Диплом жұмысы 5В020500 «Филология: қазақ тілі»



бет25/27
Дата20.05.2024
өлшемі1.61 Mb.
#501554
түріДиплом
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
961013450907 kz 5B020500 Зинедина Айерке Сағынғалиқызы

Төбесінде төрт бүркіт
Хан Мамайдың ойнайды.
Қазандай болған қара бұлт
Күн өтер деп торлайды.
Атасының аруағы
Таудай болып ойнайды
Қанша қалмақ атса да
Асыл туған хан Мамай
Өлетұғын болмайды [3,23].
Қалмақпен шайқасқа түскен Мамайдың ерлігін, асқан қуаты мен күш-жігерін көрсету үшін Хан Мамайдың төбесінде төрт бүркіт ойнайды деп келтірген. Бүркіттің алып құс екені белгілі. Ал аспанда бір емес, төрт бүркіт ойнасып жүрсе, олардың екіпіні мен қарқынының қаншалықты екенін елестете беріңіз. Ал адамның сұстылығын, ашуының қаттылығын білдіру үшін «қара бұлтпен» қатарластыру бар. Қазандай болған қара бұлт деген жолдан осыны аңғарамыз. Жаңбыр жауар кезде күнді қара бұлт торлаған мезгіл қандай болса, адам жүзінің қатқылданып, қатуланған бейнесі соған қатарластырылып, жарыстырылып берілген. Мына бір мысал да психологиялық параллелизм дәл осылай жүзеге асқан.
Ақырғанда Орақтың
Бұлт ойнап, күн жауған.
Осының бәрі пір екен [3,88].
Енді мына бір үзіндіге зер салайық. «Батырлығының белгісі кәрленіп, әшейінде айқайласа, жаз болса, жауын жауып, қыс болса, қар жауатын еді. Ұшқан құсқа құсымды салайын жаңа құсырымды тарқатайын», - деп айқайлап еді, бұл айқайымен бірге құбыладан бұлт шығып, қар жауды. Бұл қар жеті күн, жеті түн жауды. Кереге бойы қар жауды, кере қарыс мұз жауды [3,53]. Мұнда да адам психологиясын табиғат құбылысымен (бұлт шығып, қар жауды) параллель қойып, жақындастыру бар. Психологиялық параллелизм жасауда әсірелеу де қолданылғанын көреміз. Батырдың айқайынан құбыладан «бұлттың шығуы», «жеті күн, жеті түн қардың жаууы» – соның айғағы.
«Орақ-Мамай» жырының синтакситік жүйесінде жоғары атап өткендей өзіндік ерекшліктері бар. Эпос тілі поэтикалық тіл болғандықтан сөйлем жүйесінің құрылысы да ұйқас пен ырғаққа сай болу үшін грамматикалық формалардың қолданысы да қарапайым тілден ееркшеліп тұрады. Поэзиялық туындыларды басты өлшем – ұйқас болатындықтан. Жыррдың иинонациялық әуезділігін жойып алмас үшін буын санының шақ келуі маңызды. Сондықтан да сөйлем мүшелрінің орны ауыстырылып не бір сөздің тармақ басы мен соңында қайталанып келіп отыратындығы анықталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет