Практика басында және соңында қорытынды бойынша карта.
Сурет – 8. Оқушылардың баға көрсеткіш картасы (І жарты жылдық):
Бұл диаграммада 9 «Ә» - сынып оқушыларының І жарты жылдық бойыншы қорытынды бағалары көрсетілген. Жалпы сынып ағылшын тілі сабағында екі топқа біріктіріліп, сабақ жүргізіледі. І топ пән мұғалімі Ермагамбетова Нурсулу Омирзаковнамен бірлесе отырып оқытудың дәстүрлі емес әдістерін қолдану аясында жасалынған экперименттік жұмыс нәтижесі төменгі кестеде көрсетіледі:
Сурет – 9. Практика соңындағы қорытынды бойынша (3 тоқсан)
Жүргізілген тәжірибе қорытындысы
Жоғарыда көрсетілген диаграммаларға сәйкес оқушылардың сабаққа деген белсенділіктері артып, сабақ үлгерімі жақсы жаққа өзгергеніне куә бола аламыз.
Сонымен қата, практика соңында балалардың есте сақтау, ойлау қабілетінің деңгейі жоғарлағынына және коммуникативтік құзыреттіліктерінің артып, шетел тілдерін меңгеру деңгейі көтерілгенін кесте мен диаграммадан көз жеткізуге болады. Бұл дегеніміз, жүргізілген сабақтарда оқытудың дәстүрлі мемес әдістерін қолданудың және ұйымдастырылған тәрбие жұмыстарының пайдасы көп екенін білдіреді және қазіргі жас ұрпақтың яғни, үлкендер ғана емес кіші сынып оқушылары үшін де ағылшын тілінің алар орны бар деген қорытынды жасасақ болады.
Қорытынды
Дипломдық жұмысымда оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудағы оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін, соның ішінде оқу-сөздік жағдаяттарын, көрнекілік құралдар, ойын, өлеңді пайдалану аясында зерттеу әрекеті қамтылып өтілді. Шетел тілдерін оқытудағы коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудың алатын орны, бүгінгі таңда оқытудың педагогика арсеналында бар әр түрлі әдістемелер мен технологияларға сипаттама берілді.
Шетел тілін оқыту барысында сабақ ұйымдастыру қазіргі заман талабына сай көптеген әдіс-тәсілдер мен технологиялар арқылы әр түрлі жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ертеден бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына ықпал етеді. Шетел тілін оқытуда коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру және дамытудың артықшылығы әрбір баланың психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, сонан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтып, білім сапасын арттырып, шетел тілінде қарым-қатынасқа түсіп ерте мәдениетаралық коммуникацияға мүмкіндік береді. Бұл жерде мәдениетаралық коммуникация ұлттар мен мәдениеттер арасындағы өзара байланысты балаларға ерте жастан түсіндіру ретінде қарастырылады.
Cабақ тек шет тілінде ғана болып, оқушылардың грамматикалық қателіктеріне баса назар аудармау, олардың сабақта өздерін еркін ұстап, белсенділігінің артуына өз септігін тигізеді. Осы көзқарасты негізге ала отырып, ағылшын тілін оқытуда коммуникативтік дамудың ролі жоғары, сондықтан ағылшын тілі сабағында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға да баса назар аударған жөн деп санаймыз.
Оқушылардағы коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырғанда барлық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, олардың қызығушылықтарын арттыру қажет. Балалардан жақсы нәтиже алу үшін дипломдық жұмыста біз әр түрлі идеялар мен формаларды қарастырдық. Соның ішінде ең маңыздысы шетел тілі сабақтарын дәстүрлі емес әдістер арқылы ұйымдастыру құралдарын сабақ барысында колдану.
Ағылшын тілі сабағында оқытудың дәстүрлі емес әдістерінің тиімділігі мен орнын талдай отырып, біз шет тілдерін оқытуда ерекше рөл атқаратыны туралы қорытынды жасай аламыз. Сонымен қатар, дәстүрлі емес сабақ өту әдістеру оқушылардың психикалық белсенділігін жұмылдырады, ағылшын тіліне қызығушылық тудырады, меңгерілетін материалдың көлемін кеңейтеді, шаршауды төмендетеді, шығармашылық қиялды жаттықтырады, еркін жұмылдырады, ағылшын тілін үйренудің барлық процесін жеңілдетеді.
Ағылшын тілі сабақтарында сынып оқушыларының қызығушылығы төмендеп кетпес үшін, тәжірибе барысында ойын түрлерінде пайдалану керек екендігін анықтадық. Ойын – лексикалық және грамматикалық материалды белсендіру, барлық қызмет түрлерінің дағдылары мен іскерліктерін дамыту құралы болып табылады. Ойын арқылы баланың сөйлеу қасиеті жақсы дамиды, лексикалық және грамматикалық материал белсендіріледі, тыңдау, ауызша сөйлеу дағдылары дамытылады. Сонымен қатар ойын барысында баланың шығармашылық ойлау қабілеті дамиды. Ойын барысында балада шешім қабылдау керек болады: не істеу керек, не айту керек, қалай жеңуге болады деген сұрақтар кездесуі мүмкін. Оқу ойындары шет тілін қызықты және көңілді үйренуге көмектеседі
Ағылшын тілін оқытудағы коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру және дамытуға байланысты зерттеулердің өзектілігі баланың тілдік кедергіні мүмкіндігінше жылдам жеңуге және оған шет тіліне деген қызығушылығын арттыруға көмектесу болып табылады, осыған орай бұл дәлелді әрбір баланың жеке қабілеттері тұрғысынан қарастыру қажет деп санаймыз.
Оқушының танымдық түсінігің жетілуі тілді меңгеруіне байланысты, ал оның нәтижелі болуы оқытудағы таңдалған әдісіне тәуелді. Сол себептен дипломдық жұмысымыздың екінші тарауында әдіс-тәсілдерді зерттеп жаздық. Сөздіктер шет тілін үйренушілерге арналған бай ақпарат көзі болып табылады. Олар жаңа сөздердің мағынасын, олардың грамматикалық ерекшеліктері мен оларды қолдану ерекшеліктерін терең түсінуге, сондай-ақ оқушылардың сөздік қорын кеңейтуге және олардың тілін байытуға көмектеседі.
Дипломдық жұмыста шетел тілдерін оқытудағы сабақтың дәстүрлі емес ұйымдастырылу технологиясының ерекшеліктеріне тоқталып өттік. Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру ағылшын тілін меңгерудің бастапқы кезеңінде ең негізгі орын алатынын ескере отырып, мұғалімдер өздерінің еңбектерінде оқытудың әр түрлі белсенді әдістерін белсенді қолдану тиіс. Балаларды дұрыс айту және дұрыс қолдана білуге арналған жаттығулары шаршатпауы үшін және де сабақтың көңілді әрі қызықты өтуі үшін жаттығуларды ойын түрінде қолданылады
Сөздіктермен жұмыс жасағанда әр түрлі ойын түрлерімен немесе жағдаяттар арқылы орындаймыз. Мысалы, сөздерге аударма жазу тапсырмасын кім жылдам орындайды ойыны деген сияқты.
Шет тілін оқыту әдістемесі саласындағы соңғы әзірлемелер оқушыларды әртүрлі тілдік дағдыларды дамытуға арналған тапсырмаларды орындау үшін қажетті стратегиялармен қамтамыз етуге баса назар аудардық. Мұндай стратегиялардың қатарына, әдетте, мұғалім немесе басқа да оқушылардың сөздің мәнін түсіндіру; мәтінде кездесетін жаңа сөздердіңзерттеу барысында сюжеттік негізде ағылшын тілін бастапқы оқытуды ұйымдастыру мәселесін теориялық негіздеу және практикалық шешу әрекетін жасадық.
Әдебиеттерді талдау оқушылардағы коммуникативтік құзыреттіліктің теориялық моделін жасауға, көлемі жағынан үлкен түпнұсқалы әдеби туындыны бастауыш мектеп оқушыларын оқыту мазмұнына қосу мүмкіндігін негіздеуге, оқу материалын әдістемелік ұйымдастыру тәсілін анықтауға, әр түрлі әдістемелік ұғымдарға анықтама беруге, бастауыш мектеп оқушыларына арналған ағылшын тілі бойынша оқу құралдарындағы сюжеттік негізде оқыту мазмұнын ұйымдастырудың әдістемелік моделін іске асыруды талдауға мүмкіндік беретініне көз жеткіздік.
Сонымен қатар, дипломдық жұмыста ағылшын тілін оқытудағы коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудың түрлі формаларын және идеяларын пайдаланудың бүгінгі күнгі ерекшеліктері мен тәжірибе барысында көрнекілік құралдар, сөздік жағдаяттар және әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдана отырып алынған нәтижелерге тоқталып өттік.
Қорыта келе оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін тиімді әдістерді пайдалана отырып, жаттығулар орындатудың маңызы зор екендігін байқауға болады. Демек олардың іскерлік сөйлеу дағдыларын белсенді ұйымдастыра отырып, тиянақты білім беру – мұғалімнің ой ұшқырлығына, комуникативті құзіреттілігіне байланысты екенін айтқымыз келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |