ДипломДЫҚ ЖҰмыс 5В010500-Дефектология мамандығы


Бастауыш мектепте оқуға, жазуға үйретудің пәні негізінде жүргізілген эксперимент нәтижелері



бет15/17
Дата01.06.2023
өлшемі450.19 Kb.
#474584
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Құрамашева М. 105-48,

Бастауыш мектепте оқуға, жазуға үйретудің пәні негізінде жүргізілген эксперимент нәтижелері.
Эксперимент үш кезеңде өтілді.
№ 64 Ж. Аймауытов атындағы мектеп-гимназияның бастауыш буыны
1 «б» сыныбында жүргізілді. Анықтау эксперимент жүргізу кезеңіде оқушымен әңгіме-сұхбат, жазуға арналған жаттығу әдістері, логикалық ойын түрлері, балалардың тіл дәрісінде сауатты, шапшаң, көркем жазу дағдыларының бастапқы кезеңі анықталынды. (Яғни, көркем жазудағы әрбір әріп элементтерін білу, жалпы сауатты жазу жайлы білімі мен іскерлігі негізе алынды).
Анықтау барысында сыныптағы оқушылар жазу жайлы түсініктері бар, алайда оны қызығушылықты үйлесімділікпен орындауда шрифт, штрих, конфигурация секілді элементтерін ажырата білу, бас әріп кіші әріп элементтерінің дәстүрлі жазу үлгілерін, үзікті жазу, буындап жазу, сөзбен сөйлемді жазу секілді жазу мәдениеттінің негізгі көрсеткіштерінің маңызын білу қажеттілігі көрінеді.
Қалыптастыру эксперименті үш кезеңде жүргізілді:
Оқушыларға жазу дағдыларын қалыптастырудың тиімді тәсілдерін тілге негізделе отырып, әр оқушымен жеке жүргізу қарастырылды.
Бірінші кезеңде – оқушыға жазу дағдыларын сауатты, жылдам түрде үйретуде тіл дәрістерін логикамен байланыстыра отырып қалыптастырдық. Бұл кезеңнің негізгі міндеті оқу мен жазуды бірдей байланыстыра алып жүру К.Д.Ушинскийдің қағидаларына сүйене отырып, өтілген дәрістердегі мүмкінтермен тексерілді.
Екінші кезеңде – көркем жазуға үйрету арнайы қазақ тілі мен ана тілі сабақтарда жүргізілді. Дәрістердің жоспарлаған мақсаттарына байланысты көркем жазуға уақыт арналып орфографиялық, орфоэпиялық жазу нормаларымен жұмыс жүргізудің сан алуан амал жолдарын іздестіру, оны дәріс барысында нәтижелі қолдана білу қамтамасыз етілді.
Үшінші кезеңде – арнайы бастауыш мектептің берілетін көркем жазу дәрістерінде жазу мәдениеті негізінде өз бетінше шығармашылық әрекеттер жасауына дағдыландыру қажеттігі туындады. Оған сауатты жаза білетін оқушы ғана дұрыс, шапшаң оқудан хабары бар, өз ісіне жауап беретін, дәріс, дәрістен тыс уақытында да өздігінен жұмыс істей алатын тұлға қалыптасады. Эксперимент барысында бірінші сыныпта арнайы санақ арқылы дағдыландыру, оған қоса ойын – жаттығулары секілді жұмыстар жүргізілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет