ДипломДЫҚ ЖҰмыс 5В010500-Дефектология мамандығы


Тақырыбы: Өө дыбысы мен әрпі. Өзен суреті бойынша әңгіме өткізу



бет10/17
Дата01.06.2023
өлшемі450.19 Kb.
#474584
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Құрамашева М. 105-48,

Тақырыбы: Өө дыбысы мен әрпі. Өзен суреті бойынша әңгіме өткізу.


Сабақтың мақсаты:
а) Ө дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуды үйрету;
ә) ө дыбысты қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін дамыту;
б) оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабаққа қажетті көрнекілік құралдар: «Әліппе» т.б. оқу құралдары, ілмелі таблицалар мен қима әліппе, тақырыптық таратпалы суреттер, дидактикалық материалдар т.б.

  1. Өткен сабақты пысықтау: ға, ге буындарын қатыстырып ауызша сөз құрастыру (га-зет, ше-ге, е-геу).

  2. Оқулықтағы «Өзен» суреті бойынша әңгіме құрастыру; өзеннің пайдасы, оны қорғау, таза ұстау туралы түсініктер беру, әңгіме бойынша сөйлемдер құрастыру, сөздік жұмыстарын жүргізу.

  3. «Өзен тасыды», «Өзен ауылға жақын» сияқты сөйлемдерден өзен сөзіне дыбыстық талдау жасау арқылы ө дыбысын бөліп алып, оны баспа әріппен белгілеу, ө дыбысының дауысты дыбыс екенін, өздігінен буын жасай алмайтынын түсіндіру.

  4. Кеспе әліппеден керекті әріптерді тауып алып, өзен сөзін құрастыру, оны буындап оқу (ө-зен); бұл сөздегі дауысты дыбыстарды таптырып, оның екі буыннан тұратынын дәлелдеу.

  5. Әліппе бағандарындағы сөздерді буындап, хормен және өздігінен жеке оқу, сөзді буындап оқу барысында әрбір әріпті қадағалап және дұрыс оқуды ескерту, бағандағы сөздерді көрсеткіш таяқша арқылы теріп оқу, оқылған сөздердің мағынасын түсіндіру.

  6. Бағанда берілген көже, шөже, өлең, өрік, көмір, көкек сөздерін магнитофонға жазып тыңдау, бұл сөздегі е дыбысының ө болып, і дыбысының ү болып дыбысталуын байқау, сөздерді дұрыс айтуға жаттықтыру.

  7. «Сергіту сәтін» өткізу.

  8. «Жазу үлгілерінен» үлкен және кіші ө әрпін көрсетіп, таныстыру, ө әрпінің басты түрі мен жазба түрін салыстыру, ө дыбысының бас әрпі мен кіші әріптерін үлгі бойынша жазу, өзен сөзін буынға бөліп, әр буынды іштей дыбыстап, сөзді жазу, жазғанды оқып, оның дұрыс жазылуын тексеру.

  9. «Өзен тасыды» деген сөйлемді көшіріп жазу, әр сөзді оқушылардың іштей буындар арқылы дыбыстап жазғанын бақылау, жазылған сөйлемді дауыстап оқу арқылы тексеру, өзен сөздегі дыбыстардың біркелкі жіңішке айтылуынан байқату, оның себебін түсіндіру.

  10. Оқылған дауысты дыбыстарды (а, у, о, ы, ұ, е, і, ә, и) еске түсіріп жазып шығу.

  11. Сабаққа қорытынды жасау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет