7
Кіріс құжаттарын тіркеу
Кіріс құжаттарының бірінші бетінің оң жақ бұрышының төменгі жағына
мөртабан (штемпель) арқылы тіркеу штампы қойылып, оның үстіне мерзімі
және құжат индексі басылып, тіркеледі.
Шығыс құжаттарын тіркеу
Шығыс құжаттарының сол жақ бетінде арнайы орын қалдырылған бланктің
тұрақты деректемелерінің үстіне мерзімі және құжат индексі қойылады.
(Орыс тілінен аударылып берілді)
Іскерлік қарым-қатынас этикеті
Іскерлік қарым-қатынас этикеті.
Этикет – белгілі бір мінез-құлықтың белгіленген тәртібі. Іскерлік этикет –
іскерлік қарым-қатынас жүйесіндегі мінез-құлық тәртібі.
Іскерлік этикет
ережелерінің негізі мыналар:
-іскер әріптеске әдепті және сыпайы қатынас;
-әртүрлі қызметтік жағдайдағы қызметкерлер арасындағы белгілі бір ара-
қашықтықты сақтау;
-шешім қабылдауды білу және оларды орындау қабілеті;
-іскерлік қарым-қатынастағы адалдық;
-әріптесті ренжітпей және оның арына тиіспей,
«иә» және
«жоқ» деп айта
білу;
-сіздің пікіріңізге сәйкес келмейтін өзгенің пікіріне
төзімділік;
-өз қателіктеріңді мойындай білу, өзіңе-өзің сынмен қарау;
-дауласу кезінде беделіңді емес, аргументіңді пайдалана білу.
Жазбаша іскерлік қарым-қатынаста іскерлік этикетті сақтау қажет: қарым-
қатынас формуласында, өтініштерде, бас тартуларда, шағымдарда (претензия),
аргументтеу тәсілдерінде, тапсырмаларды құрастыруда және т.б.
Үндеу – адресат тұлғасына апелляциясы. Үндеудің міндеті – адресатпен
байланысты орнату, оның назарын аудару, қызықтыру. Үндеудің едәуір жалпы
формулалары
іскерлік
қарым-қатынастың
кез
келген
жағдайында
пайдаланылуы мүмкін.
Құрметті (тегі)… мырза! (Уважаемый господин...!) Құрметті (тегі)…
ханым! (Уважаемая госпожа..!) Немесе Құрметті мырзалар! (Уважаемые
господа!)
Лауазымды тұлғаларға лауазымын көрсете отырып және тегін атамай
(фамилиясыз) үндесуге болады:
Құрметті Президент мырза! (Уважаемый господин Президент! )Құрметті
Төраға мырза! (Уважаемый господин председатель!) Құрметті әкім мырза!
8
(Уважаемый господин мэр!) Құрметті министр мырза! (Уважаемый господин
министр!)
Шақыру хаттарында, құттықтауларда аты және әкесінің аты бойынша
үндеуге жол беріледі:
Құрметті Асхат Қайратұлы! Құрметті Лаура Болатқызы!
Бір кәсіптік ортаға үндеу кезінде мынадай үндеулерге жол беріледі:
Құрметті әріптестер!(Уважаемые коллеги)
Этикет
ережесіне сәйкес, егер құжат адресатқа жеке үндеу формуласымен
басталатын болса, онда құжаттың соңында қолдың алдында
«Құрметпен...»
(
С Уважением...) деген сыпайылық қорытындылау формуласы болуы қажет.
Іскерлік қарым-қатынас сипаты бойынша ресми болғандықтан, оның
қатысушылары – ұйымның атынан әрекет ететін лауазымды тұлғалар мен
қызметкерлер өтініштер, сұраухаттар,
ұсыныстар, пікірлер т.с.с. құрастыру
кезінде көпше түрдің 1- жағында үндеу нысаны қабылданған:
Сіздердің назарларыңызға «Қазақстан-Қытай мәдени-ынтымақтастық
саласындағы» келісім жобасын ұсынамыз…
Сіздердің қарауларыңызға және бекітулеріңізге Бас сызба жобасын
ұсынамыз…
10.10. 2010ж. №9-8/23 келісімшарттың орындалу мерзімінің аяқталып келе
жатқанын Сіздердің естеріңізге саламыз…
Симпозиумге қатысу мүмкіндігіңіз туралы хабарлауыңызды өтінеміз…
Жекеше түрдің 1-жағы бойынша үндеу формуласы
(«өтінемін», «ұсынамын»,
«шақырамын»)
лауазымдық
тұлғалардың
бланкілерінде
рәсімделген
құжаттарда пайдаланылады. Хат алмасу кезінде іскерлік этикет нормаларын
сақтаудың үлкен маңызы бар. Хат алмасудың бірінші және негізгі ережесі –
жауап созбау, өз тілшісін күттірмеу. Белгіленген
мерзімде жауап беру
мүмкіндік болмаса, бұл туралы адресатқа қалай және қашан түпкілікті жауап
берілетінін хабарлау қажет; осыған орай, кешіктіргенге кешірім сұралуы тиіс,
оның объективтік себебін түсіндіру қажет. Іскер әріптеспен шынайы болуы
және оған сену қажет. Керек емес хаттарды жазудың қажеті жоқ.
Әрбір хат
қандай мәселені қамтымасын, көп сөзді емес, барынша ақпаратты болу тиіс.
Жауапты дайындау кезінде «адресат» реквизитін рәсімдеуге ұқыпты болған
жөн: егер келген хатқа басшысы қол қойса, онда жауапты соның атына жіберу
қажет, егер басшының орынбасары қол қойса – онда оған жауап беру қажет.
Хат алмасу бойынша әріптестен жауап күтілген және ол маңызды болса, онда
келесі хатта әріптестің жауабына алғыс айтқан жөн. Егер әріптес орындалуы
мүмкін емес өтініш білдірсе, онда мүмкіндігінше
оның орнына басқа бір
ұсынысты немесе кейінірек хабарласуды өтіну немесе өзге мекемеге
хабарласуды ұсыну, жауаптан бас тарту себебін түсіндіру қажет, өтірік
сыпайылықтар алынып тасталуы тиіс.
«Жылы қабақ танытуыңызды өтінемін»
(Будьте так любезны) және
«Хабарлауға қарсы болмауыңызды өтінемін» (Не
откажите в любезности сообщить) сияқты іскерлік хаттардағы орынсыз
үндеулер болмауы тиіс.
9
Қызметтік хаттардың мәтіндерінде
«мен» және
«ол» есімдіктері алып
тасталсын,
олардың орнына «біз» және
«Сіз» есімдіктерімен алмастырылуы
тиіс.
«Біз орындаймыз» (Мы выполним) сөздері ырықсыз етістермен
«бізбен
орындалады» (Нами будет выполнено) ауыстырылуы жөн;
«Сіз ұсынасыз» (Вы
предлагаете) емес
«Сізбен ұсынылды» (Вами предложено).
Егер әріптеске оның алған міндеттемесін орындау қажеттілігі туралы еске
түсіру қажет болса, онда еске түсіру немесе претензия (уәж) ешқандай
дөрекіліксіз бірқалыпты және анық құрастырылуы тиіс.
(Орыс тілінен аударылып берілді)
Достарыңызбен бөлісу: