15 көрініс
Үлкен терезенің ар жағынан бір адам қарауытады. Сыртта он үш жасар қыз бала терез алдында бадминтон ойнап жүгіріп жүр. Енді бір мезет он алты жасар бой жеткен велосипед теуіп терезе алдында жол үстінде кетіп бара жатады. Сосын, қыз ұзатқан автомобиль, той көріністері экраннан көрінеді, шампандар құйылады, тілектер айтылады, фотоаппараттар жас жұбайларды сыртылдатып суретке түсіріп жатады. Түкпірде отырған адам, кресло дөңгелегін айналдырып терезеге жақындап, ауып түспек болады. Содан соң еңкілдеп жылайды:
– Үміт, неге мені тастап кеттің, күдерімді үзгім келмейді, мен сені күтемін. Бір күні қаладан келіп, мені ауылдан алып кететініне сенемін, мүмкін, сен менің қай ауылда екенімді білмейтін шығарсың. Интернетке кірсең, жылдам тауып аласын, тіпті, Фейсбукте, Инстаграмда, сыныптастар мен байланыстағылар деген әлуметтік желілерде де бармын. Құтқар мені азаптан, мен қазір ешкімге керек емеспін, жұрт іздемейтін, ел есіне алмайтын, күні ұзақ естеліктер жазып ескімен өмір сүретін, өткенге байланып, кешегіде ұмыт қалған – жалғыздықпын. Әсіре-жалғыздықпын.
16 көрініс
Ол тағы жалғыз отыр. Креслосы ары-бері шайқалып тұр.
– Бірақ, бір өмірге бір махаббат аз.
– Жарты өмірге де.
– Кім біледі, ғашықтық сезімі ешқашан таусылмайтын тек қана таза құмарлық шығар.
– Мүмкін, әлсіремейтін аңсарлық.
– Муза.
– Әлде, музыка.
– Аяқталмайтын әуен.
– Аңсағаны.
– Сағыныштың әсері ме?
– Есімде жоқ, әуелі, Жанар болса керек.
– Гүлмира емес пе?
– Жоқ. Сары қыз. Не екеуі қатар.
– Бірақ, Сәуле жақсы еді, өзбекпін дей саламын дегені есіңде ме?
– Есімде.
– Одан бұрын Айнұр бар ғой.
– Айнұр бар.
– Қасындағысы жақсы еді.
– Айгүл ме?
– Иә.
– Жүзі сұлу болатын.
– Меніңше, сол Айгүл сені жақсы көрді.
– Мүмкін.
– Бота ше, Ботаны ұмытып кетпейік.
– Ол да ғажап-тұғын.
– Бәрінен Сәуле күшті еді.
– Әлі Маржан бар.
– Сосын, Шынар.
– Сұлулығы бет қаратпайтын еді.
Достарыңызбен бөлісу: |