Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет132/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
Жиналғандар үйге лап қойды. Әп-сәтте олар қолдарына 
iлiнгендерiн көтерiп, тарасып жатты. 
— Әй, киiз бен кiлем, ыдыс пен мата сендерге азық бола ма? 
Көрпе-төсектi не қыласыңдар? Одан да анау айғырды союға 
әрекет етпейсiңдер ме? О, жылтырағанның бәрi көздерiне таңсық 
көрiнген, жұтаған немелер.
— Бұл жазғандарды бұлай кiнәлап не қыласың, Төрекелдi? Есi 
ауып, күйiнiштiң шегiне жеткен сорлы адамдарға қазiр не болса 
да — олжа. Айғырды өзiң сойып бер. Оны союға бұларда қандай 
қауқар болсын.
— Сүлеймен жөн айтады. Екеулеп торы айғырды бауыздап 
тасталық, — дедi Аязбек.
Қарақшылардың осы сөзiн естiген ауыл адамдары 
қолтықтарындағы заттарын жерге қоя салып, тұра қалысты. 
Манағы Нәзияны төбелеген екi әйел: “бiзге Құлтанның үйiнен 
алған өлi ет те жетедi. Еттерi сүрленiп, майы бетiне шығып, 
бабына келiп қалған екен”, — деп ақ қапқа ораған ескi еттi қолдаса 
көтерiсiп, шеттей бердi. Бiрақ оларға ешкiм назар аудармады. 
Жұрттың бәрiнiң назары Аязбек ақырдан шешiп әкелген атқа 
ауды. Құлтанның мiнiс етiп жүрген торысы қарагер секiлдi 
аттың төресi екен. Етi қоңды. Сырт терiсi жылтырап тұр. Аязбек 
оны әдеттегiдей төрт аяғынан бiр-ақ өзi байлады да, жерге гүрс 
еткiзiп құлатты. Содан соң аз уақыттың iшiнде етiн боршалап, 
жиналғандарға таратып жiбердi.
— Әр ауылдың аш адамдарына бiр-бiр жылқыдан сойып 
бере берсек, бәрiн тышқақ қылармыз, — деп күлдi Аязбек iсiн 
бiтiргесiн.
— Қайта өзiмiз жас еттен қуырдақ жеп, күптi болып, тоқ 
жүремiз де. Төрекелдi, Нәзияға айт, iш май мен жал-жаядан дереу 
қуырдақ жасасын. Соны жеп, басқа жаққа аттанайық.
Беттерi тырналып, көздерi көгерген Нәзия Төрекелдiнiң 
айтқанын тез орындады. Мол қуырдақ пен шайға тойынып алған 
төртеуi өз аттарын ерттеп, жолға жиналды.
— Ендiгi бағытымыз қайда? — дедi Ажан.
— Бiр күнде бiр ауылды емес, кемiнде үш-төрт ауылды 
тойдырайық та. Алдымен Ленгiрдегi өкiметтiң мал жинап 
қойған қотанын шабайық. Қорадағы малды босатып, Ленгiрдiң 


277
Сүлеймен қарақшы
көше-көшелерiне айдап жiберейiк. Аштықтан тышқан терiп жеп 
жүрген адамдар оларды өздерi-ақ ұстап алсын. 
Бәрi аттарын ерттеп, ерге қонды.
— Белсендiнiң үйiндегi жарма жем мен шөпке тойып, 
аттарымыз да қоңданып қалыпты. Жануарлар жем жемегелi қа-а-
шан, — дедi Аязбек атының жалын сипалап тұрып. — Аттарымыз 
да бiз сияқты. Бiрде тоқтыққа, бiрде аштыққа әбден үйренген. Ай, 
Ажан, кешеден берi боз жорғаға тақымың әбден үйренiп қалды 
ма? Өз атыңа мiнгiң келмей қалыпты ғой.
Құдай қаласа, осы жорға өзiмдiкi бола ма деп жүрмiн.
— И-и-иа, — деп қинала айқайлады осы сәт Құлтан. — Бiздi 
шешiп кетсеңiздершi. Өлетiн болдық қой.
— Көке... көкелер, босатып кетiңiздершi, Құдай үшiн, — деп 
оған Тәңкi қосылды.
— Осындай күйде болсаңдар да, тiрi қалғандарыңа қуаныңдар. 
Өлтiрiп кетсек, қайтер едiңдер?
Аяқтарынан асылып тұрса да, тiрi қалғандары үлкен қуаныш 
екенi ендi саналарына жеттi ме, әлгi сөзден кейiн екеуi де жым 
болды. Тек көздерiнен бырт-бырт аққан жастарын тыйған жоқ.
— Осы, Сүлеймен, бiз мына ауылдың адамдарының обалына 
қалып бара жатқан жоқпыз ба? Байлаудан босаған соң бұлар 
өздерiн сабаған бала-шаға мен қатын-қалашты қырып жүрмесiн.
— Иә, Ажан. Оның үстiне мiнiс атын да сойып бердiк, — деп 
оны қостай сөйледi Төрекелдi.
— Ол құртатын адамдардың бәрiн құртып болған. Ендi кәрi 
мен балаға тiзе батыра қоймас. Екi-үш күннен соң осында қайта 
соғамыз. Бiреуден шағым естiсем, тура басын кесiп кетемiн. Ой, 
жаңа осы жайын оған ескертiп кетпеппiн-ау.
— Ленгiрге дейiн қанша уақыт жүремiз, Сүлеймен? — деп 
сұрады Төрекелдi.
— Әне, анау өркеш-өркеш екi жотадан ассақ болды. Ары кетсе, 
жарты сағатта Ленгiрдiң дәл төбесiнен түсемiз.
Ленгiрге төте жолмен тартқан Сүлеймен тобы бесiн ауа 
Момынай асуына iлiктi. Осы асудың етегiндегi өзен бойындағы 
сайдың екi жақ шетiне Ленгiр орналасқан. Осыдан он алты-он 
жетi жылдай бұрын орыстар осы Ленгiрдiң Көксәйек жағындағы 


278


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет