10
қолданылуы тұрғысынан бес стиль саласына бөлінеді:
ауызекі сөйлеу стилі,
ғылыми, ресми іс қағаздар, публицистикалық және көркем стиль. Стильдің бұл
тармақтары әуелі бір-біріне қарама-қарсы қойылатын ауызекі сөйлеу түрі мен
кітаби түрі болып ажыратылады.
Күнделікті тұрмысқа байланысты сөйлеу ресми емес, шүйіркелесу
жағдайында өтеді. Бұл – ауызекі сөйлеу стилін туғызады, демек, жеке
адамдардың санасындағы жағдайды ресмилікті
қажет ететін қоғамдық сана
ауқымында кітаби стиль өмір сүреді.
Ауызекі сөйлеу стиліне тән нәрсе – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас
жасауы болса, кітаби стильдерге тән нәрсе – хабарлау қызметі болады.
Ауызекі сөйлеу стилі мен кітаби стильдердің арасындағы айырмашылық
ауызша және жазбаша түрімен де ажыратылады. Ауызекі сөйлеу стиліне –
ауызша сөйлеу тән де, кітаби
стильдер ауызша айтылғанымен, негізінде
жазбаша түрдің жүйесін сақтайды.
Ауызекі сөйлеу стилі әдетте таныс адамдармен еркін әңгімеде қолданылады.
Міндеті – қарым-қатынас. Сөздерді, сөйлемдерді таңдауда еркіндік беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: