2.2. Коммуникативтік құзыреттіліктерді қалыптастырудағы оқытудың дәстүрлі емес әдістері
2019-2020 оқу жылының алғашқы семестірінде университте ұйымдастырылған академиялық ұтқырлық бойынша Венгрия елінің, Сопрон қаласында, Сопрон университетінде білім алу барысында шет елдік және еліміздің шетел тілдерін оқыту барысындағы тәжірибелерін бақыладым. Нәтижесінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда жаңа тенологиялармен қатар оқытудың дәстүрлі емес әдістерін сабақ ұйымдастыру барысында қолдануын байқауға болады. Яғни, жаңа ақпараттық технологиялар мен оқытудың дәстүрлі емес әдістерін кәсіби дәрежеде ұштастыра отырып, шетел тілін үйренушілердегі тілге және сол тілді үйренуге деген қызығушылықтарды арттыруға баса назар аударылады. Сонымен қатар, оқушылар бойында тілін үйреніп атқан елдің әдет-ғұрпына, мәдениетіне және салт-дәстүрі мен наным-сеніміне деген құрметті қалыптастырады.
Шетел тілдері сабақтарын ұйымдастыру барысында жалпыға ортақ тақырып таңдау да оқушылардың сабақ барысындағы белсенділігіне өз әсерін тигізеді. Дәлірек айтқанда “Online language development” сабағы барысында оқушылардың барлығы да өздеріне қызық болған тақырып бойынша сабақтарды кезекпен жүргізеді. Ол оқушылар арасаындағы өзіндік бағалау қалыптастыра отырып, сабақтың қызықты да тиімді жүргізілуіне өз әсерін тигізеді. Сабақ ұйымдастыру “TeadTalks” бағдарламалы видеопроекттер арқылы жүзеге асыралады. Аталаған видеопроектер қарапайым халықтың арасынан шыққан, өз өмірінде болған ерекше оқиғалар туралы баяндайды. Бұл видеопроекттер тіл үйреніп жатқан оқушылардағы коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудағы ерекше тиімді әдіс екенін көрсетті. Оқушылар арасындағы қарым-өқатынасты дамыта отырып, әңгімелесу мәдениетін дамында да тиімділігін байқауымызға болады.
Сопрон университеті және отандық университеттердегі шетел тілі сабақтарын ұйымдастыру барысындағы ең үлкен айырмашылық - сабақтардың дәстүрлі түрде жүргізілуі. Еліміздің білім беру жүйесінде сабақтарды ұймдастырудағы оқытудың дәстүрліемес әдістерін қолдану сонау Кеңес дәуірінен бастау алғанымен, қазіргі таңда оқушылар арасында кеңінен танылаған. Оған басты себеп – мұғалімдердің оқытудың дәстүрлі емес әдістерін қолдану аясыныдағы тәжірибені аздығы, яғни еліміздегі сабақтардың басым бөлігі дәстүрлі түрде ұйымдастырылуы.
Сонымен қатар шетел тілі сабақтарындағы коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру барысныдағы ең басты факторлардың бірі – сабақ барысындағы шетел тілінде сөйлейтін ортаның болуы. Оқушылардың сабақ барысында тек қана үйреніп жатқан шетел тілдерінде ғана сөйлеп өз ойларын жеткізуіне тырысуы олардағы коммуникативтік құзыреттіліктің дамуына және өзара ұжымдық жұмыста белсенді болуға көмектеседі. Шет тілінде сөйлейтін ортаның қалыптасуында оқушылардың сөйлеу, өз ойларын жеткізу барысындағы грамматикалық қателіктерге назар аудармай өз ойын еркін жеткізіп, өзіне деген сенімсіздіктен арылту ең негізгі мақсат болып саналады. Оқушылардағы сенімсіздіктен арылу – олардағы коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруң ең алғашқы және ең басты сатысы деп айтсақ қателеспеген боламыз. Сонымен қатар сенімсіздіктен арылу – оқушының сабқата өзін емін-еркін ұсатп, басқа да сыныптастарымен жеңіл қарым-қатынасқа түсуіне мүмкіншілік береді.
Оқушылардағы коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудағы тиімділіг жоғары оқытудың белсенді әдістерін ұсынамыз:
Достарыңызбен бөлісу: |