3 көрініс
Сахнада – қос терезе, дәулетін, кедейшілігін білдіреді.
Арық терезе. Семіз терезе.
4 көрініс
Сахна – алакөлеңке, бай терезеден жарық көрінеді. Кенет кедей терезелі үйден шыққан, от ұстаған екі жігіт, бай терезені сындырып, ішіне от тастайды. Сосын, қаша жөнеледі.
У-шу. Жұрт азан-қазан.
5 көрініс
Сахнада – бірнеше терезе. Әкім терезелерді жауып, құлыптап жатыр.
– Сендер, бәрібір, терезенің қадірің білмейсіңдер.
– Енді, бұл сөзіңіз ауданның сөзі емес шығар.
– Менің сөзім, сендер арыз-шағымды доғарыңдар.
– Сонда біздің үйімізге күн түспей ме?
– Қараңғыда өмір сүреміз бе?
– Сендерге айға қарасаңдар да жетеді.
– Әрине, сендерге ай қарап жүргеніміз жақсы.
– Қалай?
– Есікті ашып...
– Жабық есіктен қалай қараймыз?
– Ашып...
– Мылтығын ұстап ұры тұрса ше?
– Иә, ұрыны қарақшы тонаған заман.
– Ұрыға ашпаңдар.
– Енді ұры айтып келмейді ғой.
– Ашпаңдар, біле білсеңдер, есік те терезе. Шыныдан жасаңдар.
– Ауылда бір-ақ терезе бола ма?
– Бір-ақ терезе.
– Өз үйіңізде төрт терезе бар! Сыйса, бес терезе қылатын едіңіз, бұл не деген сұмдық!
– Әр үйде бір-бір терезе, опасно!
– Сонда, жалпыға бір терезе ме?
– Ауылымызға бір терезе жетеді.
6 көрініс
Сахнада есіктей үлкен терезе. Алдында, шелектің қасында бір адам отыр. Жұрт терезеден қарауға келе жатыр.
– Терезе құтты болсын!
– Ұзағынан сүйіндірсін.
– Терезе алдында бәріміз де теңбіз.
– Терезе – теңдіктің белгісі.
– Бұл ауылдың көркі ғой.
– Құты, құты...
– Айғайлап құтын қашырмайық.
– Ал, балам, мен қарай қояйын.
– Бес теңге.
– Қайдағы бес теңге.
– Платный. Жай қараған бес теңге, ойланып қара-ған он теңге.
– Ойбай, көтек!
– Бұл не деген масқара!
– Ауданға жазамыз.
– Терезе ауылы мұндайға шыдамайды.
Достарыңызбен бөлісу: |