Дидар амантай әзиза Данарға!



бет7/8
Дата09.02.2024
өлшемі28.22 Kb.
#491471
1   2   3   4   5   6   7   8
Amantai Tereze

17 көрініс

Бөлмеде тыныштық орнады. Құлаққа ұрған танадай тыныштық. Ол жалғыз отыр. Жазуын доғарып терезеден сыртқа қарады. Сыртта ештеңе жоқ.


Дауыс:
Әжемнің айтқаны, Өліара – екі айдың арасындағы уақыт. Әдетте, Өліарадағы жауын-шашын келесі айға жалғасады: туған айдың бастапқы екі күні мен батқан айдың соңғы екі күні, расында, көзге көрінбейтіні бар. Бұл аралық – өліара кезең. Ай сүлдерін сүйретіп жеткенде, жұлдызды аспанда жарқырап жүзіп, анық көрінгенде, тілеуқор халық тілек айтады. Қазақ түсінігі бойынша, айшылық алыс жолдың бел ортасына таман ай толады. Ертеңіне, шырт ұйқы дендеп, алагеуім шақ орнап, қара мақпал түн ауғанда, шұғыласына терең шомылған таң, алқынып өрт ішіне кіріп келе жатқандай, тіпті, елең-алаң мезгілден қаулап жанған от құшағында арпалысып жүргендей, шапағы көк жалқын қызғылт жалынға ұқсап, алаулап атып, жиекті қызыл арай, сары алтын түске бояйды.


18 көрініс

Атасы екеуі шалғында шалғы жанып отыр. Мосыда – шайнек. Жаз мезгілі.


Атасы:
Хамал көрген айыңыз сәуір күтіп, жамал бөрік жайымыз тәуір, тіпті, хамал – кешегі наурыз айының атауы. Құт – ескіше Ақпан айы. Жәди – бүгін ұмытылған – Желтоқсан, Дәлу – Қаңтар. Саратан – Маусым, Зауза – Мамыр. Чіллә – Шілде. Әсетіміз де – Шілде. Сүмбілеңіз – Тамыз. Ақырап – Қазан. Мизам – Қыркүйек. Қауыс – Қараша. Отамалы – көкек айының он бірінде кіріп, он жетісінде шығатың амал. Қазақтың көшпелі ғұмыры бір жыл ішінде қол диірмен тасындай айналып келіп отыратын амалдардың бір-біріне арқандай байланған тіршілігі. Ыстықты суық, желді аптаны боран алмастырған, қарлы күндерді жаңбыр, әр маусымның бір мезгілін қамтып, қысқа мерзімде өте шығатын табиғи құбылыстар. Тосын жайттар күн тоқырағанда, қараша қайтқанда, Үркер батқанда, мұз қатқанда, киік матауында, қыс тоқсанында, ай тоғамында жүретін жеті амалға бөлінеді.


19 көрініс

Үміт келе жатқандай, ары-бері бір әйел өтеді. Көктемгі пальтода.


Дауыс:
Кісіліксіз адам – жабайы, тағы, аяушылығы жоқ, қайыры кеткен, рақымы таусылған қатыгез, тіпті, қазақ ондай адамды хайуанға, малға, яғни мақұлыққа теңейді.
Кісілік – адамның шыққан тегі. Құдай жаратқан есті жаратылыс. Пенде. Бірақ, адам Әзәзіл алдында дәрменсіз.
Әзәзілге сыр алдырған адам өмірдің шырғалаңында, өткірдің жүзіне түседі.
Терезеден қарап отыр. Біресе от боп өртенеді. Біресе теңіз толқынына айналып, жағаны ұрады. Біресе жел боп соғады, құйындатады. Текст қатар жүріп жатады.
Ол маңдайы сарт етіп жақтауға соғылады.
Кенет аспанға ұшып бара жатып ілініп қалады.
Салақтап тұрады. Сосын төмен, жерге құлайды:
Адам – күштілігімен де, әлсіздігімен де кісі, бірақ опасыздығымен, мейірімсіздігімен хайуан.
Кісілік – адам Жердің иесі, Көктің құлы боп тұрғанда, ешқашан жоғалмайтын, ескірмейтін, жаңармайтын, өзгермейтін, өшпейтін қасиеті. Кісілік, шын мәнінде, дүние жаратылғанда, адамның өзімен бірге жаралған, әр заманда жалғасқан ұрпағымен бірге туып, бірге жасап келе жатқан қасиеті.
Енді ол терезенің ар жағында өткен өмірінің кезеңдерін қайталай бастайды. Балалық шақ, бозбала кез. Жастық шақ, іскерлік уақыты, дерт шалған күні.
Ойын жалғастырады:
Кісілік – уақытқа тәуелді емес, кісіліктен безген уақыт болады, бірақ, ол – хайуандардың заманы.
Кісіліктің соңы – ақырзаман. Діни түсінікте мақшар күні кісілік талқыға түседі, дәурен құрған заманы, бейнет кешкен дәуірі айтылады, сөйтіп, ұзақ ғасырларға созылған, бітпестей көрінген кісілік уақыты аяқталады, жауаптасу кезеңі басталады. Дәлірек, жауап алу кезіне жетеді.
Ұят нәрсенің бәрі хайуандық емес. Ұят – өз заманының баласы. Келесі ғасырда оны халық ұмытады, енді оны ешкім танымайды, қоғамдық сана басқа шарттардың жетегіне түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет