283
Сүлеймен қарақшы
бек.
Бұл кезде Ажан Сүлейменнiң жарасын таңып болған едi.
— Ендi қалай? Жүре аласың ба?
— Қайдам… Жарақат жүргiзбейдi-ау.
— Қараңғы болғанша амалдайық. Қараңғы болған соң
сытылып кетермiз. Оқ-дәрiлерiмiз бiраз бар ма?.
— Шамалы-ақ қалды.
— Анда-санда бiр атып қойып, олардың басын көтеруге
шамасын келтiрмей отырсаңдар болды. Ендi тағы да жан-жаққа
тарап, аналарды әр жерден нысанаға алыңдар.
Бастарындағы қарабаласпен жүрiп байқамапты,
Аязбек
бағанағы орнына барайын деп жылжи берiп едi, көзi батыс
жақтағы тегiсте тiзiлiп келе жатқан мiлисаларға түстi. Қарулы
жиырмашақты сарбаз жаяулата жан-жақтан қоршап келедi екен.
—
Аналарды қараңдар, — дедi ол аузына басқа сөз түспей.
— Әттеген-ай! Аттарымыз сау болғанда ғой...
Төрекелдi оларға қарата мылтығын екi рет басып-басып
жiбердi. Қаз-қатар тiзiлiп келе жатқан мiлисалар жерге жата-жата
кеттi.
— Шеттерiнен жүректерiнiң жоқтығын қара тағы.
— Жүректерiнiң жоғын қайдам, қызыл сарбаздар бiздi айнала
қоршамақ боп, шашырай бастады. Әлден соң толық қоршауда
қалмақпыз.
Бiрге болғалы берi ешқашан дәл мұндай шарасыз халге түсiп
көрген емес-тi бұлар. Осы себептi ме, әйтеуiр әркiм өз ойымен
болып, бiразға дейiн ешқайсысы сөйлемедi.
— Амал не? — дедi әлден соң Сүлеймен. — Қаша жүрiп,
атысып құтылып кетулерiңе мен кедергi болдым-ау. Ендi әлде
де болса, сытылып кетуге әрекет жасаңдар.
Анау Алатаудың
қойнауына бiр кiрсеңдер, сендердi ешкiм ұстай алмайды. Ал мен
бiр өзiм қолға түсейiн. Бәрiмiз қамалғанша, осыным жөн болар.
— Не айтып тұрсың, Сүлеймен?! Сенi жалғыз тастап, бiздi
жын ұрып па? Қолға түссек, бiрдей түсемiз. Өлсек те,
бiрдей
өлемiз. Серiгiн жау ортасына тастап кететiн әдет бiзде болған ба?
— Бiздiң арамызда қалыптасқан тәртiптiң де, байлаулы серттiң
де кейде өзара келiсушiлiкпен бұзылатын кезi бар, Төрекелдi.