ДипломДЫҚ ЖҰмыс 5В010500-Дефектология мамандығы



бет11/17
Дата01.06.2023
өлшемі450.19 Kb.
#474584
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Құрамашева М. 105-48,

Сабақ №2


Тақырыбы: Рр дыбысы мен әріпі
Сабақтың мақсаты:
а) р дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету;
ә) р дыбысы қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушылардың білімі мен тілін дамыту.
Сабаққа қажет көренекі құралдар: «Әліппе» оқулығы, т.б. оқу құралдары мен жабдықтары, кеспе әліппе, қол ара,түрлі түстер шарлар, тарақ (немесе бұлардың үлестірме суреттері), р дыбысына берілген әліппе бағандарындағы сөздердің буындық кестелері.

  1. Оқулық бетіндегі бал арасы мен еңбек құралы ретінде пайдаланатын қол арсасына берілген суреттер арқылы «Ара бал жинайды». «Ара – еңбек құралы» сияқты шаған сөзді сөйлемдер құрастыру; оқушыларды қатыстырып әңгімелесу арқылы бұл сөйлемдердің мазмұнын түсіндіру; «ара» сөзінің сөйлемдерде әр түрлі мағынада қолданылыып, екі түрлі ұғым беретінін түсіндіру (бірінші сөйлемде ара сөзі адамға бал беретін жәндіктің атын білдірсе, екінші сөйлемдегі ара сөзі еңбек құралының аты екендігін түсіндіру); оқушылардың арадан басқа тағы қандай құрал-саймандарды білетінін анықтау, ара сөзін қатыстырып, логикалық жаттығулар жүргізу: (Ара, балға, балта, күрек – саймандар. Саймандар: ара, балға, балта, күрек).

  2. «Ара бал жинайды». «Ара –еңбек құралы» секілді сөйлемдерді сөздерге ауызша талдау арқылы ондағы сөздердің санын, орын ратін анықтау (бірінші сөз – ара, екінші сөз - ....); сөйлемнен ара сөзін алып, оған дыбыстық талдау жасау (ашық буын таблицаларын және басқа дыбыстық талдау тәсілдерін қолдану); ара сөзінен р дыбысын бөліп алып, оны баспа Р әрпімен таңбалау, Р-дың дауыссыз екенін түсіндіру.

  3. Кеспе әріптермен ара сөзін құрастыру, оны буынғ бөліп оқу (а-ра); таблицадан а және ра буындарын тауып, олардан ара сөзін құрастырып оқу, әр буындағы дауысты дыбысты таптыру.

  4. Әліппе бағандарында берілген сөздерді буынға бөлінген қалпында әрбір буындағы әріптерді көру арқылы мұғалімге қосылып, хормен оқу және әрбір оқушының өздігінен жеке оқуын ұйымдастыру; сөздегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды таптыру.

  5. «Сергіту сәтін» өткізу.

  6. «Жазу үлгісі», ілулі қолжазба әліппеде берілген және мұғалімнің тақтаға жазған үлгілерін Р әріпін көріп, танысу: Р әрпінің баспа түрі мен жазба түрлерін салыстыру; әліппе бетіндегі (р,ра, ара) және «Жазу дәптеріндегі» жазу үлгілері бойынша: 1) кіші р әрпінің элементтерін сызу, 2) р әрпін жазу, 3) ара сөзін іштей буынға бөліп, дыбыстап жазу, сөзді қайта буынға бөлу арқылы оқып, жазу дұрыстығын тексеру.

  7. Жазба жұмысы: есту бойынша ара, аға сөздерін іштей буынға бөліп айта отырып жазу, жазылған сөздерді буындап оқып, олардың дұрыс жазылғанын тексеру.

  8. Өтілген дыбыс әріптерін (а, т, п, н, ғ, р) еске түсіріп, жазып шығу, дауысты дыбыс әрпін – қызыл, дауыссыз дыбыс әрпін көк түспен бояу.

  9. Сабаққа қорытынды жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет