiлдi осы кезде мiлисалар 
жақтан. — Қаруларыңды тастап, қолдарыңды көтерiп, бiр-бiрлеп 
орындарыңнан тұрыңдар. Әйтпесе анау аттарыңа ұқсатып, 
өздерiңдi де теңкитiп-теңкитiп тастаймыз.
— Бұлар бiздi қанатымыздан айырып алып, ендi жанымыздан 
айырып тастамақ па?! Неге кеш батпай кеттi? Орнымызды 
сипатып кетер едiк! — деп тiстендi Аязбек.
Мiлисалар айқайын тыйар емес. Тiптi бұларға бағыттап төрт-
бес мәрте мылтық та атты. Бiрақ қарақшылар олардың шарттарын 
орындай қоймады.
— Берiл, Сүлеймен! Өз еркiңмен берiлсең, жазаң да жеңiл 
болады, — дедi тағы бiр дауыс.
— Мiлисалар менiң атымды да бiлiп алған ба?
— Сiрә, олар кешегi бiз барған Жалғандық пен “Алғабас” 
жақтан келген болар.
— Өкiнiш өзегiмдi өртеп барады. Қарагерiмнен бiр айырылып, 
бостандығымнан тағы айырылсам, Сүлеймен атым қайсы?! 
Санаңдаршы, қанша оғымыз қалыпты? Соңғысы таусылғанша 
атысып, жастығымызды ала өлейiк!
Әрқайсысы оқшантайларындағы оқтарын санап шықты. 
Төртеуiнде бар-жоғы оншақты ғана оқ қалыпты. Ал анау жақтан 
мiлисалар әлi айқайлап жатыр.
— Соңғы рет ескертемiз! Егер бес минуттың iшiнде 
қолдарыңды көтерiп шықпасаңдар, бiз шабуылды бастаймыз!
— Бастай берсiн. Қол көтерiп шығатын бiз оларға қорқақ 
қарсылас емеспiз.
Айтқандарындай бес минуттай уақыттан кейiн мiлисалар 
жан-жақтан оқ атып, жақындай түстi. Төртеуi төрт бағытқа 
қарай жатып алған бұлар да жауап оқ ата бастады. Мiлисалар 
қарақшылар оқтарын әбден босқа шығындасын дегендей, 
анда-санда әр жерден бас қылтитып, болмаса қалпақтарын 


285
Сүлеймен қарақшы
мылтықтарына iле жоғары көтерiп, қулыққа көштi. “Құралайды 
көзге атқан мерген” дейтiн Аязбектiң өзi бiр де бiр рет нысанаға 
дөп тигiзе алмай, мүлт кетiп жатты.
Ақыры бұлардың оқтары таусылды. Мiлисалар сақтық жасап, 
ана жерден, мына жерден бiр көрiнiп, аңысын аңдып ұзақ 
торуылдады. Соңында қарақшылардың шынымен оқтарының 
бiткенiне көздерi жеткен соң, айнала тұра қалып, бiр мезгiлде 
атойлап лап қойды. Өңкей қарулы мiлисаларға қарақшылар 
қолма-қол төбелес те сала алмады. Олар келе сала әрқайсысына 
бес-алтаудан жабыла кетiп, аяқ-қолдарын байлап тастады. 
Араларында кешегi Сабаш бар.
— Осылар! Осылар ғой, колхоздың бар малын жұртқа таратқан. 
Осылар ғой, бiздiң зәремiздi ұшырып, аттарымызды тартып алған. 
Мәгәзiндi де елге тонатқан осылар! Уһ, қаны бұзылған бандылар! 
Кеңес өкiметiнiң тұзағынан құтылып кетем деп ойладыңдар ма?! 
Желкелерiңдi үзiп алар өкiмет. Әсiресе мына дәудi аямаңдар! 
Бәрiн бастап жүрген — осы, — деп тақылдап сөйлеп жүр.
Мiлисалар өзара бiраз ақылдасып, қарақшылардың аяқтарын 
шешiп, Ленгiрге қарай айдады. Жарақаттанған Сүлеймендi атқа 
өңгерiп алды. Аса бiр қауiптi бандыларды қолға түсiргендей 
масаттанған мiлисалар төртеуiн қауқылдаса айдап, Ленгiрдегi 
мiлисахананың алдына келiп бiр-ақ тоқтады.
Мiлисахана — темiр торлы терезелерi көп, ұзын там екен. 
Есiк алдында бiрталай мiлиса тұр. Айдап келушiлердiң бiреуi 
жүгiрiп барып, олардың бiрiне қолын шекесiне қоя, әлденелердi 
баяндады. Оны тыңдап болған әлгi:
— Әрқайсысын әр камераға, бiр-бiрлеп қамаңдар. Анау 
жаралысына фельдшер көмек көрсетсiн. Сотқа дейiн қансырап, 
өлiп қап жүрмесiн. Төрт-бес күн ешқайсысына ас та, су да 
бермеңдер. Жатсын қаталып. Өкiметке қарсы шығудың қандай 
екенi саналарына сiңсiн. Ой, мынау бiреуi сұмдық дәу ғой! Адам 
ба өзi? Бұрын мұндай денелi адамды көрсем, көзiм шықсын. Әй, 
мейлi, қама апарып! Арыстан қанша дәу болғанымен, ақымақ 
келедi. Мұндайлардың ой-өрiсi он жасар баланың есi сияқты 
болады. Жанындағылар мұны алдап жұмсап жүрген ғой, — дедi.


286


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет