Диплом жұмысы 5В020500 «Филология: қазақ тілі»


Өлді арыстан абайсыз Жалғыз жаудан қайтпаған [3,290]. *** Суырып алып



бет20/27
Дата20.05.2024
өлшемі1.61 Mb.
#501554
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
961013450907 kz 5B020500 Зинедина Айерке Сағынғалиқызы

Өлді арыстан абайсыз
Жалғыз жаудан қайтпаған [3,290].
***
Суырып алып алмасын
Мамайға бала жүгірді [3;327].
ІІ
Жалғыз салып айқайды
Қалмақтың бұздың қамалын [3,255].
ІІІ
Қорықсаң өзің қайта бер,
Осы жерден еліңе-ай! [3,418].
***
Ең болмаса өлтірсейші
Құс мұрынды сарысын [3,270].
ІV
Кәдірменді ата-ана,
Бес жыл болды мінеки,
Көргенім жоқ қараны [3,78].
Инверсияға күрделі сөздер де ұшыраған. Яғни күрделі сөзді құраушы жеке сөздердің орын ауыстыруы арқылы келген. Мысалы,
Әкем түгіл тамам халық
Бірін-бірі қалар көре алмай [3,207].
Мұндағы күрделі баяндауышты нормаға келтірер болсақ: «Әкем түгіл тамам қалмақ, Бірін-бірі көре алмай қалар» дер едік. Күрделі баяндауышты құрауға қатысып тұрған «қалар» көмекші етістігі өзінің сөз соңында тұратын позициясын ауыстырып, алдыға шыққан.
Бұлардан өзге жырда кездескен инверсияның тағы бір түрі бар. Онда эпитет өзі анықтап тұратын сөзден кейін келген. Қалыпты дағды бойынша анықтайтын сөз бұрын, анықталатын сөз кейін орналасатыны белгілі. Ал мұнда анықталушы сөз эпитеттің орнын басқан. Мысалы,
Шешесін көріп жастағы
Мойнын келіп бұрады [3,341].
***
Кімнің жақсы-жаманын,
Атың жүйрік шабатын [3,360].
***
Баланың ұстап мінгенін
Көкше қартың біледі [3,319].
Инверсияның бұл түрі де оқушыға ерекше әсер етеді. Назарды тез аударып, оқырманның түйсігіне жаңаша ықпал жасайды. Жоғарыда көрсетілген үш мысалда да әдеттегі дағдыдан ауытқушылық бар. Дағды бойынша бірінші мысалда эпитет пен анықталатын сөздің тіркесі былайша болуы керек: «жастағы шешесі». Көзіне жас алып, жылап тұрған шешенің іс-әрекеті сөз тіркесінің ортасына қойылған және екі элемент бірінің орнын бірі басқан. Екінші мысалда: «шабатын жүйрік ат» болса, үшіншісінде: «ұарт Көкше» болуы тиіс. Жырдың барлығы дерлік инверсияланған, сөздердің орны ауысып келген дей алмаймыз. Кәдімгі қара сөз есебінде, дағдылы орны бойынша, сөйлем мүшелері өз позицияларын жоймай келген тұстары да бар. Одан мағынаға да, не жырдың әуезділігі мен ұйқасына еш кедергі келмейді. Жырдан үзінді келтірейік:
Онан бергі екі атаң
Жаман болып жүдеді-ай [3,77].
***
Қалада жатқан әскердің
Құлағына барады [3,387].
***
Мұңды болған бейшара
Жылап-еңіреп қалады [3,345].
Айшықтаудың келесі бір түрі қайталаулар да жырда жиі қолданылған. Стилистикалық фигура болып саналатын бұл тілдік құрал А.Байтұрсынұлы көрсеткендей: «Бір сөзді яки лебізді қайта-қайта айту қайталақтау деп аталады. Ондай қайта-қайта айту – нәрсенің өзіне яки ғамалына көбірек назар салғызу үшін істеледі» [3,345]. Жырда қайталаулардың Қажым Жұмалиев өз зерттеуінде қарастырған барлық түрі кездеседі. Ендеше соларға жеке-жеке тоқталып өтсек.

  1. Жай қайталау:

Мына жалған қызығы
Дәулет пен ықпал, мал екен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет