Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет133/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
төбелер астынан көмiр қаза бастаған-ды. Сүлейменнiң естуiнше, 
оны “шахта” деп атайды екен. Шахта жұмысы әлi жүрiп жатыр 
ма, етектегi дәу жоталардың табанына үлкен-үлкен төбе болып 
үйiлген қап-қара көмiр қалдықтары сiресе қалыпты. Қала 
да бұрынғыдай емес. Шет-шетiне үйлер қосылып үлкейген. 
Ирелеңдеген қисық көшелерде машиналар пайда болыпты. 
Шымқаладан келетiн темiр жолдың үстiнде бiрнеше вагонды 
пойыздар қара түтiндерiн будақтатып, ерсiлi-қарсылы жүр.
— Мен көргенде Ленгiрде пойыз жол жоқ едi. Қашан салып 
үлгерген десеңшi. Қала халқы ауылдардағы сияқты аш емес-
ау, тегi. Бiрақ қалалықтардың да құрсақтары қайбiр тоқ дейсiң. 
Анау қоршаулы қотандағы малдарды шығарып, жартысын 
қалаға, жартысын Момынай мен жоғары Қапалдарға қарай айдап 
жiберемiз, — дедi Ленгiрдiң Алатау жақ бетiндегi төбенiң үстiнде 
тұрған Сүлеймен.
— Тәңкi айтқан аудандық мiлиса осы жерде ме? — дедi Аязбек.
— Аудан орталығы он шақырымдай жердегi Көксәйекте. Оны 
“Кеөргiп” деп атап алыпты ғой қазiр.
— Жаңа өзiң қала деп атаған мынау Ленгiрiң шынында да 
үлкен екен. Сонысына қарағанда, мұнда да бiр шоғыр мiлиса 
әтрәдi болуы керек. Қотанды шабуылдап болған соң сол 
мiлисахананы тарпа бас салайық та, әтрәдтi қарусыздандырып 
тастайық. Әйтпесе түбi олар соңымызға түсуi мүмкiн.
— Кеше қашып кеткен бiр малшы бiз жайлы ендiгi бiраз жерге 
хабар таратып та үлгерген шығар. Қай жерге шабуыл жасасақ 
та, бұдан былай шалт қимылдап әрекет етейiк те, дереу орын 
ауыстырып тұрайық.
— Олай болса, уақытты текке өткiзбей, қимылдайық. 
Кешегiдей қотанға екi жақтан бөлiнiп жақындайық. Ажан, сен 
менiмен жүр. Төрекелдi мен Аязбек бiрге жүрсе үнемi жолдары 
болады. Бiз қотан iшiне бiрiншi кiремiз. Сендер арт жағынан 
келiңдер. Қарсыласатындар табылса, аспанға мылтық атып, 
үрейлендiрейiк. Шектен шыққан қаһармандар болса, оны да 
көремiз.
Төбенiң үстi жазық. Күнгей жағы егiстiк дала да, Момынайға 
құлар қия ойпатта аумағы ат шаптырым қотан тұр. Аттарына 


279
Сүлеймен қарақшы
қамшы басқан Сүлеймендер аз ғана уақыттың iшiнде қотан 
қақпасына таяды. Қақпа ұзын-ұзын екi терекпен көлденең 
жабылып қойылыпты. Оның жанындағы тастан қаланған науа 
жанында үш жүздей сиыр тұр. Сиырлардың ар жағындағы 
жағалай бастырмаларда бiрнеше жылқылар байлаулы. Ал майда 
ағашпен қоршалған қора iшiнде есепсiз қой-ешкiлер қамалыпты.
Малшылар бұларды бiрден байқамады. Осы сәттi пайдаланып 
қалайын дегендей, Сүлеймен айтты:
— Аспанға бiрнеше рет оқ атып, үрейлерiн ұшырайық. Сөйтiп 
дереу-дереу малдарды тысқа қарай қуып шығайық.
Ажан “венчестерiн” аспанға қарата басып-басып қалды. 
Мылтықтың жан шошытарлық үнiнен қора iшiндегi жылқылар 
осқырынып, қойлар маңырап, адамдар шулап, демде азан-қазан 
болды.
— Ойбай, бандылар келiп қалды!
— Ойбай, қайда бiздiң сарбаздар?!
— Кiмдер-ей бұлар? — десiп, кiреберiсте тұрғандар қатан 
шетiндегi үйге қарай қашты.
Сүлеймендер үйге лап қойған адамдардың алдына кесе-
көлденең тұрды.
— Сiздер кiмсiздер? — дедi ұзын бойлы бiр малшы аттың 
шылауына жармасып. — Бiз тек малшылармыз ғой. Не қыл 
дейсiздер? Не iсте дейсiздер? — деуден басқа сөз айтуға шамасы 
келмей, тыпырлады да қалды.
— Мына малдардың бәрiн босат та, айда, жартысын Ленгiрге, 
жартысын Момынайға қарай. Бәрiн бiр-бiрлеп, өз қолдарыңмен 
жұртқа таратып бересiңдер. Шығар, анау үйде отырған 
басқаларды. Айтқанымды iстемесеңдер, шеттерiңнен жайратып 
саламыз.
Сол-ақ екен, малшылардың бәрi сыртқа шығып, Сүлейменнiң 
айтқанын iстеуге кiрiстi. Алдымен сиырларды шығарды, одан 
соң қойларды босатты.
— Әрқайсы бiр-бiр атқа мiнiп алыңдар! — деп айқайлады 
Сүлеймен. — Малдарды қатты, қуа айдаңдар!
Ұсақ мал мен жылқы айдауға оңай көндi. Ал сиыр жануар 
жайтабандау ғой. Мыңғырған мал қора шетiне шыққанда, қойлар 


280


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет