Диплом жұмысы 5В020500 «Филология: қазақ тілі»


Сабыр ет, балам, сабыр ет! Сабырдың



бет22/27
Дата20.05.2024
өлшемі1.61 Mb.
#501554
түріДиплом
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
961013450907 kz 5B020500 Зинедина Айерке Сағынғалиқызы

Сабыр ет, балам, сабыр ет!
Сабырдың түбі - сары алтын,
Сабыр еткен жетер мұратқа
Сабырсыздық қылам деп
Қалып жүрме ұятқа [3,39].
Мысалдан байқап тұрғанымыздай анафора да ойдың көркем болуына, оқырманға эмоциялық әсер беруде қолданылатын айшықтаудың бір түрі. Өлең тармақтарының бір сөзден басталып отыруы жырдың қуатын арттырып, еселеуге септігін тигізеді. Тек сөздерді ғана емес тұтас бір сөйлемді қайталау да кездеседі:
Сұрқияның тіліне ермеңдер,
Сұрқияның тіліне ерсеңдер,
Күндердің күні болғанда,
Саныңды соғарсың деген осы ма?!
Бұл жерде бастапқы екі тармақтың алғашқы екі сөзі қаз-қалпында қайталанып келеді де, үшінші сөзге басқа грамматикалық форма жалғанады. Біріншісінде «ермеңдер» десе, екіншісінде шартты білдіретін «ерсеңдер» формасымен келеді.

  1. Ал анафораға керісінше құбылыс, сөздің не сөз тіркесінің тармақ соңында қайталанып келуі – эпифора. Жырда қайталаудың бұл түрі де қолданылған.

Үйдемісің, қайнағам,
Дүздемісің қайнағам?
Ұйқыдамысың, қайнағам,
Ояудамысың қайнағам? [3,158].
Жоғарыдағы көрсетілген үзіндіде тармақ соңында қаратпалық мәнге ие сөз қайталанып келіп отырады. Мұнда айтушының назарын аударуда одан сайын еселей түсу үшін, өзінің айтпақ ойын анық жеткізу үшін қайталап отыр. Әрі қайталанып келіп отырған сөздердің алдындағы сөзге қарасақ, антоним сөздер екенін аңғарамыз. Мұндай қарама-қарсы мағыналы сөздер мен қаратпа сөзді қайта-қайта айта беруді ерекше бір тілдік құрал ретінде тануымызға болады. Әрине, жырдағы кейіпкердің назарын аудару үшін бір рет айтса да жеткілікті болар еді. Алайда бірнеше мәрте қайталап айта беру жырдың қуаты мен әсерін арттыра түседі. Оған бір ерекше көркемдік мағына үстейді. Сонымен қатар, эпифора жоғарыдағы шұбыртпалы ұйқаспен келген тармақтарда ғана емес, кезекті ұйқаспен келген тармақтардың соңында да қайталанып келіп отырады:
Халық айтқан соң кінәсін,
Балуан онда өзің біл,
Қатыныңның кешсең кінәсін,
Айтып едім, өзің біл [3,149].
Бұл жағдайда екі сөз бір-бірімен кезектесіп келіп қайталанады. Яғни жырдың бірінші тармағындағы сөз үшінші тармағында, екінші тармағында келген сөз төртінші тармағында қайталанады. Жыр ұйқасының еркіне қарай келген екі сөз де тармақ соңында қайталанып келіп отыруын анық эпифораға жатқызамыз. Сондай-ақ, шығармада бір тармақтың бойында анафора мен эпифораның қатар келген тұстары да бар. Мысалы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет