ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмыстың кіріспесінде таңдалған тақырыптың өзектілігі дәлелденіп, мақсаты мен міндеттері анықталған, ғылыми жаңалығы негізделіп, зерттеудің теориялық және практикалық елеулілігі, нысаны мен пәні көрсетіліп, зерттеудің материалдары мен әдістері баяндалды.
Бірінші бөлімде тыйым сөздерді зерттеудің ғылыми негіздері анықталып қазақ тіліндегі тыйым сөздердің зерттелу дәстүріне шолу жасалынып, тыйым сөздерді зерттеудің этнолингвистикалық негіздері анықталды.
Екінші бөлімде тыйым сөздердің этнолингвистикалық сипаттамасы берілген. Қазақ тіліндегі көріністері наным-сенімдермен байланысты, өлімге байланысты, анатомия мен физиологиялық процестерге байланысты, саяси және жануарларға байланысты тыйым сөздер зерттелініп, қазақ тіліндегі тыйым сөздердің этнолингвистикалық ерекшеліктері анықталды.
Қорытындыда жалпы зерттеу жұмысының нәтижелері жинақталынып, өткізілген зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері қорытылды.
Адамзаттың рухани дамуының әртүрлі сатыларында қалыптасқан наным-сенімдер мен діндерден, бүкіл әлем халықтарының әдет-ғұрыптарынан, салт-саналарынан және тілдерінен орын алған сан алуан тыйымдар этнолингвистикалық құбылыс ретінде ғылыми әлемнің назарын өзіне аударып-ақ келген.
Этнолингвистикалық тұрғыдан алғанда тыйым сөздер алғашқы қауымдық қоғамда наным-сенімнің туындысы болып, өркениет үрдісінің әр кезеңінде толығып, кемелденіп отырған. Баяғы дәуірде адамдар тек табиғатқа сүйеніп, ғұмыр кешетін, тіршілік тәсілі аса қарапайым да әлсіз еді. Түрлі табиғи апаттар екінің бірінде оларға қауіп төндіріп отыратын. Десе де, адамдардың өмір тәжiрибесi біртіндеп молая түсті де, неден тыйылуды тәжiрибе жүзiнде ұғына бастады, бір-ақ не себептi тыйылатынын бiле бермедi. Сөйтіп, бұл жұмбақтың жауабын мифтiк, дiни қисыннан іздеді. Олар табиғаттағы барлық заттардың ие-киесі бар, өмірге, тіршілікке қауіп-қатер төндіріп отырған осы ие-киелер деп жорыды, оған үреймен қарады. Сонымен ие-киелердің қатерінен сақтану немесе мейіріне ие болып, қолдауына жету, іс-қимылдарын сол ие-киелерге үйлестіру, үндестіру мақсатында алуан түрлі тыйымдарды ойлап тауып, тұрмыста қолдана бастады. Бұл дәуірде қалыптасқан тыйымдар негізінен ие-киеге табыну, табиғатқа табыну, тотемге табыну, аруаққа табыну немесе шамандық наным-сенімге қатысты тыйымдар еді. Олар ізгі рухтардан және кесірлі рухтардан тыйылу болып екіге бөлінетін. Демек, өткен дәуірдегі қолайсыз табиғи орта, мешеу тіршілік тәсілі, сондай-ақ адам танымының таяздығы тыйымның пайда болуына негіз болған.
Ғалымдарының тыйым сөздерге қатысты әртүрлі көзқарастарын зерттеп, құрылымын тереңірек сипаттадық. Көптеген ұсынылған пікір-көзқарастар оның қазіргі тіл біліміндегі рөлін айқындауға көмектеседі. Алайда, кейбір құбылыстарды білдіретін сөздер ескіріп, қолданыстан шығып жатса да, тйымы сөздер феномені тілде үнемі сақталады. Мұның өзі құбылыстың табиғатын айқындап, анықтай түседі.
Тыйым сөздерге байланысты есте болатын мәселе мынау: бірде-бір тіл еш уақытта ешбір сөзді шеттетпейді, ешбір сөзге өздігінен тыйым салмайды. Тіл үшін барлық сөз бірдей, тілге ешбір сөздің өгейлігі немесе бөтендігі жоқ. Ендеше тыйым сөздерді тудыратын себептер тілдің өзінде емес, сол тілді қатынас құралы ретінде пайдаланатын қоғамда, әртүрлі әлеуметтік ортада, яғни адамдарда жатыр. Демек бұл тұрғыдан алып қарағанда тыйым сөздер тек этнолингвистикалық құбылыс қана емес, сонымен қатар тіл мен қоғамның өзара байланысын сипаттайтын әлеуметтік лингвистикаға да қатысы бар құбылыс. Өйткені тыйым сөздер – адамдардың қоғамдағы әлеуметтік, мәдени ортаға байланысты қалыптасқан наным-сенімдердің, салт-дәстүрлердің принциптері мен нормаларының тілдегі орныққан көріністері. Демек тыйым сөздер – әртүрлі әлеуметтік себептермен байланысты қолдануға шартты түрде қоғам шек қойған немесе тыйым салған лексика.
Тыйым – қауымдық дəуірдегі адамдардың мифтiк-дiни наным-сенімі негізінде, табиғаттағы ие- киелердің, табиғи жұмбақ күштердің, тылсым заттар мен құбылыстардың белгісіз қатерінен, пəле- жаласынан, түрлі кесапаттан сақтандыру, олар туғызған үрейден арылу немесе мейіріне ие болып, қолдауына жету мақсатында қалыптасқан, сөзсіз орындауға тиісті қағида-ережелерінің жиынтығы. Атап айтқанда, тыйым адамдарға нені атауға, нені істеуге, неге соқтығуға болмайды дегенді үйретіп, оларды оғаш сөз-қимылдан тежеп, белгісіз қатерден сақтану мақсатымен алдын ала жасалған іс-шара болып табылады.
Тыйым алғашқы қауымдық қоғамда наным-сенімнің туындысы болып, өркениет үрдісінің əр кезеңінде толығып, кемелденіп отырған. Бағзы дəуірде адамдар тек табиғатқа сүйеніп, ғұмыр кешетін, тіршілік тəсілі аса қарапайым да əлсіз еді. Түрлі табиғи апаттар екінің бірінде оларға қауіп төндіріп отыратын. Десе де, адамдардың өмір тəжiрибесi біртіндеп молая түсті де, неден тыйылуды тəжiрибе жүзiнде ұғына бастады, бір-ақ не себептi тыйылатынын бiле бермедi. Сөйтіп, бұл жұмбақтың жауабын мифтiк, дiни қисыннан іздеді. Олар табиғаттағы барлық заттардың ие-киесі бар, өмірге, тіршілікке қауіп-қатер төндіріп отырған осы ие-киелер деп жорыды, оған əрі үрейлене, əрі ізетпен қарады. Сонымен ие-киелердің қатерінен сақтану немесе мейіріне ие болып, қолдауына жету, іс-қимылдарын сол ие-киелерге үйлестіру, үндестіру мақсатында алуан түрлі тыйымдарды ойлап тауып, тұрмыста қолдана бастады.
Қорыта айтқанда, тыйым сөздер – бағзы дәуірдегі ата-бабаларымыздың мифтiк және дiни наным-сенімі негізінде қалыптасқан, тілде шынайы өмір сүріп отырған дәстүрлі мәдени құбылыс. Онда ұлттық, жалпы халықтық, наным-сенімдік және дәуірлік қасиеттер болады. Тыйым сөздер адамдардың іс-қимылын үйлестіріп үндестіру, ретке салып, тәртіпке келтіру рөлін ойнаумен бірге, тілдің әдепті, қимылдың ибалы да ізетті болуы сынды қоғамдық моральдың қалыптасуына үлкен ықпал жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |