1.3 Зерттеудің мақсаты, міндеттері, әдістері мен ұйымдастырылуы
КСРО-да жас футболшыларды даярлау бағдарламаға сәйкес жүргізіліп келеді. Алайда, әдеби мәліметтерді талдау көрсеткеніндей, осы бағдарламаның барлық ережелері анық ғылыми негіздеуге ие бола бермейді. Жекелей алар болсақ, жалпы төзімділікті дамыту бойынша ұсыныстар жеткіліксіз анық негізделген болып табылады. Іс жүзінде, практикада жаттықтырушылар жаттығу процесіне өздерінің түзетулерін енгізіп отырады. Біліктілігі жоғары жаттықтырушылардың жас футболшыларда жалпы төзімділікті арттыруға қандай тәсілдермен және әдістермен қол жеткізетіндігін айқындау қызғылықты болып келеді.
Өз қызметінің нәтижелеріне бақылау жасамайынша, жаттықтырушының практикалық жұмысы толыққапды бола алмайды. Бұл жас спортшылармен жұмыс істегенде ерекше маңызды, өйткені 12-14 жаста организмнің әртүрлі жүйелерінің дамуының гетерохрондылығы байқалады. Жалпы төзімділіктің даму деңгейін анықтау үшін жаттықтырушыға қарапайым, қол жетерлік тесттер қажет. Футболда бұл мәселе толығымен шешіле қоймаған.
Жас футболшылардың жалпы төзімділігін тәрбиелеудің әдістемесін дұрыс, ғылыми негіздей отырып таңдауға тек қана футболшының алаңдағы әрекеттерін қуатпен қамтамасыз ету механизмін түсінген кезде ғана қол жеткізілуі мүмкін болады. Жүгіру футболшылардың орын ауыстыруының негізгі тәсілі болып табылады және сондықтан аэробтық мүмкіндіктер мен жүрек-қан тамыры жүйелерінің өнімділігі тестіленуге тиісті екендігі айдан анық болып отыр. Алайда жалпы төзімділікті тиімді тәрбиелеуге мүмкіндік беретін, жас футболшының организміне әсер етудің нақтылы түрлері (жаттығулар жинағы, сабақтар әдістемесі) айқын болмай қалуда. Осыған байланысты біздің зерттеуіміздің мақсаты 12-13 жасар жас футболшыларда жалпы төзімділікті тәрбиелеу әдістемесін жасап шығару болды.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешу керек болды:
1) 12-13 жасар жас футболшылардың даму деңгейін анықтау және жалпы төзімділікті арттыру мүмкіндіктерін айқындау;
2) жас футболшыларда жалпы төзімділікті тәрбиелеуге арналған тәсілдер мен әдістердің ең тиімді кешенін анықтау;
3) 12-13 жасар жас футболшыларда төзімділікті тәрбиелеуге бағытталған тәсілдер мен әдістемелік амалдардың кешенін жасап шығару және эксперимент түрінде негіздеу;
4) жас футболшылардың төзімділігін арттырудың спецификалы емес жаттығу тәсілдерін пайдаланудың олардың техникалық даярлығына және дене қасиеттерінің дамуына әсерін анықтау.
Зерттеу әдістері
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін келесі әдістер қолданылды:
әдебиет көздерін талдау және сұхбаттасулар;
педагогикалық бақылаулар және қимыл-қозғалыс қабілеттерін бағалау;
педагогикалық эксперимент;
газ талдау өлшеулері;
PWC170 анықтау;
Пульсометрлік өлшеулер;
Дәрігерлік бақылау;
математикалық-статистикалық әдістер.
Алдыңғы қатарлы практикалық тәжірибені жалпылау үшін футбол саласындағы жетекші мамандармен бірқатар сұхбаттасулар жүргізілді. Бұларда негізінен алғанда практикада қолданылып жүрген жалпы төзімділікті тәрбиелеу әдістері мен тәсілдері анықталған сұхбаттасулар:
- жалпы төзімділіктің жас футболшыларды даярлаудағы мәнін;
- жалпы төзімділікті дамытуды осыдан бастау мақматқа лайықты болатын жасты;
- жалпы төзімділікті тәрбиелеудегі жалпы және арнайы дене қасиеттері даярлығының ара қатынасын;
- жас футболшылардың жалпы төзімділігін дамыту тәсілдері мен әдістерін қорлдануды анықтауға, айқындауға бағытталды.
Педагогикалық бақылаулар және қимыл-қозғалыс қабілеттерін бағалау
Жаттығу сабақтарының бағытталуын анықтау үшін, педагогикалық эксперименттің барлық кезеңдерінде орындалып жатқан жұмыстарға бақылаулар жасалды, сабақтардың көлемі мен қарқындылығы, жас футболшылардың дене қасиеттерін дамытуға және техникалық даярлығын дамытуға бөлінетін сабақтар саны тіркеліп отырды.
Сыналушылардың жарыстағы әрекеттеріне бақылау жасау ресми және жолдастық кездесулер кезінде жүргізіліп отырды.
Жаттықтырушының конспектіне сәйкес жүргізілген сабақтарды талдау, сондай-ақ педагогикалық бақылаулар жаттықтыру сабақтарының бағытталуын, олардың жас футболшылардың төзімділігін тәрбиелеуге әсерін анықтауға мүмкіндік беріп отырды.
Зерттеу нәтижелеріне бақылау жасау және төзімділіктің ең ақпараттық көрсеткіштерін, сыналушылардың қимыл қасиеттерінің даму дәрежесін іріктеп алу үшін зертханалық жағдайда және табиғи жағдайларда жүргізілген тесттер қолданылды:
1) «Алты минуттық жүгіру» тесті (Купер тестінің аналогы).
Жас футболшылардың төзімділік деңгейін анықтау және арттыру үшін әртүрлі жастағы және дене қасиеттері алуан түрлі жасөспірімдер үшін қол жетерлік болып келетін, өткізілуі қарапайым, жарыс әрекетінің элементтерін қосатын және жаттығуда көп уақыт алып жатпайтын «алты минуттық жүгіруді» қолданған мақсатқа лаықты болып келеді.
«Алты минуттық жүгіру» тестін өткізу үшін осы бойынша сыналушылар жүгіретін, футбол алаңының маңындағы жолға әрбір 10 метр сайын белгі салу қажет. Сыналушылар жүгіру жолы бойынша 6 минут ішінде үздіксіз жүгірген кездерінде өткен, метрмен көрсетілген қашықтықтың ұзындығы тіркеледі.
Жүгірудегі нәтижелілік көбіне-көп күшті дұрыс бөле білуге, оптималды қарқынды таңдай білуге байланысты болып келетіндіктен, сыналушыларға экспериментке дейін 2 күн ішінде күніне 2-3 реттен қашықтықты «сынап көру» қажет. Бұл кезде жүгіруді максималдыдан төмен жылдамдықтан бастап, оны жүгіру соңында арттырған мақсатқа лайықты болады. Бұл сыналушылардың барлығын бірдей жағдайға қою үшін қажет.
Біздер алған мәліметтер жас футболшылардың «алты минуттық жүгіру» тестін орындауы әрбір сыналушының ОМТ-сының 90-95%-ы деңгейінде жүзеге асырғандығын көрсетіп отыр. Бұл деңгейге жүгірудің 4-ші минутында қол жеткізіледі және ол қалған уақытта ұсталып отырады.
Бір орыннан 1000 м жүгіру.
Спортшы қашықтықты жоғарғы старттан, максималды жылдамдықпен жүгіріп өтті. Жүгіру уақыты қол секундомерімен секундтың жүзден бір бөлігіне дейінгі дәлдікпен тіркеліп отырды.
30 метрге жүгіру.
Тест жоғарғы старттан жүргізілді. Алғашқы 15 с-тың және 30 метрлік бөлікті жүгіріп отыру уақыты тіркелді. Екі нәтиже де Ф-209 миллисекундомерінде бекітіліп отырды. Старт сызығына (екінші мәрте жүгіріп өтерде) спортшылар асықпай баяу жүгіре отырып оралды.
Тесттеудің кейбір ерекшеліктері, жекелей алғанда техникалық даярлықтың ерекшеліктері және экспериментті ұйымдастырудың жекелеген ерекшеліктері сонымен қатар зерттеу нәтижелерін баяндаған кезде ұсынылған.
Педагогикалық эксперимент
Педагогикалық эксперименттің барысында футболшылардың төзімділігін тәрбиелеуге бағытталған тәсілдер мен әдістердің ең тиімді кешені анықталды. Зерттеулер үш жыл бойы жүргізіліп отырды.
Газдық талдау өлшеулері
Экспираторлық ауадағы көмірқышқыл газы мен оттегінің концентрациясын талдау, сонымен қатар өкпе вентиляциясын анықтау ММС автоматты жүйесінің көмегімен шығарылатын газды талдау әлде үздіксіз (әр 30 секунд сайын), әлде жұмыстың әр сатысында соңғы 30 секундта жүргізіліп отырды (оттегін максималды тұтынуды анықтаған кезде үздіксіз өлшеу шаршап-шалдығуға жақындаған кезде жүргізілді).
Требанда тестілеген кезде лентаны созудың бастапқы жылдамдығы 2,5 м/с құрады. Әр 3 минут сайын жылдамдық 0,5 м/с арттырылып отырды. Лентаны еңкейту бұрышы тұрақты болды және 50 тең болды.
Аталған зерттеулер профессор М.Я.Набатникованың басшылығымен Дене шынықтыру институтының қызметкерлерімен бірлесе отырып жүзеге асырылды.
PWC170 анықтау
а) Велоэргометр варианты /51/
Жұмыс «Монарх» типті велоэргометрде жүзеге асырылды. Бірінші күш салу 5 минут жалғасты және салыстырмалы түрде шағын қуаттылыққа ие болды (жүрек қысқаруларының жиілігі 140 соққы/мин шамасында болды). Бірінші күш салудан кейін 3 минут демалыс беріліп, кейін екінші күш салу жасалды, ол да 5 минут жалғасты. Жүрек қысқаруларының жиілігі әр сатының соңғы 20 секундында электрокардиографтың көмегімен тіркеліп отырды (электродтар Неб бойынша орналастырылды). PWC170 өлшеу мына формула бойынша жүргізілді:
Мұндағы: PWC170 – денеге күш түсірудің қуаттылығы, кгм/мин;
N1 және N2 – 1-ші және 2-ші күш салулардың қуаттылығы, кгм/мин;
f1 және f2 – бірінші және екінші күш салулардың соңындағы жүрек қысқаруларының жиілігі.
б) Жүгіру варианты
футболшылар екі қашықтықты жүгіріп өтті: осылардың арасындағы демалыс 5 минут бола отырып, 600 және 1000 м. Сыналушыларға келесі нұсқау берілді: 600 метрді орташа жылдамдықпен – «күштің» жартысынан және 1000 метрді – «күштің» ¾ бөлігімен, субмаксималды жылдамдықпен. Жүгіру жылдамдығын сезіну дағдысын алу үшін бірнеше арнайы сабақтар өткізілді.
Қашықтықты жүгіріп өту уақыты секундтың жүзден бір бөлігі дәлдігімен “Seiko” секіндомерімен өлшеніп отырды. PWC170 көрсеткіштерін есептеу үшін 600 және 1000 м қашықтықтардағы жүгірудің орташа жылдамдығы көрсеткіштері қолданылды.
Қашықтықты жүгіріп өткеннен кейін бірден, алғашқы 5 с ішінде жүрек қысқаруларының жиілігін тіркеп отырдық. Жқжн өлшеуді сейсмокардиографтың көмегімен жүзеге асырдық. Бірқатар жағдайларда жқжн өлшеу фонендоскоптың көмегімен кеуде тұсындағы жүрек тондарын тыңдау арқылы жүргізілді (аускультаторлық әдіспен).
PWC170 есептеу мына формула бойынша жүргізілді:
Мұндағы: PWC170 – ЖҚЖ 170 соққы/мин болғандағы жүгіру жылдамдығы (м/с) шамаларында көрсетілген дененің жұмысқа қабілеттілігі;
V1 және V2 – тиісінше 600 және 1000 м жүгірудің орташа уақыты (м/с);
f1 және f2 – бірінші және екінші қашықтықты жүгіріп өткеннен кейін бірден өлшенген жүрек қысқаруларының жиілігі.
Пульсометрлік өлшеулер
Жқжн (немесе пульс жиілігін) өлшеуді зертханалық жағдайларда электрокардиографтың көмегімен (Неб бойынша кеуде тұсында) жүзеге асырдық. PWC170 анықтаған кезде (жүгіру варианты) жқжн қалпына келу кезеңінде сейсмокардиографтың көмегімен, әлде жүрек соғысын кеуде тұсында қадағалау арқылы фонендоскоптың көмегімен тіркеліп отырды (бұдан әрі осы әдіс аускультаторлық тәсіл деп аталатын болады). Бірқатар жағдайларда футбол жаттығуларының физиологиялық күш түсірулерін бағалау үшін пульс жиілігін «Спорт-4» телеметриялық жүйесінің көмегімен тіркеп отырдық.
Дәрігерлік бақылау
Сыналушы спортшыларды дәрігерлік бақылау спорт дәрігерімен бірлесе отырып жүргізілді. Әрбір сыналушы футболшыға медициналық карточка толтырылып, онда дене қасиеттерінің даму көрсеткіштері (салмағы, бойы, кеуде клеткасының шеңбері және т.б.), футболмен айналысу стажы, ЭКГ және өзге де көрсеткіштер тіркеліп отырды.
Медициналық қорытындының негізінде жаттығу тәсілдері мен әдістері, күн тәртібі бойынша ұсыныстар жасап шығарылды.
Математикалық – статистикалық әдістер
Зерттеудің алынған мәліметтерін өңдеу, сондай-ақ мүмкін болатын заңдылықтарды анықтау үшін төмендегілерді есептеп шығара отырып, ақпаратты статистикалық өңдеудің жалпы қабылданған тәсілдері қолданылды:
Х – орташа арифтметикалық шама;
σ – орташа квадраттық ауытқу шамасы;
t – Стьюдент бойынша растық критерийінің шамалары;
τ – корреляция коэффициентінің шамалары.
Статистикалық талдау нәтижелерін бағалаған кезде маңыздылықтың сындарлы деңгейі ретінде P < 0,05 және P<0,01 мүмкіндігі қолданылды, бұл зерттеу нәтижелерінің қажетті дәлдігін қамтамасыз етеді. Сандық материал «Минск-22» ЭЕМ өңделді /83/.
Зерттеулерге 12-13 жасар 120 футболшы қатысты.
Педагогикалық эксперимент үш кезеңге бөлінді. Зерттеулердің бірінші кезеңінде келесі міндеттер шешілді:
- әртүрлі жастағы жас футболшыларда төзімділіктің даму динамикасы мен деңгейін анықтау;
- 12-13 жасар футболшылардың жалпы төзімділігін бағалауға арналған тесттерді жасап шығару және анықтау;
- жаттықтырушы қолданып жүрген, жас футболшылардың төзімділігін тәрбиелеу тәсілдері мен әдістерінің тиімділігін анықтау;
- төзімділікті тәрбиелеудегі жалпы және арнайы дене қасиеттері даярлығының тәсілдерінің ара қатынасы.
2010 жылдың қарашасынан 2011 жылдың мамырына дейін негізгі педагогикалық эксперимент (бұл екінші кезең болатын) жүргізіліп, оған Шымкент қаласының Жоғарғы спорт шеберлігі эксперименттік мектебінің 12-13 жасар жас футболшылары қатысты.
Педагогикалық эксперименттің барысында жас футболшылардың төзімділігін тәрбиелеуге бағытталған тәсілдер мен әдістердің ең тиімдікешені анықталды. Әрқайсысында 15 адамнан болған екі біртекті топ құрылды. Сыналушылардың морфофункционалдық сипаттамалары тіркелді.
Зерттеудің үшінші кезеңінде екінші кезеңде алынған нәтижелердің тиімділігі тексерілді.
Достарыңызбен бөлісу: |